Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Таза қанды тазылар іріктелді

Таза қанды тазылар іріктелді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тазы ұстау – аңшылықтың ғана емес, дәстүрлі өмір салтының ажырамас бір бөлігі. Қазақтың өмір салтына тән осы дәстүрді жандандыра отырып, елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі кейінгі жылдары Президент тапсырмасымен қолға алынды. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді. Тазы стандарты бекітіліп, қазіргі кезде ғылыми зерттеу іске аса бастады. Осы мақсатта асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелері тұрақты өтіп келеді.

Былтыр Халықаралық кинология федерациясының бас комитеті қазақ тазысын ресми ит тұқымы деп тану туралы шешім қабылдап, елімізге тұқым стандартын ұстаушы мәртебесін бекітті. Осыған орай алдағы 10 жыл ішінде FCI талабына сәйкес таза қанды тазы тұқымын дамытып, санын сапалы деңгейге көтеру міндеттеліп отыр.

Алматыда қазақы тазы тұ­қымының сақталуы мен дамуына үлес қосу мақсатында өткен дәстүрлі «Қазақы тазы» моно тұқымды көрмесі мен «Қазақстан кинологтер одағының кубогіне» еліміз өңірлерінен 60-тан астам тазы, тазы иелері мен ит өсіру­шілері қатысты.

Осыдан 2 жыл бұрын Қазақ­стан кинологтері одағы Халық­аралық кинологиялық феде­ра­цияның барлық талабын орындап, оның толыққанды мү­шелігіне қабылданған бола­­тын. Бұл одаққа ұлттық ит тұ­қым­дарын жариялау құқы­ғын бере­ді. Қазақстан кинолог­тер одағы­ның төрағасы Бауыржан Серік­қалидің айтуынша, дәстүрлі іс-шаралар еліміз өңірлерінде түр­лі ұйым тарапынан тұрақты өтіп келеді.

«Қазақы тазы – еліміздің мәдени мұрасы ретінде таныл­ған ерекше тұқым. Көрме – қаза­қы тазының сән-салтанатын көру мақсатында ғана емес, қазақы тазының асыл тұқым­ды жұмысын дамыту мен оны кеңінен насихаттаудағы маңыз­ды қадам. Сонымен қатар кинологиялық білім деңгейін арттыру мен елімізде ит асырау­ды жауапты деңгейде көтеру­ді мақсат етеді. Қазақ даласы тазы­ның табиғи мекені саналған­дық­тан да болар, бүгінде тазы­ның стандартына қатысты дерек­терді еліміздегі сарапшылар ғана кәсіби деңгейде танып айта алады», дейді Б.Серікқали.

Одаққа қазіргі кезде шамамен 35 өңірлік клуб кіреді. Бауыр­жан Серікқали атап өткендей, тазы тұқымы еліміздің барлық өңі­рінде өсіріледі. Мақсат – осы тазыларды стандартқа сай іріктеп, әрі қарай тұқымдық сипатын анықтап, көбейту. Бүгінде одақтың кітабында 3 500 тазы тіркелген.

Ұлттық төреші Айбол Алпыс­баев­тың айтуынша, көрме таза қанды тазыларды іріктеуді көз­дейді. Атап өткендей, тазы өсіру­шілер алдында FCI талабына сәйкес таза қанды тазы тұқымын дамытып, санын сапалы деңгейге көтеру міндеті тұр. Ендігі кезекте тазы ит тұқымының генетика­лық құрылымын зерттеп, іріктел­ген тазылар құжаттандырылып, оларды дамыту бағытындағы жұмыс жалғасатын болады. ҚКО Кубогіне қатысқан қазақы тазы иелері ұлттық титулдарға қол жеткізіп, тұқым сапасын ішкі, аралас тұқымдық бәсекелер­де салыстыруға мүмкіндік алып отыр.

Дала итінің болмысын жете танып, атасынан дәстүр дарыған әуесқой тазытанушылар Мұрат Жанпейісов, Қанат Айдарұлы, Елдос Майлыбаев кейінгі жылдарда одақ тарапынан іске асып жатқан жобалардың маңызды екенін атап өтті. Тазының таза болмысын, тектік геноқорын сақтап қалу бағытында жүйелі жұмыс қолға алына бастады. Дегенмен дала итінің бар болмысын бойына сіңірген тазы тұқымының тектілігін сақтап қалуда одақпен бірлескен жобалар аса қажет.

Елдос Майлыбаевтың айтуынша, қандай да бір жарыстарда қазылар құрамы тазының жай-күйіне қанығып өскен мамандармен толығуға тиіс. Тазының тұқымы, дене бітімі, мінез-құлқы, осы ит тұқымының өзіне ғана тән ерекшелігін кәсіби тазытанушылар ғана тани алады. Сондай-ақ дала итінің болмысын тануда ғалымдармен бірлескен жобалар іске асса игі. Айталық, бүгін­де құжаты бекітілген сайлюки сияқ­ты ит тұқымдарымен араласып кеткен тазылардан қауіп бар. Егер де бұл үрдіс жалғаса бере­тін болса, онда таза тазы тұ­қы­мын сақтап қалу, патенттеу аса қиынға түседі. Бұған қоса ха­лықаралық жарыстарға «Қазақ тазысы» деген атауды енгізу ­тазыны әлем­дік деңгейде таны­ту­ға мүмкіндік береді.

Көрме барысында тазының тұқымдық сапасын жан-жақты бағалауға бағытталған салыстырмалы рингтер ұйымдастырылды. Рингтерде күшік тобынан бастап ересек иттерге дейінгі барлық санаттағы иттер сарапшылар сұрыптауынан өтті. Сараптаманы аңшылық тұымдарды, сондай-ақ абориген тұқымдарын бағалауда мол тәжірибеге ие мамандар – ұлттық, халықаралық санаттағы төрешілер жүргізді. Іріктел­ген иттер арнайы кубоктер мен сыйлықтарға ие болды. Тазылар туралы деректер қазылар мүше­лері-сарапшылардың кітабына тір­келіп, олардың бойы, дене біті­мі, қимылына қатысты мәлі­мет­тер жазылып алынды. Кубок аясын­да кинология саласының са­рапшылары мен әуесқойлар тәжі­рибе алмасып, ит күтімі, тұ­қы­мын дамыту бағытында пікір­лесті.

АЛМАТЫ 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 08:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары