Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

ТК дағы дәмханадан шығатын түнгі шу: заң бұзушылықты қалай тіркеуге болады және қайда шағымдану керек

ТК дағы дәмханадан шығатын түнгі шу: заң бұзушылықты қалай тіркеуге болады және қайда шағымдану керек

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы дәмханалар мен мейрамханалар тұрғындармен арада жиі дау тудырып жатады. Мұндай орындар сағат 22:00-де жабылуға міндетті ме және толассыз шуға қатысты қайда жүгіну керектігін Tengrinews.kz сарапшыдан білді.

Дәмхана 22:00-де жабылуға міндетті ме?

Адвокат Абзал Қасымжанов мекеменің жұмыс уақыты мен тыныштық сақтау талабы екі бөлек нәрсе екенін түсіндірді. ӘҚБтК-нің "Тыныштықты бұзу" деген 437-бабы азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады, бірақ барлық дәмханадан есігін тура 22:00-де жабуды талап етпейді.

"Алайда, тұрғын үйде орналасқан кез келген дәмхана шу шығармағаны үшін ғана тәулік бойы жұмыс істей алады деп айтуға болмайды. Бұл ретте құрылыс нормаларын, үй-жайдың мақсатын және жобалық құжаттама талаптарын ескеру қажет. Атап айтқанда, "Көппәтерлі тұрғын үйлер" ҚР ҚЖ 3.02-101-2012 қосымшасына сәйкес, кейбір қоғамдық тамақтану нысандары үшін сағат 23:00-ге дейінгі жұмыс режимі белгіленген", – деп түсіндірді адвокат.

Оның айтуынша, әрбір жағдайда нақты үй-жайдың құжаттарын бөлек зерделеу қажет. Сондай-ақ дәмхананың нақты қайда орналасқаны маңызды: тұрғын үй ішіндегі мекемеге қойылатын талаптар тұрғын үй кешені аумағындағы жеке тұрған коммерциялық ғимаратқа қойылатын талаптардан өзгеше болуы мүмкін.

Анықтама: Абзал Қасымжанов – Алматы адвокаттар алқасының адвокаты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің бакалавриатын және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Глазго университетінің (University of Glasgow) заң факультеті магистратурасын бітірген. Жұмыс өтілі 15 жылдан асады.

Қазақстанда қай уақытта шулауға болмайды?

Заң бойынша тұрғын үйлерде және тұрғын үй құрылысы аумағында сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін жоғары шумен қатар жүретін қызметке шектеу қойылады.

Ойын-сауық мекемелері үшін мынадай шектеу қолданылады: жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін шулауға болмайды.

Анықтама: бұл ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 113-бабы 8-тармағына сәйкес бекітілген.

Бұл ретте мәселе қатты шыққан музыкада ғана емес.

"Тұрғындардың тыныштығын айқай-шу, жабдықтардың жұмысы және басқа да шу көздері бұзуы мүмкін. Сонымен қатар, санитарлық ережелер сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, егер бұл жоғары шумен қатар жүрсе, өнімдерді тасуға және қабылдауға тыйым салады. Бұл ереже тұрғын ғимараттарда, сондай-ақ оларға жапсарлас және ішіне салынған үй-жайларда орналасқан дәмханалар мен басқа да тамақтану нысандарына қолданылады", – деп атап өтті адвокат.

Ол бұл талаптар жазғы террасаларға да қатысты екенін нақтылады. Бұл ретте келушілердің түнде террасада болу фактісінің өзі заңбұзушылық емес. Ең бастысы - олар шу шығармай, тұрғындардың тынығуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Тоңазытқыштардың толассыз гүрілі: тұрғындар қайда шағымдана алады?

Егер түнде дәмханадан қатты музыка, айқай немесе басқа да шу естілсе, адвокат бірден 102 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.

"Полиция қызметкерлерінің жағдайды шу шығып жатқан сәтте тіркеуі маңызды. Полиция қатты музыка, айқай және түнгі тыныштықты бұзатын басқа да әрекеттер туралы хабарламаларды қарауы тиіс", – деді Қасымжанов.

Тағы бір жағдай – сорғыштан, желдеткіштен, тоңазытқыштардан немесе басқа жабдықтардан шығатын толассыз гүріл.

Адвокат аұндай жағдайда тұрғындарға аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүгініп, шу деңгейін өлшеуді сұрауға кеңес береді. Өтінішті eOtinish арқылы да жіберуге болады.

Қандай дәлелдемелер жинау керек?

Абзал Қасымжанов мекемемен арадағы дау жалғаса берсе, бір ғана шағыммен шектелмеуге кеңес береді. Тұрғындарға аудио және видеожазбаларды сақтау, полиция шақырған күндерін белгілеу, куәгерлердің деректерін жазып алу және мемлекеттік органдардың жауаптарын жинау қажет.

Адвокат нормалардан асу фактісін растау үшін аккредиттелген зертхана шу кезінде пәтер ішінде өлшеу жүргізуі өте маңызды екенін атап өтті.

"Телефондағы шу өлшегіш қосымша мұндай өлшеулерді алмастыра алмайды. Бұл ретте тұрғында зертханалық қорытындының болмауы полицияға жүгінуге кедергі емес", – деп түйіндеді адвокат.

Егер тұрғындарда жапсарлас құрылыстың немесе жазғы террасаның заңдылығына күмән туындаса, олар нақты жағдайға байланысты сәулет-құрылыс немесе жер инспекциясы органдарына жүгіне алады.

Көршілердің шағымына байланысты дәмхана жабылуы мүмкін бе?

Көптеген шағым немесе полиция шақыртулары дәмхана жабылатынын білдірмейді.

"Шағымдар саны емес, анықталған заңбұзушылықтар негін болады. Тұрғындардың өтініштері нақты фактілерді тексеруге және оларға құқықтық баға беруге әкелуі тиіс", – деп түсіндірді адвокат.

Кейбір жағдайларда сот мекеменің жұмыс істеуіне уақытша тыйым салуы мүмкін. Мұндай шаралар, мысалы, санитарлық талаптар өрескел бұзылған жағдайда қабылдануы мүмкін.

Сондай-ақ тұрғындар шуды жою немесе заңсыз құрылымды бұзу туралы талаппен сотқа жүгіне алады. Бұл ретте МИБ дәмхананы өз бетінше жаба алмайды немесе оған айыппұл сала алмайды.

Дәмханаға тұрғындардың рұқсаты қажет пе?

Егер үй-жай бастапқыда дәмхана ашуға арналған болса және бұл ретте үйдің ортақ мүлкі пайдаланылмаса, мекемені ашу үшін барлық тұрғынның келісімін алудың қажеті жоқ.

Бірақ иесі үй-жайды қайта жоспарлағысы немесе қайта жабдықтағысы келсе, талап өзгеше болады.

"Көтергіш немесе қоршау конструкцияларына, жалпы үйдің инженерлік жүйелеріне немесе кондоминиумның ортақ мүлкіне әсер ететін қайта жабдықтау немесе қайта жоспарлау кезінде заң пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің жазбаша келісімін талап етеді", – деді Қасымжанов.

Тыныштықты бұзғаны үшін қандай айыппұл салынады?

Тыныштықты бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл көлемі жауапкершілікке кімнің тартылатынына байланысты:

жеке тұлғаларға – 5 АЕК (2026 жылға 21 625 теңге); шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК (86 500 теңге); орта кәсіпкерлікке – 30 АЕК (129 750 теңге); ірі кәсіпкерлікке – 100 АЕК (432 500 теңге).

Бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері артады:

жеке тұлғаларға – 10 АЕК-ке дейін (43 250 теңге); шағын бизнеске – 40 АЕК-ке дейін (173 000 теңге); орта бизнеске – 60 АЕК-ке дейін (259 500 теңге); ірі бизнеске – 150 АЕК-ке дейін (648 750 теңге).

Бұған дейін Алматы тұрғындары тұрғын үй кешендері ауласындағы түнгі отшашуларға шағымданған болатын. Полиция тәртіп бұзғандар қалай анықталатынын және оларға қандай жаза қолданылатынын айтып берді.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы түнгі отшашулар: полиция құқықбұзушыларды қалай табады және оларға айыппұл салына ма?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 13:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары