Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі қазақ өзбек байланыстарына тың серпін берді

Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі қазақ өзбек байланыстарына тың серпін берді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Іс-шараға талдау орталықтарының басшылары, қазақстандық дипломаттар, белді сарапшылар мен депутаттар қатысты. Олар таяуда Бұхарада өткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев арасындағы бейресми кездесудің нәтижесіне екпін түсіре отырып, келешек ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Басқосуда алғаш болып сөз алған Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон Вахабов қазақ-өзбек тандемі аймақтағы интеграцияны ілгерілететін күшке ие екенін атап өтті.

– Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар, әсіресе, 2022 жылы жаңа сипат алды. Бұл жылы екі мемлекет «Одақтастық қатынастар туралы» келісімге қол қойды. Құжат бауырлас елдердің ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді. Сонымен қатар президенттердің Бұхара қаласында өткен бейресми кездесуі мемлекеттердің осы серіктестікті жалғастыруға бейілдігін тағы бір мәрте растады, - деді Жавлон Вахабов.

Мұнымен бірге дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директоры Жандос Шаймарданов баяндама жасады. Оның айтуынша, қазір көршілес елдер ұзақ мерзімді бірлескен жоспарлар құруға кірісті.

– Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықтың бір-екі жылдық бағдарламасын әзірлеуге емес, алдағы онжылдықтың күн тәртібін қалыптастыруға бет алды. Бұл ретте экологиялық мәселелер аса өзекті. Өзбекстан «Таза ауа» жобасын іске қосты, оған Қазақстан қолдау білдірді. Біздің елімізде де осыған ұқсас «Таза Қазақстан» бастамасы бар. Келесі аптада Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Оның аясында Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысы ұйымдастырылады. Тиісінше, төрағалық Қазақстаннан Өзбекстанға өтеді. Яғни, су қауіпсіздігі, климаттық және экологиялық өзгерістер екі мемлекеттің күн тәртібінде тұр. Бұл - біздің ынтымақтастығымыздың жан-жақты жетілгенін айғақтайды, - деп пікір білдірді Жандос Шаймарданов.

Мұнымен бірге іс-шара аясында Kazinform тілшісіне сұхбат берген ОА халықаралық институты директорының кеңесшісі Саидмухтар Саидкасымов Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары маңызы мен ауқымы жағынан мемлекеттік сапардан кем түспегеніне тоқталды.

– Кездесу нақты мәселелерді, міндеттерді шешуге арналды. Бұған қоса, қарым-қатынастың даму перспективаларына да назар аударылды. Стратегиялық серіктестікті, одақтастық қатынастарды дамытуға аса маңыз берілді. Сапардың ауқымы мемлекеттік сапардан кем түспеді. Мұны халықаралық қауымдастық көрді. Енді сарапшылардың басты мақсаты - жоспарланған жобалар мен бағдарламаларды сапалы орындауға жәрдемдесу. Ең алдымен, біз саяси-экономикалық байланыстарды дамытуға екпін түсірдік. Мұнымен бірге мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та басты назарда. Салаларды сарапшылар терең талдап, тиісті ұсыныстар әзірледі, - деді Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген Саидмухтар Саидкасымов.

Жиында ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Валерий Ситенко белді сарапшылардың пікірін негізге ала отырып, Орталық Азиядағы ынтымақтастықты жүйелеу мәселелеріне тоқталды.

– Қазіргі таңда Орталық Азия халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударып отыр. Бұған әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер итермелеуде. Сонымен қатар Орталық Азия саяси-экономикалық тұрғыдан жоғары әлеуетке ие. Осыған байланысты белді сарапшылар ынтымақтастықты нығайтуға негіз болатын 5 басымдықты айтып жүр. Біріншісі - мемлекет басшыларының саммитті, парламентаралық байланыстар және «C5+» форматындағы келіссөздерден бастап, бірлескен логистикалық, индустриялық орталықтар құруға дейінгі процесте ортақ жоспарларды қалыптастыру. Екіншісі - біртұтас экономикалық кеңістік құру. Үшінші басымдық - көлік дәліздерін дамыту. Төртінші ұсыныс – өзара келісілген сыртқы саяси бағдарды ұстану. Осылардың нәтижесінде Орталық Азиядағы бірегейлік қалыптасуы тиіс, - деді Валерий Ситенко.

Іс-шарада көтерілген бастаманың бірі - парламентаралық серіктестікті нығайту. Атап айтқанда, екі елдің ықпалдастығын ілгерілету, бірлескен жобаларды жедел іске асыру үшін құқықтық-нормативтік базаны жетілдіру орынды.

– Бүгінгі таңда біздің парламенттеріміз нормативтік-құқықтық базаны дамыту арқылы екіжақты байланыстарды тереңдетуге белсенді жәрдемдесіп жатыр. Негізгі міндет - министрліктер мен ведомстволар арасында жасалып жатқан екіжақты келісімдердің орындалуына депутаттық қадағалау жүргізу. Айта кету керек, мемлекет басшылары кездесулерінің қорытындысы бойынша Жол карталары әзірленеді. Оның орындалуын бақылау әрдайым парламенттің назарында болуы тиіс. Өз кезегінде біз бұл міндетті мінсіз атқаруға бар күшімізді саламыз, - дейді Өзбекстан Заң шығару палатасының депутаты Дилором Файзиева.

Басқосуда сарапшылар халықаралық сауда дәліздерін дамыту мәселесін де айналып өтпеді. Бұл ретте Өзбекстанның Көлік министрлігіне қарасты Көлік және логистиканы дамыту проблемаларын зерттеу орталығының директоры Бекзод Холматов іс-қимылдарды сапалы үйлестірудің маңызын айтты.

– Қазіргі көрсеткіштер біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды айғақтап отыр. Алайда, біз Трансауған жобасынан бастап, жүк тасымалын толық цифрландыруға дейінгі стратегиялық жобаларды іске асыру үшін іс-қимылдарды жүйелеуіміз қажет. Осы бағыттағы ортақ күш-жігеріміз тұтас өңірдің ұзақ мерзімді экономикалық өркендеуіне негіз болады, - деп мәлім етті Бекзод Холматов.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу мақсатында сарапшылар деңгейінде кездесулер ұйымдастырып тұруға уағдаласты.

Еске салайық, биыл алғашқы екі айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 830 млн доллардан асты.

Сонымен қатар таяуда Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрліктерінің өзара ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын ғарыштан бақылау жүйесін енгізуді талқылап жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 16:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see147

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see147

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see144

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see143

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see142

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see141

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see141

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see140

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see137

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see134

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see129

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see125

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see123

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see121

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see114

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары