Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Төрткүл дүниеге танылған төл тұқым

Төрткүл дүниеге танылған төл тұқым

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев тазыға ерекше мән беру жайында әңгіме қозғағаны есімізде. Ал осыдан тура бір жыл бұрын қазақы тазы тұқымын ұлттық бренд әрі мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауды тапсырды. 

Тазы тұқымын дамыту және бірегей қа­­сиет­терін сақтау, жүйелі ғылыми-зерт­теу жұ­мыс­тарын жүргізу, халықаралық көрме­лерге тұрақты қатысу сияқты ба­ғыттардан тұра­тын бұл іске Қазақстан ки­нологтар ода­ғымен қатар мемлекеттік ор­гандар да бел­сенді атсалысуға тиіс еке­нін қадап айтқан бо­латын. Соған бай­ланысты Үкіметтің 2026 жыл­ғы 15 сәуірдегі қаулысына сәйкес, жаңа мере­ке 3 қыркүйекке қойылды. Осыдан екі жыл бұрын Амстердамда қазақ тазысы ал­дын ала танылып, Қазақстанға стан­дарт иесі мәр­тебесі берілген еді. Деге­н­мен халықаралық деңгейде толық тану 2034 жылдан кейін ғана бітеді.

Президенттер де тазы ұстайды

Қазақ дәстүрінде «жеті қазынаның бірі», «адамның досы» сынды ұғымдармен қадірлі орын алған хайуанаттың қазақ түсінігіндегі мәртебесі осылай ресми құжатпен бекітілді. Талай қилы заманда бір ауылды асырап, тынышын күзеткен ит тұқымдарының аңыз қып айтар ерліктері жетерлік. Қала берді, саятшылық құрған сал-серінің де бір серігі осы тазы мен төбет еді. Адамға жақындығымен, тазалығымен, зеректігімен, ақылдылығымен ерекшеленетін ит тұқымдары осындай дара қасиеттері арқылы дәстүрімізге еніп, ұлттық сана­мызбен біте қайнасып кеткен. 

Оның үстіне, Мемлекет басшысына сыйға тартылған Наурыз есімді тазысы бар екені  белгілі. Одан бөлек, 2023 жылдың қарашасында Франция президенті Эмманюэль Макрон Астанаға іссапармен келіп, «Этноауыл» көрмесін аралап, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқанда ол да екі тазы күшігімен олжалы қайтқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында оған қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген-ді. Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жет­кі­зілді. Сондай-ақ оларға күшіктерді та­мақ­тандыру және үйрету жөніндегі нұс­қаулық та берілді. Француздар ол күшіктерге Жюль және Жанна деп  ат қойды. Арада бір жыл өткенде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға іссапармен барғанда қос тазының қалай өскеніне куә болып қайтты. Президенттер Елисей сарайының бағында серуен құрып, бейресми әңгіме өрбіткен шақта Жюль мен Жанна оларға еріп жүрді.

Тазы мен төбет күнінің 3 қыркүйекке келуінің себебі де бар. Дәл осы күні 2024 жылы Халықаралық кинология федерациясы (FCI) қазақ тазысын алдын ала негізде ресми түрде танып, тұқымға №372 стандар­тын бекітіп, Қазақстанды шыққан елі ретінде белгіледі. Ал жалпы ұлттық ит тұқым­дарын сақтау жөніндегі жүйелі жұмыс 2023 жылғы қаңтарда қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша арнайы заң қабылданғаннан кейін мемлекеттік негізге ие болды. Заңна­малық деңгейде қазақ ит тұқымдары, асыл­тұқымды ит, тұқым стандарты, бірыңғай асыл­тұқым кітабы ұғымдары және оларды сақ­таудың басқа да негізгі тетіктері айқ­ындалды.

Осы жұмыстың басты нәтижелерінің бірі – біз айтып отырған қазақ тазысының халықаралық деңгейде танылуы. Бүгінде Қазақстанның алдында FCI талаптарына сәйкес тұқымды алдын ала танудан түпкілікті тануға дейінгі кезеңнен өту міндеті тұр. Бұл үшін иттердің халықаралық стандартқа сәйкестігімен қатар, жүйелі асылтұқымдық жұмыс, шығу тегінің нақты есебі, тұқымның бірнеше ұрпақ бойы тұрақты өсіп-өнуі, денсаулығы мен мінез-құлқын бақылау, сондай-ақ тұқымды ірі халықаралық кино­ло­гиялық іс-шараларда тұрақты түрде таныстыру қажет.

Дүниежүзілік кинологиялық қауым­дас­тықтың Қазақстанды тазының ресми иесі ретінде мойындауы үшін бұл тұқымды әлемге таныту талап етілгенін айта кетейік. Осыған орай Бельгияда «Жел­ден жүйрік тазы» атты еш жерде жария­ланбаған автор­лық фотолардың көрмесі өтеді. Шара­ға Еуро­палық парламент депутаттары, Брюс­сель қаласының халық қалаулылары және басқа да беделді тұлғалар қатысады. Сон­дай-ақ бұл күні ресми өкілдігі Бельгияда орналас­қан Дүниежүзілік киноло­гиялық қауымдастықтың кеңсесіне сапар ұйымдастырылады. 

«Әмбебап тазы» қандай тұқым?

Тазы өсірумен айналысатын саятшы­лардың бірі Ұлағат Ханзаданың айтуынша, бұрын қазақта әмбебап тазылар болған. Олар қояннан бастап доңыз, қасқырға дейін ала беретін. Бұрынғы дегеніміздің өзі осыдан 25-30 жыл бұрын болған. Қазір ондайлар ілуде бір кездеседі. Әмбебап дейтін себебі, қазіргі тазылар жеке-жеке жіктеліп кетті. Бірі тек түлкіге түссе, екін­шісі қоянға ғана шабады. Бүгінде сол бұрынғы әмбебап тазылар тұқымын қайта жаңғыртып шығарсақ деген ниетпен жұмыс істеп жатқан қаншама адам бар. 

Маманның пікірінше, тазының дегдар­лығы, әбжілдігі, аңшыдан бөлек өзінің жеке функционалдық қасиетінің арқасында өз бетінше аңшылық құрып, аңның қапысын табуы деген сияқты қабі­лет­тері ескерілмей жүр. Егер шетелдік көрмеге апаратын болсақ, тазы өжет, алғыр болуы керек деп санайды. Мысалы, Американың малшы­ларына шибөрілерден қорғану үшін көмекші ретінде ұсына алсақ, тамаша болар еді. 

«Сол секілді төбетке қатысты да бұлың­ғыр пікір қалыптасты. Кейде көпшілік төбе­лесетін алып иттерді елестетеді. Төбетті қазақ «құтпан» деп те атайды, босағаның құты деген мағынада. Оларға қатысты көпшілік бүгінде екіге жарылып кеткен. Бірі түрікменнің алабайын қабылдайды, екіншілері түрлі тұқым араласып кеткен тұқымды айтып жүр. Бірақ мұның барлығы он жылдың шамасында өз-өзінен реттеліп, орнына келетін шаруа», – дейді ол.

Ұлағат Ханзаданың сөзінше, сыртқы формасына қарағанда бізтұмсық, көзі бір-біріне жақын тұратын шашаққұлақтының барлығы бірдей тазы емес. Егер әркім қолындағы тазыларына құжаттарын алып, көрмелерге апарып, сондағы талаптарға сәйкес келетін, бірақ өзіміздің «абориген» тұқымды жоғалтып алмайтындай жұмыс істесе, ең ұтымды жолы осы болар еді.

Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының асылтұқымдық жүйесінде 4 мыңға жуық қазақ тазысы тіркелген. Сонымен қатар елі­міздің ауылдық жерлерінде бұған дейін орталықтандырылған кинологиялық есепке алынбаған сапалы иттер сақталған. Сон­дық­т­ан мұндай иттерді анықтау, сұрыптау және құжаттандыру жұмыстары өңірлік асылтұқымдық байқаулар аясында жалғасып келеді.

Қазақ тазысы халықаралық аренада да уақыт өте белсенді таныстырыла бастады. 2026 жылғы маусымда қазақ тазылары Болонья қаласында өткен World Dog Show дүниежүзілік иттер көрмесіне қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, әлем чемпион­дары атақтарын иеленді. Әлбетте, мұндай нәтижелердің маңызы зор. Әлем жекелеген иттерді ғана емес, тұрақты дамып келе жатқан тұтас ұлттық тұқымды көруі керек. 

«Біз үшін ұлттық тұқымдардың атауы мен сыртқы бейнесін ғана сақтап қалу жеткіліксіз. Негізгі міндет – олардың та­би­ғи қасиеттері мен функционалдық ерекшеліктерін сақтай отырып, өміршең тұқым ретінде келешек ұрпаққа жеткізу. Қазақ тазысының халықаралық деңгейде танылуы мемлекет, кинологтар, ғалымдар, селекционерлер мен ит иелерінің бірлескен әрі жүйелі еңбегі нақты нәтиже беретінін көрсетті. Ендігі міндет – осы жұмысты дәй­ек­ті түрде жалғастырып, екі ұлттық тұ­қым­ның да болашағын қамтамасыз ету», – дейді Қазақстан кинологтар одағы­ның президенті Бауыржан Серікқали.

Қазақы ит тұқымдары көрме-конкурс­тарда ғана емес, күнделікті қызметке де қолданылатын күн алыс емес. Осы күндері Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз­ме­тінің кинологтары тазы мен төбетті баулып жат­қаны белгілі. Бұған дейін неміс және Шығыс Еуропа овчаркасы, малинуа (Бельгия овчаркасы) сияқты жаһанға мәшһүр түрлері өсіріліп, қызметке үйретіліп келсе, енді олар­дың қатарын ептеп қазақы тазы мен төбет толықтырып жатыр. Иттер әбден дай­ын болғанда есірткі заттарын іздеуге, жарыл­ғыш заттар мен атыс қару­ларын іздеуге, дек­а­ларцияланбаған валютаны іздеуге, шабуыл қызметін сүйемелдеуге жіберіледі.

Кинологтардың айтуынша, тазы мен төбет күшіктерінің иісшілдігі мен ұшқыр­лығы ерекше көзге түскен. Сондықтан та­зы­ны атпен бірге іздестіру, із кесу жұмыс­тарына қолдану көзделіп отыр. Иіс сезу қабілеті өте жоғары болғандықтан, екі тұқым есірткі мен жарылғыш заттарды іздеуге де пайдаланылуы мүмкін.

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 17:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see145

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see144

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see142

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see138

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see131

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see129

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see128

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see127

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see120

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see119

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see118

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see118

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see116

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see115

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see108

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see108

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see108

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see107

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары