Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2019–2025 жылдар аралығында елімізде теміржол инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жеті жыл ішінде барлығы 9436 шақырым теміржол әртүрлі жөндеу жұмысымен қамтылды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін едәуір жақсартып, магистралдардың өткізу қабілетін арттырып, көлік саласының жұмысын сапаландыра түсті.

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Жұмыс­тың ауқымды көлемі 3593 ша­қырым жолды жаңа­лаған күрделі жөндеу жұмысына арналды. Аталған жөндеу жұ­мыс­тары инфрақұрылымды кешен­ді қалпына келтіруді, соның ішінде рельстерді, шпалдарды, бас­қа да жол қондырмасының элемент­терін ауыстыруды қамтыды.

Сондай-ақ 1560 шақырым теміржол желісіндегі құрамдас бөліктерді жөндеу аяқталды. Бұл жұмыс тозған жол тетіктерін ауыстыруға, инфрақұрылымның техникалық жағдайын қажетті деңгейде ұстауға бағытталды.

Ауқымды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмысы 4284 шақырым жолды қамтыды. Бұл жұмыс жолдың мерзімінен бұрын тозудың алдын алу мен пойыздардың кедергісіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Қолданыстағы инфрақұ­ры­лымды жаңғыртумен қатар, жаңа теміржол желілерін салу жобалары белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. 2019–2025 жылдар аралығында елімізде 911 шақырым жаңа теміржол желісі салынды.

Ең маңызды инфрақұрылымдық жобалардың ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін дамытудың басым бағыттарының бірі, Қазақстан мен халықаралық көлік дәліздері арасындағы жүк ағынын арттыруда маңызды рөл атқаратын, ұзындығы 836 шақырымды құрайтын Достық – Мойынты учаскесінің құрылысын атап өтуге болады.

Сонымен қатар ұзындығы 75 шақырымға жететін Алматы стан­сасының айналма теміржол желісінің жобасы аяқталды. Бұл желі Алматы көлік торабындағы кептелістерді жеңілдетіп, тасымалдау тиімділігін арттырып, еліміздің оңтүстік өңі­ріндегі жүк пойыздарының қозға­лысын оңтайландырды.

Бұл жобаларды жүзеге асыру қазақстандық теміржол желісін дамытудың маңызды кезеңіне айналды және Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хабтардың бірі ретінде еліміздің рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Бүгінде бұл салаға цифрлық жүйе­лер де кеңінен енгізіліп, заманға сай жаңарып келеді. Айталық, жақында теміржол желісінің ақауларын алдын ала болжап, жөндеу жұмыстарын жоспарлауды екі есеге жеделдететін «Смарт-диагностика» жүйесі іске қосылды. Бұл цифрлық жүйе 22 мың шақырым теміржолды қамтып отыр. Бұған қоса, 3 мың шақырым магистралды жеті бағыт бойынша өткізу қабілетін күшейтетін автоматтандыру жүйелері енгізіліп жатыр. Вагон паркін оңтайлы басқаруға арналған бірыңғай цифрлық платформа қаржыны жылына 2 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берсе,  «Wabtec» компаниясының Kinetix инновациялық жүйесі вагондарды қозғалыс кезінде тоқтаусыз әрі әлдеқайда дәл диагностикалауға жағдай жасайды.

Жолаушылар тасымалы саласында да айтарлықтай серпін байқалады. Өткен жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметін 13 млн-нан астам адам пайдаланған. Кейінгі он жылда вагон паркінің 60 пайызы жаңарып, 2030 жылға қарай олардың орташа жасы 10 жылға дейін қысқармақшы. Мұның барлығы көрсетілетін қызмет сапасына деген сенімді арттыра түсуде.

Сондай-ақ терминалдық инфра­құрылымды дамытуға да назар аударылып отыр. Достық станса­сын­дағы жүк терминалы қайта жаң­ғырып, Алтынкөл стансасын­дағы контейнерлік терминал кеңейтіл­мекші. Мұнда пойыздар қозғалысын тәулік бойы басқаруға мүмкіндік беретін диспетчерлік тетік бір орталыққа шоғырланған.

Шекара аумағындағы Алтынкөл стансасының әлеуеті де артып келеді. Президенттің V Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмасына сәйкес «Ал­тынкөл – Жетіген» теміржол желісінің жаңғыртылуы нәтижесінде стансаның өткізу қабілеті тәулігіне 33 жұп пойызға дейін жетпекші. Былтыр мұнда алты экспорттық парк іске қосылып, тәуліктік өткізу көлемі 20-дан 30 жұпқа дейін өсті. Станса басшысы Данияр Нұрқасымовтың айтуынша, сұрыптау дөңесінің құрылуы мен жаңа жолдардың салынуы опера­циялық тиімділікті едәуір арттырады.

Теміржол инфрақұрылымы мегаполистер деңгейінде де жаңғыртылып жатыр. Шымкент қаласында көлік желісін жақсарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Жуырда Момынов көшесіндегі теміржол өткелі техникалық тұрғыда ашылып, бұрын кептелістен көз ашпаған учаскеде қозғалыс еркіндігі пайда болды. Ұзындығы 132 метр жаңа өткел Сайрам ауданы мен қала орталығы арасындағы тасымалды жеңілдетіп, жол жүрісін жылдамдатады. Көпір құрылысы толық аяқталған соң нысанға 50 жылдық кепілдік беріледі.

Жүк тасымалы сапасы да өңірлік стансалардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл ретте Атыраудағы Ақжайық стансасының өткен жылғы көрсеткіштері назар аударарлық. 7 қабылдап-жөнелту, 3 тұрақтау жолы бар станса жыл бойы 21 779 пойыз қабылдап, 51 634 вагон өңдеген. Вагон айналымы 138,2 пайызға орындалып, тәуліктік жүк тиеу жоспары 3 вагон болса, нақты көлем 64 вагонға жеткен. Тоннамен есептегенде тәуліктік тасымал 38 916 тоннаны құрап, жоспар 107 пайызға орындалды. Мұнай секторындағы ірі кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен жол құрылысына қажетті материалдарды тасымалдау көлемді ұлғайтқан.

Ақжайық стансасына қарасты 60-қа жуық кірме жолдың 50-і белсенді қолданыста. Бұл жүк түсіру логистикасын өңірлік деңгейде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда тек мұнай өнімдері ғана емес, бензин, мазут, реактивті отын, сондай-ақ ауыл шаруашылығына қажетті дизель отыны да тасымалданады.

Соңғы жаңалықтар

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Қылмыс • Бүгін, 09:00

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері

Тарих • Бүгін, 08:50

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Экономика • Бүгін, 08:45

Алаяқтар айласы таусылар емес

Қылмыс • Бүгін, 08:43

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Сталкингке жол жоқ

Құқық • Бүгін, 08:37

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

Жымпитыдағы тағылымды жиын

Қоғам • Бүгін, 08:32

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Білімді бақылау жүйесінде алға озды

Білім • Бүгін, 08:20

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Үкімет • Бүгін, 08:17

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:221
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 09:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары