Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Тегіс жолда да тосқауыл бар

Тегіс жолда да тосқауыл бар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жолды салу мен оның техникалық көрсеткіштері – мемлекеттің экономи­ка­­­лық жетістігі. Ал жолды күтіп-баптау – жол пайдаланушылардың сұра­­нысы мен талабы. Ресми дерекке сүйенсек, жол апат­та­рының 97 пайызы жүргізушінің кінәсінен деп көрсетіледі. Ал жол жағ­дай­ла­­ры мен техникалық ақаулардың үлесі 2,5 пен 3 пайыз шамасында көрінеді.

Елімізде жол қозғалысы қауіпсіздігі көбіне жылдамдықты шектеу мен айыппұлды күшейтуге қатысты ғана айтылады. Ал жолдың жобалану жай-күйі, техникалық жағдайы соның көлеңкесінде қалып қояды. Бірде-бір жүргізуші жолға шыққанда әдейі апатқа түсемін деп ойламайды. Әр адам көлікке отырған кезде іштей аман жетсем екен деп тілейді. Сондықтан апаттың себебін адам факторымен ғана шектеу ғылыми тұрғыда да, өмірлік тәжірибе тұрғысынан да дұрыс емес.

Елімізде 2000 жылдан бастап бірінші техникалық санатты жолдар салына бастады. «СТ 1412 2017» стандарты бойынша мұндай жолдардағы есептік жылдамдық – 110 км/сағ. «Астана – Шортанды» және «Алматы – Қапшағай» автожолдарында есептік жылдамдық 140 км/сағ. Астана мен Алматы қалаларындағы магистралдық көшелерде 80 км/сағ. 2024 жылдан бас­тап осы межелерді асырғаны үшін айыппұл көлемі айтарлықтай өсті. 10 мен 20 км/сағ асса, 5 АЕК немесе 20 мен 40 км/сағ асса, 10 АЕК. Осылай көбейіп кете береді.

Бізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жылдамдықты төмендету мен айыппұлды көбейту алдыңғы орынға шықты. Ал жолдың инженерлік шешім­дері, жобалау сапасы мен күтіп-баптау мәселесі екінші қатарда қалып отыр.

«Алматы – Өскемен» автожолын мысалға алайық. 2016 жылы Алматыдан Талдықорғанға дейінгі 265 км жол пайдалануға берілді. Кейін бұл жол Өскеменге дейін толық аяқталды. Алайда Талдықорғанға дейінгі бөлікте 17 жаяу жүргінші өткелі жолдың үстімен салынған. Бұл автоматты түрде жылдамдықты 110 км/сағ емес, 60 км/сағ деңгейіне түсіреді. Бұған қоса, жолдың бір бөлігі таулы жоталы аймақтан өтеді. Бұл жерлерде де жылдамдық 60 км/сағ. Сонымен қатар жол 6 елді мекеннің ішінен өтеді. Ол аралықтарда да шектеу бар. Әр бұрылыс сайын жылдамдық тағы төмендейді.

Осындай жағдайда бұл жолды жүрдек жол деу қиын. Мемлекеттік стандартта «жаяу жүргінші өткелі жолдың астымен өтуі керек» деп нақты жазылған. Егер жобалау кезінде осы талап орындалған болса, кейін жылдамдықты қолдан төмендетуге мәжбүр болмас едік.

Бұл мәселелерді шешуге болады. Жаяу жүргінші өткелдерін жолдың астына түсіру қажет. Елді мекендерден өтетін бөліктерді негізгі жолдан оқшаулау керек. Мысалы, Қонаев қаласынан өтетін жолдың ұзындығы – шамамен 11 км. Мұндай учаскені айналма жол арқылы өткізу ешқандай техникалық қиындық тудырмайды. Қонаев, Шеңгелді, Айнабұлақ, Балпық би, Бақтыбай елді мекендері мен Талдықорғанға кіреберіс және айналма жолдардағы өткелдерді дұрыс шешу арқылы қозғалысты үздіксіз етуге болады. Өкінішке қарай, бұл шешімдер жобалау кезінде ескерілмеген.

«Алматы – Өскемен» автожолы халықаралық дәліз мәртебесіне ие болмағаны да ойландырады. Бұл жол арқылы Қорғас, Достық, Бақты, Майқапшағай шекара бекеттеріне халықаралық сауда тасымалы жүріп жатыр. Ресей мен Моңғолияға шығатын бағыт осы жолмен өтеді. Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының ішкі сауда айналымына тікелей әсер етеді. Балқаш, Алакөл, Катонқарағай, Марқакөл, Зайсан сияқты демалыс аймақтарын байланыстырады. Жалпы, 4 млн-ға жуық халық осы жолды тұрақты пайдаланады. Мұндай салмағы бар жолдың халықаралық деңгейде бағаланбай жатқаны өкінішті.

Қысқы жол жағдайы апат қаупін бірнеше есе арттырады. Мысалы, былтыр «Астана – Петропавл» автожолында бір мезгілде 95 автомобиль апатқа түсті. Бұл жерді өз көзіммен көріп, себептерін ғылыми тұрғыда талдадым. Жолдың ортасы тазаланған. Ал шеткі жолақта тапталған қар қалған. Тапталған қардың ілініс коэффициенті 0,1 пен 0,16. Ал толық тазаланған асфальтта 0,50 пен 0,55. Айырмашылық – 3,2 пен 3,9 есе. Мұндай жағдайда тежегішті басқан кезде көліктің бір дөңгелегі бір бетпен, екіншісі басқа бетпен сырғиды. Салдарынан автомобиль өз осінде айналып кетеді. Сондықтан мұндай апатты толықтай жүргізушінің кінәсі деу әділетсіз.

Қала жолдарындағы жағдай да алаңдатады. 2024 жылғы дерек бойынша Алматыда – 717 мың, Астанада –
456 мың, Шымкентте 270 мың автомобиль тіркелген. Халық саны да өсіп келеді. Бірақ инфрақұрылым сол өсімге сай жаңармай отыр. Қала ішінде бағдаршам тым көп. Жаяу жүргінші мен көлік бір деңгейде қозғалады. Ал дамыған елдерде жаяу жүргіншілерді жолдың астымен өткізу арқылы көлік қозғалысын жеңілдеткен. Егер жаяу жүргінші мен көлікті ажыратсақ, қаладағы қозғалыс тығыздығы 1,5 пен 2,5 есеге төмендер еді.

Әбді ҚИЯЛБАЕВ,

техника ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары