Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Тереңкөл ауданының тұрғындары жаңа Конституция жобасымен танысты

Тереңкөл ауданының тұрғындары жаңа Конституция жобасымен танысты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері сапармен барып, бірқатар кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушылар заң формулировкасынан гөрі жаңа Конституцияның адамдар өміріне қалай әсер ететініне мән берді. Әсіресе жалақы деңгейі, еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және ауылдық аймақтардың жаңғыруы басты тақырып болды. 

Әлеуметтік-экономикалық даму, жергілікті өзін-өзі басқару және ауылдық жерде конституциялық нормаларды қолданудың практикалық мәселелері талқыланған ашық диалог Қызылтан ауылында өтті. Сондай-ақ кездесу барысында ауыл тұрғындары инфрақұрылым, жұмыспен қамту және өмір сапасы тақырыптарын көтерді. Коалиция өкілдері шешім қабылдау үдерісінде азаматтардың пікірі ескерілуі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Коалиция мүшелерінің жаңа Ата Заң нормаларын түсіндіру жұмысы аясында Песчан ауылдық округіндегі жүзден астам адам еңбек ететін жөндеу-механикалық зауытта еңбек қауіпсіздігі және тұрақты табыс төңірегінде әңгіме өрбіді. Қатысушылар конституциялық өзгерістер мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейтетінін және еңбек адамының басымдығын бекітетінін атап өтті.

 Жаңа Конституция нормаларына сәйкес, экономикалық даму принципі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілмеуі керек. Ал өндіріс қызметі жергілікті қауымдастықтар мен инфрақұрылымның дамуына оң әсер етуге тиіс.

 «Бұл дегеніміз – адамның денсаулығы өндірістік көрсеткіштерден жоғары қойылады, ал лайықты жалақы тек келісім емес, міндетті нормаға айналады. Ерекше атап өткім келеді: егер жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болса, өндірістен түскен табыс та жол, жарықтандыру және әлеуметтік инфрақұрылым түрінде ауылдарға кері қайтарылуға тиіс», – деді Сенат депутаты Ернұр Айткенов.

 Тереңкөлдің орталық ауруханасында өткен кездесуде медицина қызметкерлерінің мәртебесін қорғау, жауапкершілікті сақтандыру, демалыс құқығы және әділ жұмыс жүктемесі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жиын барысында жаңа конституциялық нормалар науқастармен қатар медицина қызметкерлерінің де құқықтық қорғалуын күшейтетіні, әсіресе цифрландыру жағдайында дербес деректер қауіпсіздігінің маңызы артқаны айтылды.

Коалиция мүшесі Рымбек Қабиденов атап өткендей, цифрландыру жағдайында науқастардың дербес деректерін қорғау маңызды. Сонымен қатар ауыл медицинасын дамыту, медициналық пункттерді жаңғырту және ауруханаларды жабдықтау Ата Заң деңгейінде қолдау табатыны, яғни аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы қалалық деңгеймен тең болуға тиіс екені айтылды.

 Тереңкөл ауданының кәсіпкерлерімен өткен кездесуде диалог іскерлік әрі сындарлы сипатта өтті. Шағын және орта бизнес өкілдері кәсіпкерлік қызметтің құқықтық қорғалуы, салық саясатының тұрақтылығы және өндіріс пен сауданы дамытуға қолайлы әрі болжамды жағдай қалыптастыру мәселелерін талқылады.

 Конституцияда бекітілген жеке меншік кепілдігі, экономикалық бастама еркіндігі және отандық өндірушілерді қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, бизнесті ашық және тұрақты жүргізу ережелері – инвестициялық белсенділік пен аудан экономикасының өсуінің негізгі факторы.

 Іс-шаралар қорытындысы бойынша коалиция өкілдері ауылдық аймақтар үшін Конституция жай декларация емес, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінің нақты тетігі екенін атап өтті. 

«Сапалы медицина, заманауи мектептер, мұғалімдер мен дәрігерлерді қорғау – бұл уәде емес, заң нормасы. 15 наурызда біз ауылдың және балалардың болашағы үшін дауыс береміз», – деді коалиция мүшесі Гүлмира Нұрханова. 

Лайықты еңбекақы мен қауіпсіздікке кепілдік беру мәселесі міндетті норма ретінде бекітіледі. Осылайша, жаңа Конституция зауыттағы жұмысшы үшін де, ауруханадағы дәрігер үшін де қорғаныс кепіліне айналады. Кездесулерге қатысушылар осындай ортақ пікірге келді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:261
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 11:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары