Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Таза бейсенбі : Тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады

Таза бейсенбі : Тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында акция аясында «AMANAT» партиясының белсенділері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен жастар қауымы ауқымды санитарлық-тазалық жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында орталық көшелер мен алаңдар тазаланып, қар күреліп, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Махамбет аудандық мәслихатының депутаты Ерлан Қуанышевтің айтуынша, «Таза бейсенбі» – бұл жай ғана тазалық жұмысы емес, азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі.

 «Мұндай бірлескен әрекеттер тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырып, елді мекендердің келбетін жақсартуға ықпал етеді», – деді Ерлан Қуанышев.

Елордада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №115 орта мектепте «Өскіннен фито-сыныпқа дейін» атты экологиялық білім беру жобасы таныстырылды. Жоба жетекшісі Жанна Пактың айтуынша, өсімдіктерді күтіп-баптау балалардың жауапкершілігін арттырып, табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын ерте жастан қалыптастырады. Ал «AMANAT» партиясы Нұра аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Жакупова бұл жоба «Таза Қазақстан» бастамасын жүйелі жүзеге асырудың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға партия филиалдарының қызметкерлері, «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері және коммуналдық қызмет саласының мамандары – барлығы 40-қа жуық адам қатысты. Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қар мен мұздан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Сондай-ақ Қарағанды облысы Балқаш қаласында партия белсенділері мен жастар қауымы жалғыз тұратын қарияға көмек көрсетіп, үй аумағын қардан тазалады. 

«Бұндай бастамалар волонтерлік қозғалыстың дамуына ықпал етіп, ұрпақ сабақтастығы мен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайтады», – деді «AMANAT» партиясы Балқаш қалалық филиалының кеңесшісі Гүлнұр Садықбек.

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Қожақорған ауылында экологиялық акция Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллея мен Кеңес Одағының Батыры Таштемір Рүстемовтің ескерткіш тақтасы аумағында өтті. Іс-шараға партия өкілдері, мәслихат депутаттары, әкімдік қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары және мектеп ұжымы, жалпы саны 60-қа жуық адам қатысты. Жұмыс барысында қоғамдық орын қардан тазартылып, жолдарға құм мен тұз себілді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында «Самарға – 100 жыл» көшесі бойындағы ұзындығы 1,2 шақырым болатын тротуарлар қардан тазартылды. Тазалық жұмысына арнайы техника тартылып, шамамен 10 тонна қар шығарылды.

Алматы облысы Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылында өткен экологиялық акция ауыл стадионы мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш аумағында ұйымдастырылды. Іс-шараға партияның өкілдері, мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» белсенділері, Аналар кеңесінің мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар аумақты қар мен ұсақ қоқыстан тазалап, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді. Нәтижесінде, шамамен 2 тонна қоқыс шығарылды.

Ал Ұлытау облысының Қаражал қаласында белсенділер қарт тұрғындардың үй аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, отын мен көмір тасып көмек көрсетті. Бастауыш партия ұйымының мүшесі Жансая Садуақованың айтуынша, үлкендерге қолғабыс ету тек азаматтық борыш емес, сонымен қатар өзара көмек көрсетуге негіз болатын маңызды адами құндылық.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткізілетін «Таза бейсенбі» акциясы азаматтарды біріктіріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады және тазалық пен тәртіп күнделікті өмірдің бір бөлшегі болуы керектігін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары