Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

Тазару үшін Меккеге бардым . Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің кісі өлтіргеннен кейінгі бағыты ашылды

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

Сауд Арабиясы Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

Қазақстанда конверттегі жалақы мәселесін шешуге бағытталған цифрлық жүйелер енгізіледі

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы сот залында қамауға алынды

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында

Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Олжас Бектенов ел Президенті еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтудың кілті саналатын теміржол саласы мен инфра­құрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы еліміздің теміржол желілерін барынша дамыту айрықша маңызды міндет екенін айтты. Жаңа теміржол желілерін салу, вагондар мен локомотив паркін жаңарту, қолданыстағы жолдарды жаңарту, вокзалдарды реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің тікелей тапсырмасында биыл  бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаны аяқтау жоспарланып отыр», дейді Үкімет басшысы.

Биыл аяқталатын жобалар қатарында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» жолдары бар. Премьер-ми­нистр­дің тапсырмасы ая­сында аталған желілерде қозға­лыс қараша айында іске қосылады. Бұл транзиттік тасымал көлемін биыл 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Үкімет жүзеге асырылып жатқан жобалармен ғана шектелмей, теміржол инфрақұрылымын дамытудың келесі кезеңін дайындауға кіріседі. Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компания­сы келе­шегі зор инфрақұрылымдық бар­лық жобада қаржыландыру көз­­дерін айқындай отырып, тех­ни­калық құжаттама әзірлеуге тиіс.

Сондай-ақ мемлекетаралық өткізу пункттері тораптарын кеңейту экспорттық, транзиттік бағыттағы жүк тасымалын арттырады. Осыған байланыс­ты Үкімет бас­шысы көршілес елдердің темір­жол әкімшіліктерімен бір­лес­кен шешімдер әзірлеуде тұрақ­ты жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар теміржол вокзалдарын жаңарту мен реконструкциялау жұмысын уақтылы аяқтау мәселесі қаралды. Премьер-министрдің тапсырмасында әкімдер нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылап, бекітілген кесте мен жұмыс сапасын қамтамасыз етуі керек.

Туындаған мәселелер бірден шешімін табуға тиіс. Қайта жаңар­тылған 30 вокзал 1 шіл­деге қарай алғашқы жолау­шы­ларды қабылдауын қамтама­сыз етіп, Астана, Алматы және Түркі­станның тарихи вокзалдарындағы реставрациялаудан басқа, қалған вокзалдарда жұмысты 1 қазанға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, кейінгі 5 жылда вагон паркін жаңартуға бағытталған бағдарламалар аясында салаға тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай артқан. Соның нәтиже­сінде әлемдік теміржол техникасы нарығын­дағы жетекші компаниялар елімізде өндіріс орындарын аша бастады.

«Отандық машина жасау саласының басым бағыттарының бірі – теміржол машина жасау секторы. Бүгінде сектордың машина жасаудағы үлесі 13%-ды құрап отыр. Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылдың қорытындысында өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті. Жалпы, кейінгі бес жылда вагон паркін жаңартуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде салада инвестицияның өсуі байқалады. Соның нәтижесінде «Wabtec», «Alstom» және «Stadler» секілді жетекші әлемдік компаниялар елімізде де өз өндірістерін орналастырып жатыр. Өнімнің жекелеген түрлерінде локализация деңгейі 35–40%-ға жетті», деді министр.

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Кеңесте жылжымалы құрам­ды жаңарту мәселесіне де ерекше назар аударылды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің айтуын­ша, жүргізілген жаңарту жұмы­сы локомотив тапшылығын жоюға әрі жолаушылар вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік берген. Кейінгі үш жылда 433 локомотив сатып алынған. Соның нәтижесінде еліміздегі сүйреу құрам тапшылығы мәселесі толық шешіліп, магистралдық локомотивтердің орташа тозуы 66 па­йыздан 58 пайызға дейін төмендеген. Ал жолаушылар секторында бес жыл ішінде вагондардың тозу деңгейі 46 пайыздан 36 пайызға дейін қысқарған.

 «Біз жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңартуды жалғастырып келеміз. 2030 жылға дейін тағы 754 локомотив сатып алу жоспарланған, олардың қатарына жүк, жолаушы және маневрлік локомотивтер кіреді. Қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты істен шығатын құрамды ескере отырып, шамамен 20 мың жаңа жүк вагоны сатып алынады. Сонымен қатар алдағы жылдары 746 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан барлық шара теміржол тасымалдарының қауіпсіздігі мен сенімділігін түбегейлі арттыруға мүмкіндік береді», деді басқарма төрағасы.

Кеңес қорытындысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен жауапты ұйымдарға бірқатар нақты міндет жүктеді. Ең алдымен теміржол инфрақұрылымын дамыту мен вагон, локомотив паркін жаңарту жалғасады. Үкімет басшысы халықаралық жүк ағындарын ел аумағына тарту үшін терминал желісін кеңейтудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына 2027 жылғы  1 шілдеге дейін Астана қаласында, сондай-ақ Әзербайжандағы Алят, Беларусьтегі Свислочь және Ресейдегі Селятино қала­ларында салынып жатқан терминалдарды іске қосуды аяқтау тапсырылды. Соны­мен қатар Будапешт, Чэнду және Конс­танца қалаларындағы жаңа терминал жоба­ларын жүзеге асыру басталуға тиіс.

Премьер-министр жолаушылардан вагондардың жай-күйіне қатысты түсіп жатқан шағымдарға да назар аудар­ды. Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен және «Stadler» компания­сымен бірлесіп, қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, жаңа жолаушылар вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелді. Жыл соңына дейін теміржол саласына 215 жаңа локомотив пен шамамен 1,5 мың жүк және жолаушылар вагоны жеткізіледі. Бұдан бөлек, 1 қыркүйекке дейін отандық кәсіпорындарда өндірілетін 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алуды көздейтін бесжылдық бағдарлама бекітіледі.

Көлік министрі Нұрлан Сауран­баев теміржол саласының ел экономи­касындағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі жалпы жүк айналымының 57 пайызы теміржол көлігі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар сала көлік кешенінің жалпы өнімінің үштен бірін қамтамасыз етіп отыр. Министрдің мәліметінше, қазір жүк вагондары нарығы толықтай бәсекелестік ортада жұмыс істейді. Елдегі вагон паркінде шамамен 147 мың вагон бар, олардың басым бөлігі жеке операторлардың иелігінде.

«Инфрақұрылымды одан әрі дамыту өнеркәсіптің өсуіне, экспорт көлемінің ұлғаюына әрі мемлекеттің транзиттік әлеуетінің нығаюына тікелей әсер етеді. Теміржол саласында біз үш негізгі бағытты бөліп қарастырамыз, олар – локомотивтер паркі, вагондар паркі және магистралдық желі. Мұндағы жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр, ал басты мақсат – өткізу қабілетін арттыру және тасымалдауға болашақ сұранысты қамтамасыз ету. 2014–2019 жылдар аралығында сүйрегіш жылжымалы құрамды сатып алу көлемінің төмен болуына байланысты локомотив тапшылығы қалыптасқан. Бұл мәселені шешу мақсатында кейінгі жылдары ауқымды жаңарту бағдарламасы қолға алынған. Бүгінде отандық өндірістің жаңа локомотивтерін пайдалануға беру жалғасып жатыр. Үдеріс 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қазір жаңартылған парк тасымалдау саласының сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр», деп атап өтті министр.

Кеңесте теміржол саласын цифр­ландыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бүгінде әлемнің жетек­ші елдері жасанды интеллект мүмкіндіктерін пойыз қозғалысын жоспарлауға, тасы­мал тиімділігін арттыруға әрі кідіріс­терді азайтуға кеңінен қолданып келеді. Осыған байланысты Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, жыл соңына дейін көлік-логистика тізбегін нақты уақыт режімінде басқаруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық деректер базасын құру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

 Сондай-ақ министрлікке теміржол көлігіндегі қызмет сапасын жақсарту, транзиттік тасымал көлемін ұлғайту және экспорт­тық жүк ағындарын арттыру б­ағытындағы жұмысты күшей­ту жүктелді. Үкімет басшысы салаға қатысты барлық шешім ел экономикасының ұзақмер­зімді сұранысын ескере отырып қабылдануы қажет екенін айтты. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 07:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

15 Маусым 2026 10:49see125

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

15 Маусым 2026 16:24see122

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

15 Маусым 2026 15:44see119

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

15 Маусым 2026 11:16see118

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

15 Маусым 2026 08:58see116

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

15 Маусым 2026 18:30see115

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

15 Маусым 2026 21:21see114

Тазару үшін Меккеге бардым . Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің кісі өлтіргеннен кейінгі бағыты ашылды

16 Маусым 2026 14:48see112

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

15 Маусым 2026 18:34see112

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

15 Маусым 2026 14:06see112

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

15 Маусым 2026 15:09see112

Сауд Арабиясы Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды

16 Маусым 2026 07:40see111

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

16 Маусым 2026 20:58see110

Қазақстанда конверттегі жалақы мәселесін шешуге бағытталған цифрлық жүйелер енгізіледі

15 Маусым 2026 15:53see110

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

16 Маусым 2026 17:48see109

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

15 Маусым 2026 19:41see109

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы сот залында қамауға алынды

15 Маусым 2026 15:31see109

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

15 Маусым 2026 09:35see108

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

16 Маусым 2026 10:37see108

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

16 Маусым 2026 16:03see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары