Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Тіпті келісімшартсыз: Қазақстанда сәтсіз жөндеуден кейін өзіңізді қалай қорғауға болады

Тіпті келісімшартсыз: Қазақстанда сәтсіз жөндеуден кейін өзіңізді қалай қорғауға болады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстандықтар жөндеу жұмыстары кезінде жиі қиындықтарға тап болады: мердігерлер мерзімді кешіктіреді, алдын ала төлемді алып жоқ болып кетеді немесе жұмысты сапасыз орындайды. Tengrinews.kz орындаушыны қалай жауапқа тартуға болатынын, қайда шағымдану керектігін және сот арқылы нені өндіріп алуға болатынын анықтады.

Поделиться

Адвокат кеңесі: іс-қимыл алгоритмі мен нюанстары

Адвокат Абзал Қасымжанов құрылысшылар байланысқа шықпай қойса немесе нысанды тастап кетсе, олардың өз еркімен оралуын айлап күтудің қажеті жоғын айтады.

Тапсырыс беруші құқықтық қадамдарды неғұрлым ерте жасаса, өз құқығын қорғау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Бірінші қадам – тіркеу және талап-арыз

Адвокаттың айтуынша, ең алдымен жөндеу жұмыстарының қазіргі жай-күйін фото мен видеоға түсіріп, мәміле бойынша барлық құжаттарды жинап, мердігерге жазбаша талап-арыз жіберу қажет.

"Тәжірибеде дәл осы талап-арыз тапсырыс берушінің мердігерге шарттың бұзылғаны туралы ресми түрде хабарлағанын, кемшіліктерді жоюды немесе ақшаны қайтаруды талап еткенін растайды. Кейін бұл тапсырыс берушінің адал әрекетінің негізгі дәлелдерінің біріне айналуы мүмкін", – деп түсіндіреді Абзал Қасымжанов.

Сондай-ақ сарапшы жағдай реттелгенге дейін төлемді тоқтатуды ұсынады.

Анықтама: Абзал Қасымжанов – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің бакалавриатын және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Глазго университетінің (University of Glasgow) заң факультетінің магистратурасын бітірген. Жұмыс өтілі 15 жылдан асады.

Қандай құжаттар қажет болады?

Заңгердің айтуынша, құжаттардың барынша толық топтамасын жинаған жөн:

шарт, смета және техникалық тапсырма (егер бар болса); жұмыс кестесі; атқарылған жұмыс актілері; чектер, банктік аударымдар және қолхаттар; мессенджерлердегі немесе электронды поштадағы жазысқан хаттар; нысанның фотосуреттері мен видеолары; қосымша шығындарды растайтын құжаттар (мысалы, мерзімнің бұзылуына байланысты).

Адвокаттың айтуынша, тіпті тараптар арасында жазбаша шарт жасалмаса да, сот арқылы қорғалу құқығы сақталады. Бұл жағдайда ақша аударымдары, жазысқан хаттар мен куәгерлердің айғақтары дәлел бола алады.

Талап-арызды қалай дұрыс рәсімдеу керек?

Талап-арызда мыналарды көрсету қажет:

тапсырыс беруші мен мердігер туралы мәліметтер, шарттың деректемелері; ереженің қандай жолмен бұзылғаны; шартқа және заң нормаларына сілтемелер; өз талаптарыңыз (жөндеуді аяқтау, кемшіліктерді жою, ақшаны қайтару, тұрақсыздық айыбын төлеу және т.б.); талаптарды орындау мерзімі; бас тартқан жағдайда сотқа жүгінетініңіз туралы ескерту.

"Талап-арызды тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, курьерлік қызмет арқылы қол қойғызып немесе егер шартта қарастырылған болса, электронды байланыс құралдары арқылы жіберуді ұсынамын", – дейді Абзал Қасымжанов.

Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанысова заң бойынша мердігер талап-арызды алған кезден бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жауап беруге міндетті екенін нақтылады.

Мердігер талап-арызды елемесе не істеу керек?

Тойгүл Жұбанысова егер мердігер талап-арызға жауап бермесе, тұтынушы мына органдарға жүгіне алатынын атап өтті:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне; сотқа дейінгі реттеу процедураларын пайдалануға; сотқа талап-арыз беруге.

Сонымен қатар ведомство өкілдері департаменттер азаматтарға кеңес беріп, дауларды шешуге көмектесетінін, алайда мердігер қайтаруы тиіс ақшалай соманың мөлшерін анықтамайтынын нақтылады.

"Атқарылған жұмыстардың көлемін, олардың сапасын, кемшіліктерді жою құнын немесе өндіріп алынуы тиіс соманы бағалау соттың құзыретіне жатады", – деп атап өтті министрліктегілер.

Сотқа қашан жүгіну керек?

Егер мердігер талап-арызды елемесе немесе талаптарды орындаудан бас тартса, келесі кезең – сотқа шағым түсіру.

Бұл ретте заңгер мерзімді өткізіп алудың өзі азаматтық-құқықтық дау екенін ескертеді. Алайда, жұмысшылардың әрекеті қылмыстық бапқа жататын жағдайлар да болады.

"Егер алаяқтық белгілері болса, мысалы, мердігер басынан бастап жұмысты орындауға ниеттенбей, ақшаны алдап алып, бой тасаласа, басқа зардап шегушілермен де осындай шарттар жасасса, полиция органдарына арызбен жүгіну керек. Дегенмен, мерзімдердің бұзылу фактісінің өзі әлі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының бар екенін білдірмейді", – деп нақтылады адвокат Абзал Қасымжанов.

Сотта зардап шеккен тұрғын үй иесі мыналарды талап етуге құқылы:

шартты бұзуды және ақшаны толық немесе ішінара қайтаруды; шығындарды (соның ішінде тұрғын үй жалдауға немесе қайта жөндеуге жұмсалған шығыстарды) өтету; тұрақсыздық айыбын және моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу. Сот процестері қанша уақытқа созылуы мүмкін?

Адвокаттың айтуынша, сот процесі бірнеше айдан бір жылға дейін, ал кейде одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Сонымен қатар егер мердігер наразылық хатты алғаннан кейін талаптарды өз еркімен орындаса, мәселе бірнеше апта ішінде шешілуі мүмкін.

Ең көп тараған қателіктер

Адвокат көптеген мәселенің алдын жөндеу басталмай тұрып-ақ алуға болатынын атап өтті.

Оның сөзінше, қазақстандықтардың ең көп жіберетін қателіктері – соманың басым бөлігін алдын ала төлеу, егжей-тегжейлі келісімшарттың болмауы, ауызша уәделерге сену және жұмыс барысын бақыламау.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ол мыналарды ұсынады:

егжей-тегжейлі жазбаша келісімшарт жасасу; смета мен күнтізбелік графикті бекіту; мердігердің мерзімді бұзғаны үшін жауапкершілігін көрсету; жұмыс ақысын кезең-кезеңімен төлеу; барлық хат алмасулар мен төлем құжаттарын сақтау; мердігердің беделін алдын ала тексеру.

1 шілдеден бастап Қазақстанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік ережелері өзгерді. Енді меншік иелері өз үйінен бес метр радиустағы аумақтың тәртібін қадағалауы тиіс. Бұл нені білдіреді және не үшін айыппұл салынуы мүмкін – осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

баспана жөндеу жұмыстары Жөндеу пәтер Адвокат

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 11:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары