Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Әлеуметтік желідегі бетбұрыс: Неліктен оқырманның аз болғаны жақсы?

Әлеуметтік желідегі бетбұрыс: Неліктен оқырманның аз болғаны жақсы?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әлемді түгел мен көріп, Әлеуметтік желіңдегі парақшаңда оқырман саны неғұрлым көп болса, қоғам алдындағы беделің соғұрлым биік болады. Қазір бұл түсінік те ескіріп барады. Цифрлық кеңістік алгоритмге тәуелді болып, жасанды интеллект ықпалы күшейген сайын оқырман жинаудың пайдасы жоқ екені анықталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

COVID-19 кезеңінде адамдар үйде отырып, экран алдында бұрынғыдан да көп уақыт өткізді. TikTok бір түнде миллиондаған көрермен жинайтын платформаға айналды. Instagram Reels арқылы осы тәсілді қайталады. Алайда уақыт өте келе елдің назары әлсіреді. Қолданушылар нақты тұлғаны іздеуден гөрі, алгоритм ұсынған лентаны қарауды үйренді.

Осы сәттен бастап жазылушылар саны танымалдылықтың көрсеткіші болудан қалды. Америкалық жазушы әрі медиа менеджер Эмили Сандберг бұл құбылысты жаңа әлеуметтік мінез-құлықпен байланыстырады. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерден белгілі бір қашықтық сақтау адамның ішкі еркіндігін аңғартады.

«Мен бес жүзге жетпейтін жазылушысы бар жабық Instagram-парақшаны құрметтеймін. Бұл адамның өзін цифрлық қысымнан қорғап отырғанын көрсетеді», дейді ол.

Сандберг әлеуметтік желілерге тәуелді болмау адамның қаржылық әрі эмоциялық тұрғыдан орнықты екенін білдіретінін айтады. Оның пікірінше, дәл осы қасиет бүгінгі қоғамда жаңа құндылыққа айналып келеді.

Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу енгізілуі мүмкін

Сән мен мәдениет саласының сарапшылары да осы үрдіске назар аударады. Олар фильтрсіз, реттелмеген суреттердің әлдеқайда жағымды, шынайы болатынан айтады.

Шынымен, қазір аудитория жинау үшін ерекше шеберлік те, ұзақ уақыттық еңбек те қажет емес. Жазылушылар саны бұрынғыдай сенім мен беделдің нақты өлшемі саналмайды. Керісінше оқырман саны өте көп аккаунт күмән туғызуы мүмкін.

Бұл өзгерістің тағы бір себебі әлеуметтік желілердің толықтай коммерциялануымен байланысты. Егер 2010 жылдары желілер жеке хобби немесе ермек ретінде қабылданса, қазір жеке аккаунттар жарнама, подкаст, ақылы контент пен серіктестік сауда алаңына айналды.

Онлайн-кездесулер ұйымдастыратын стартаптың негізін қалаушы Саарим Заман бұл үдерісті «транзакциялық ойлау» деп сипаттайды.

«Қазір бәрі бір сәтте сауда алаңына айналып кеткендей. Адамдар жаңалыққа да пайда көзі ретінде қарайды», дейді ол.

Бұл жағдайда шағын бірақ адал аудиторияның қадірі артты. Financial Times дерегінше, дәстүрлі әлеуметтік желілерде өткізілетін уақыт 2022 жылы ең жоғары деңгейге жетіп, содан бері төмендеп келеді. Қолданушылар біртіндеп жекелендірілген платформаларға бет бұрып жатыр. Мұнда автор мен оқырман арасындағы байланыс сенімге негізделген.

Ұжымдық тұзақ: TikTok пен Instagram-нан неге шыға алмай жүрміз?

Жазылушылары аз аккаунттар сондықтан шынайы көрінеді. Олар интернет не көргісі келетінін емес, өзіне жақын дүниені жариялайды. Бірі эстетиканы, енді бірі поэзиялық кештерді немесе шығармашылық үдерістің өзін көрсетеді. Мұндай парақшаларда бес мыңнан аз жазылушы болуы мүмкін, бірақ дәл осы қарапайымдылық сенім тудырады.

Бұрын өзің жазылған адамдар саны саған жазылғандардан көп болса, ол ыңғайсыз саналатын. Қазір бұл белгі өзгерді. Шағын онлайн-аудитория адамның нақты өмірде әлеуметтенгенін аңғартады. Instagram-да әдейі «танымал емес» болу жаңа мәртебе ретінде қабылдана бастады. Бұл – экраннан шығып, өз ықпалын офлайн кеңістікте қалыптастыруға ұмтылыс.

Шәкәрім қажы бір өлеңінде айтпаушы ма еді:

Әлемді түгел мен көріп,
Мені ешкім білмесе.
Мұқтажым, нәпсім жоқ болып,
Зияным жанға тимесе.

Сөйтіп, көзге түспеу әлсіздік емес, саналы таңдау ретінде бағаланып отыр. Көбең жүру – артта қалу емес, артық дабырадан бас тарту. Ал шынайы ықпал цифрда емес, адам мен адам арасындағы тірі байланыста екенін қоғам қайта сезіне бастағандай.

Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Бекназаров: Халық кеңесінің құрылуы Қазақстандағы демократияны нығайтады

Құрылтай • Бүгін, 16:48

Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылды

Оқиға • Бүгін, 16:42

Берік Уәли қысқы Олимпиадаға қатысатын шаңғышыға сәттілік тіледі

Қысқы спорт • Бүгін, 16:32

«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?

Туризм • Бүгін, 16:24

Әлеуметтік желідегі бетбұрыс: Неліктен оқырманның аз болғаны жақсы?

Қоғам • Бүгін, 16:21

Ұлттық банк ескі 10 000 теңгелік банкноталардың қолдану мерзімін ұзартуы мүмкін

Қаржы • Бүгін, 16:15

Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі

Оқиға • Бүгін, 16:05

Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады

Қоғам • Бүгін, 15:52

«Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік»: Батырға арналған энциклопедиялық жинақ жарық көрді

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:40

Атыраулықтар алаяқтардың шотына 1,2 млрд теңге аударған

Аймақтар • Бүгін, 15:38

Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 15:30

Президент: Деструктивті ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту қажет

Президент • Бүгін, 15:19

Енді елімізде шетелдіктердің жүріс-тұрысы қатаң бақыланады

Президент • Бүгін, 15:18

Мемлекет басшысы: Құқық қорғау жүйесін цифрландыру жүйесіз жүргізіліп жатыр

Президент • Бүгін, 15:12

Биыл қыста Алматы тауларында бес адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 15:08

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see146

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see119

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары