Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мерзімді әскери қызметшілерге 1 000 нан астам білім беру гранты бөлінді

Қазақмыс ​ ​Жезқазғанда 3 мың адамға арналған мешіт ​салып берді

Қос жүлде еншіледі

Әзербайжанда Қазақтың дәстүрлі мәдениеті көрмесі ашылды

Байлықтың бәсі, салықтың салмағы бар

Алаштанушы Global Elm Award сыйлығын алды

Арал Каспий магистралі: Сырда басталған стратегиялық жоба

“Барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз“ деді Тоқаев жемқорлықпен күрес туралы

Шоқанның ауылынан шыққан академик

Ұлттық валюта күні: Ұлттық ұланның қаржы қызметі бірыңғай жүйеге көшті

Қытай Тайвань маңына 100 ден астам әскери кеме шығарды

Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді

Ағзада алкоголь өздігінен түзілетін синдром болса, көлік жүргізуге рұқсат беріле ме?

Қазақстандық әйел ЖСН ін ашық дереккөзден тапты: коммерциялық сайттар жеке мәліметтерді жариялай ала ма?

АҚШ Украинаға Донбастан бас тартудың орнына НАТО ға мүше болуды ұсынған Зеленский

Блогер Елдос Колобоктың он жыл күткен баласының тұсауын Қайрат Нұртас кесті (видео)

Софья Самоделкина АҚШ Гран при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

Бас прокуратура жеке деректерді бақылайтын ақпараттық қауіпсіздік комитетін тексеріп жатыр

Шетелде жүріп радикалды идея таратқан күдікті Алматыда ұсталды

Мессидің орны білініп қалды . Аргентина құрамасы Уругвайдан ұтылды

Теңдік пен диалог: Варшавада Қазақстанның діни сенім бостандығына қатысты ұстанымы айтылды

Теңдік пен диалог: Варшавада Қазақстанның діни сенім бостандығына қатысты ұстанымы айтылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда зайырлылық түрлі дін өкілдерінің теңдігін қамтамасыз ету және конфессияаралық диалогты дамыту негізі ретінде қарастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстанның мемлекет, діни бірлестіктер және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесін Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі конференциясының үшінші сессиясында сарапшы Дмитрий Полтаренко таныстырды.

Оның айтуынша, дінді мемлекеттен бөлу қағидаты Қазақстан Конституциясында жеке норма ретінде бекітілген. Бұл ретте мемлекеттің зайырлы сипаты дінге қарсы болуды немесе оның қоғамдық өмірдегі орнын шектеуді білдірмейді.

«Зайырлылық – атеизмді насихаттау емес. Зайырлылық – әр адамның еркіндігін дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заң талаптарын сақтай отырып жұмыс істейтін әрбір діни ұйымның дамуына мүмкіндік беру», – деп атап өтті Дмитрий Полтаренко.

Ол зайырлылық азаматтар мен діни конфессиялардың теңдігін, сондай-ақ мемлекеттің дүниетанымдық бейтараптығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Мемлекеттің міндеті – ар-ождан бостандығына кепілдік беру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Сарапшының айтуынша, қандай да бір идеология, оның ішінде діни немесе дінге қатысы жоқ идеология да, зорлық-зомбылықты немесе басқа адамның құқықтарын бұзуды ақтауға негіз бола алмайды.

Дмитрий Полтаренко көпэтносты әрі көпконфессиялы Қазақстанда зайырлылық қағидаты түрлі діни көзқарастағы азаматтардың бір қоғамда өмір сүруіне негіз болатынын атап өтті.

Негізгі қағидаттардың бірі – азаматтардың діни ұстанымына қарамастан заң алдында тең болуы. Білім беру, мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау және әскери қызмет салаларында баршаға ортақ талаптар қолданылады.

Сонымен қатар сарапшы діни сенім бостандығын шектеу негізсіз болмауы керек екенін айтты. Оның сөзінше, адамның белгілі бір дінді ұстану құқығы мен өз сенімін қоғамда білдіру әрекетін ажырата білу қажет.

«Қоғам шектеулерді белгілеуге құқылы. Оны жекелеген топ емес, қоғамның өзі айқындайды», – деп атап өтті ол.

Бұл ретте ар-ождан бостандығы мен азаматтардың құқықтарын сақтай отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.

Полтаренко азаматтық қоғамның рөліне де тоқталды. Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар мемлекет, діни бірлестіктер мен қоғам арасындағы диалогты дамытуға, сондай-ақ маңызды әрі сезімтал мәселелер бойынша ортақ шешімдер табуға ықпал етеді.

Ол мысал ретінде 2021 жылдан бері Қарағанды және Ұлытау облыстарында жұмыс істеп келе жатқан Діни бірлестіктер клубтарын атап өтті. Клуб жұмысына өңірдегі негізгі конфессиялардың өкілдері қатысады.

Клубтардың мақсаты – діни ілімдерді бір арнаға тоғыстыру емес, мемлекет, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері арасында тұрақты әрі ашық диалог орнату.

Сарапшының айтуынша, мұндай кездесулер қоғам үшін маңызды әрі сезімтал мәселелерді ашық талқылауға және пікір қайшылығын ушықтырмай, ортақ шешім іздеуге мүмкіндік береді.

Клубтар жұмыс істеп бастағаннан бері 100-ден астам бірлескен іс-шара өткізілген. Кездесулер барысында діни саладағы заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар да айтылған. Олардың кейбірі кейін заңнамаға енгізілген өзгерістерде де көрініс тапты.

Сонымен қатар Дмитрий Полтаренко әлемде діни радикалдану қаупінің күшейіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе Қазақстан үшін де өзекті.

Сарапшы дін атын жамылған радикалды көзқарастардың қоғамға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай түсініктер адамды мемлекет пен қоғамға қарсы қоюға, зайырлы заңнаманы мойындамауға алып келуі мүмкін. Әсіресе жастардың осалдығын пайдаланатын жағдайларға назар аудару қажет.

Осы ретте діни сенім бостандығы мен қоғамда бәріне ортақ заң талаптарының ара-жігін нақты ажырату маңызды. Полтаренконың пікірінше, бұл бағыттағы шаралар азаматтарды дініне немесе дүниетанымына байланысты кемсітуге жол бермеуге тиіс.

«Жетілген зайырлылық – қоғамның адам өмір сүретін шеңбер мен шекараны белгілейтін, ал адамның өзге адамдардың бостандығын құрметтей отырып, діни еркіндігін жүзеге асыратын демократиялық қағидаттар», – деп атап өтті Дмитрий Полтаренко.

Оның бағалауынша, Қазақстанда дәл осындай тәсіл қалыптасқан. Яғни зайырлылық қағидаты ар-ождан бостандығын, азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы диалогты дамытуға мүмкіндік береді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мерзімді әскери қызметшілерге 1 000 нан астам білім беру гранты бөлінді

15 Қараша 2026 01:40see131

Қазақмыс ​ ​Жезқазғанда 3 мың адамға арналған мешіт ​салып берді

15 Қараша 2026 02:55see126

Қос жүлде еншіледі

15 Қараша 2026 01:34see125

Әзербайжанда Қазақтың дәстүрлі мәдениеті көрмесі ашылды

15 Қараша 2026 01:39see125

Байлықтың бәсі, салықтың салмағы бар

15 Қараша 2026 01:41see125

Алаштанушы Global Elm Award сыйлығын алды

15 Қараша 2026 01:35see124

Арал Каспий магистралі: Сырда басталған стратегиялық жоба

15 Қараша 2026 01:40see123

“Барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз“ деді Тоқаев жемқорлықпен күрес туралы

15 Қараша 2026 01:19see123

Шоқанның ауылынан шыққан академик

15 Қараша 2026 01:41see123

Ұлттық валюта күні: Ұлттық ұланның қаржы қызметі бірыңғай жүйеге көшті

15 Қараша 2026 01:36see122

Қытай Тайвань маңына 100 ден астам әскери кеме шығарды

15 Қараша 2026 01:40see122

Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді

15 Қараша 2026 01:34see122

Ағзада алкоголь өздігінен түзілетін синдром болса, көлік жүргізуге рұқсат беріле ме?

15 Қараша 2026 01:21see122

Қазақстандық әйел ЖСН ін ашық дереккөзден тапты: коммерциялық сайттар жеке мәліметтерді жариялай ала ма?

15 Қараша 2026 01:16see120

АҚШ Украинаға Донбастан бас тартудың орнына НАТО ға мүше болуды ұсынған Зеленский

15 Қараша 2026 01:37see120

Блогер Елдос Колобоктың он жыл күткен баласының тұсауын Қайрат Нұртас кесті (видео)

15 Қараша 2026 01:41see119

Софья Самоделкина АҚШ Гран при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

15 Қараша 2026 09:06see119

Бас прокуратура жеке деректерді бақылайтын ақпараттық қауіпсіздік комитетін тексеріп жатыр

15 Қараша 2026 01:26see119

Шетелде жүріп радикалды идея таратқан күдікті Алматыда ұсталды

15 Қараша 2026 01:27see118

Мессидің орны білініп қалды . Аргентина құрамасы Уругвайдан ұтылды

15 Қараша 2026 01:24see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары