Токио жақындап келе ме? Жапонияға тікелей рейс қашан ашылады?
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстандықтар Токио (Жапония) мен Нью-Йоркке (АҚШ) тікелей рейстердің ашылуын көптен бері күтіп жүр. Бұл бағыттарды іске қосу жоспары сақталды ма? Толығырақ - Tengri Travel материалында.
Қазақстаннан Токиоға рейстер
Жапония - қазақстандықтар асыға күтіп жүрген бағыттардың бірі. Азаматтық авиация комитеті Жапония астанасы Токиомен тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі қазір пысықталып жатқанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта биыл Токиомен тікелей әуе қатынасын орнату бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бұл бағыт бірнеше жылдан бері талқыланып келеді, ал мерзімі бірнеше рет өзгерді. Сәуірде Көлік министрлігі бұл іркілісті Boeing Dreamliner ұшақтарының жеткізілуімен түсіндірген болатын. Мамырда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев рейстің 2026 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылуы мүмкін екенін айтты.
Мамырда премьер-министр Олжас Бектенов Токио мен Нью-Йоркке рейстердің ашылатыны туралы уәде беріліп келе жатқанына біраз болғанын еске салды.
"Құр сөз болып қалмасын тағы да", – деп қадап айтқан ол, жұмысты нақты нәтижеге дейін жеткізуді тапсырды.
Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы 2026 жылы наурызда Токио - Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Алайда кейінірек рейстің ашылуы белгісіз мерзімге шегерілді. Осыған қарамастан, Азаматтық авиация комитеті рейсті жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланғанын алға тартты.
Нью-Йоркке қашан ұшамыз?Комитет АҚШ-қа тікелей рейс ашуға дайындық жұмыстарының қай деңгейде екенін айтып берді.
"АҚШ-қа рейс ашу мәселесін пысықтау аясында АҚШ-тың уәкілетті органдарынан тиісті рұқсаттар алу қажет. Сондай-өқ әуе кемелерінің жеткізілуі күтіліп отыр, ал жеткізу мерзімі дайындаушы зауытқа байланысты", - деп хабарлады бұл жолы ААК өкілдері.
Айта кетейік, америкалық сарапшылар Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігіне бағалау жүргізіп болды. Мамандар қазақстандық ұшу қауіпсіздігін бақылау жүйесінің халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін тексерді.
Енді FAA Қазақстанның авиациялық билігіне бағалау нәтижелері туралы ресми түрде хабарлауы тиіс. Осыдан кейін тараптар қорытынды кеңес өткізіп, тағы қандай шаралар қабылдау қажет екенін анықтайды.
Анықтама: FAA (Federal Aviation Administration) - АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы.
Осы кезең аяқталғаннан кейін ғана АҚШ Федералдық авиация әкімшілігі Қазақстанға Category 1 мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.
Бұл мәртебе Қазақстанның азаматтық авиация қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау жүйесі халықаралық талаптарға сай екенін білдіреді. Алайда Category 1 мәртебесі АҚШ-қа рейстердің автоматты түрде ашылатынын білдірмейді. Ол тек қазақстандық әуекомпаниялардың келесі процедуралардан өтіп, тікелей рейстерді іске қосуға дайындалуы үшін қажетті жағдай жасайды.
АҚШ-қа тікелей рейстер туралы не белгілі?Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу туралы бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Рейстерді Air Astana әуекомпаниясы орындайды деп жоспарланған.
2025 жылғы мамырда Көлік министрлігі Қазақстан мен АҚШ-тың "ашық аспан" қағидаты бойынша әуе қатынасы туралы келісімге қол қойғанын хабарлаған болатын. Бұл келісім әуекомпанияларға рейстер санына, бағыттарға және тасымалдаушылар санына шектеусіз ұшуға мүмкіндік береді.
2024 жылғы қазанда АҚШ-қа тікелей рейс ашу үшін қойылатын талаптардың бірі - екі ел арасында аралық қонбай тікелей ұшуға қабілетті ұшақтың болуы.
Дегенмен, АҚШ-қа тікелей рейстердің ашылатын нақты күні әлі аталған жоқ. Көлік министрлігі басшысы мамырда Нью-Йоркке рейс келесі жылдың екінші тоқсанында күтілетініне сендірді.
Бұған дейін ықтимал бағыттардың бірі ретінде Алматыдан Нью-Йоркке қатынайтын рейс талқыланған болатын.
Париж, Вена, Рим және Нью-ЙоркСондай-ақ, ААК мәліметінше, Париж (Франция), Вена (Австрия) және Римге (Италия) рейстер ашу мәселесі әлі де пысықталып жатыр. Азаматтық авиация комитеті бұл бағыттардың ашылу мерзімін нақтылаған жоқ.
Бұл қалалар бұған дейін де жоспарда болған. Римге рейс ашу 2024 жылдан бері талқыланып, ал 2025 жылы Көлік министрлігі оны 2026 жылы ашуды жоспарлаған еді.
Астанадан Нью-Йорк, Лондон және Парижге: премьер-министр жаңа әуе рейстерін ашуды тапсырды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 12:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















