Тоқаев кәсіпорындарға берілетін кредитті арзандатуды тапсырды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Qarmet компаниясының ұйымшыл ұжымы толайым табысқа табанды еңбектің арқасында жеткеніне тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол Qarmet жұмысшыларының ерен еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы компанияны өрге жетелейтінін айрықша атап өтті.
– Осы жиынға былтыр ең жоғары ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған Сергей Петрович Чернобай қатысып отыр. Сіздердің араларыңызда Qarmet компаниясының бұрынғы даңқын қайта оралту үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар баршылық. Жемісті жұмыстарыңыз зор құрметке лайық. Мемлекеттің саясаты озат жұмысшылар мен мамандарды ынталандыруға бағытталған. Былтыр сіздердей еңбекқор жандарға ілтипат көрсеттік. Бірақ мемлекеттің сіздерге, яғни өндіріс жұмысшыларына және ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне деген ізет-құрметі өзгермейді. Біз сіздерді әрдайым қолдаймыз. Сондықтан мен еліміздің индустриясы мен өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл – Отанымыздың игілігі үшін жасаған еселі еңбектеріңізге берілген лайықты баға, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент бизнеске жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін мәлімдеді.
– Жолдауымда мемлекет шағын бизнесті қолдау үшін бірқатар шара қабылдайтынын, соның ішінде алдағы үш жылда тексерістен босататынын айтқанымды білесіздер. Шағын бизнес жаңа салық шарттарына ойдағыдай бейімделуі үшін оған қазір қол ұшын созу керек деп ойлаймын. Кредитті арзандату мақсатында кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін де пысықтаған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 18:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















