Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Трамп Ердоған жайында: Ол қатал, бірақ менің досым

Трамп Ердоған жайында: Ол қатал, бірақ менің досым

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Биыл қазан айында Шарм-эш-Шейх қаласында өткен Газа секторына арналған халықаралық саммит ресми түрде бейбітшілік орнатуға бағытталған жиын деп жарияланды. Бірақ әлемдік БАҚ пен сарапшылардың назарын аударған басты мәселе – саммиттің мазмұны емес, оның “жұлдызы” – Дональд Трамптың әрекеті болды.

Бұрынғы АҚШ президенті өзін “әлемдегі ең ұлы бітімгер” деп атаған болатын. Бұл жолы да Трамп саммитті дипломатиялық кездесуден гөрі, жеке шоуға айналдырды.

Саммиттің ресми иесі бола тұра, Трамп Шарм-эш-Шейхке екі сағаттан астам кешігіп жетті. Ешқандай кешірім сұрамады. Кетер алдында Израиль парламентінде сөйлеген сөзінде “бәлкім, мен ұшып келгенше бай елдердің басшылары кетіп қалар, тек екі кедей мемлекет қалар” деп қалжыңдаған еді.

Алайда Трамптың күдігі орындалмады – барлығы оны күтіп тұрды.

Бірінші болып Трамппен кездесуге шыққан – БАӘ вице-президенті шейх Мансур бен Заид Әл Нахайян, яғни әйгілі “Манчестер Сити” футбол клубының иесі.

Трамп шейхтың аяқ киімін мақтап:

“Керемет туфли! Ал бұл жігіт – ақшаға көмілген адам, үйіліп жатқан ақша!” – деп айтты.

Мансур күлімдеуге тырысты, бірақ сөздің астарында тұрған менмендік көп нәрсені аңғартты.

Келесі “мақтау” Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге арналды. Ол саммитке қатысқан жалда жалғыз әйел саясаткер еді.

Трамп оған қарап:

“Біздің елде мұндай жағдай сіздің саяси мансабыңыздың соңы болар еді. Бірақ мен тәуекел етейін. Сізді сұлу десем, қарсы емессіз бе? Өйткені сіз шынымен әдемісіз,” – деді.

Бұл сөздер халықаралық форумдағы гендерлік теңдікке қатысты тақырыптарды тағы да қыздырды.

Трамптың мақтауына бөленген тағы бір тұлға – Түркия президенті РежемТайып Ердоған.

Трамп оны “нағыз мықты адам” деп атап, ерекше сипаттама берді:

“Оның әлемдегі ең қуатты армияларының бірі бар. Ол көптеген соғыстарда жеңіске жеткен, бірақ мақтау күтпейді — тек тыныш өмір сүруді қалайды. Ол қатал, бірақ менің досым. НАТО-да Ердоганмен мәселе шықса, бәрі маған келеді. Мен онымен сөйлесемін, және ол ешқашан мені алдаған емес.”

Саммиттің ресми серіктесі – Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси. Трамп оның қолын сәл елемей, бірден микрофоннан айтты:

“Міне, менің досым, мықты көшбасшы әрі генерал. Ол екеуін де жақсы атқарады. Мұнда қылмыс деңгейі төмен. Ал АҚШ-та губернаторлар не істеп жүргенін білмейді. Мысырда болса, қылмыспен қалжыңдамайды.”

Бұл сөзді айтқанда Трамп Сисидің еліндегі адам құқықтарының бұзылуы мен саяси репрессияларды елемеген сыңай танытты.

Трамп сондай-ақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды да “жақсы көремін” деп жариялады:

“Орбан – күшті жігіт. Көпшілік менімен келіспейді, бірақ бұл маңызды емес. Маңыздысы – менің пікірім.”

Орбанның Еуропалық Одаққа қарсы ұстанымы белгілі. Сондықтан Трамптың бұл мақтауы кездейсоқ емес.

Көпшілік алдында масқара болғандардың бірі – Ирак премьер-министрі Мохаммед Шиа ас-Судани.

Трамп оған қарап:

“Сендердің елдеріңде сонша мұнай бар, не істерлеріңді білмейсіңдер. Бұл да бір үлкен проблема!”

Бұл сөзден кейін Судани жүзін өзгертпестен сахнадан кетті.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Трамптың назарын өзіне аудару үшін “Мен мұндамын, сіздің артыңыздамын, әдеттегідей” деді.

Алайда Трамп оны сахнаға шақырып, ештеңе айтқызбай:

“Соңғы сәтте келдің, рақмет. Енді орныңа бар.” – деп қайтарды.

Стармердің беделі одан сайын түсті.

Франция президенті Эммануэль Макрон да Трамптың сөз нысанына айналды.

Ол Макронды сахнаға шықпай, залда қалғанда таңғалып:

“Сен әдеттегідей менің артымда тұр деп ойладым, ал бүгін тым кішіпейілсің,” – деді.

Канада премьер-министрі Марк Карни Трамптың Канада туралы айтқанын түзетпек болғанда, ол кекесінмен жауап қатты:

“Болды ғой, ең болмағанда мен сені губернатор деп атамадым!”

Бірден-бір Трампқа ұнаған адам — Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф болды. Ол сөз кезегін алып, Трампты аспандата мақтап шықты:

“Егер сіз бен сіздің командаңыз болмаса, Үндістан мен Пәкістан арасында ядролық соғыс басталар еді. Тарих сіздің атыңызды алтын әріптермен жазды.”

Тіпті Трамп сөйлегісі келгенде де Шариф микрофонды бермей, мақтауын жалғастыра берді.

Трамптың шоуына қатыспаған санаулы басшылардың бірі — Иран президенті Масуд Пезешкиан. Ол саммитке барудан толық бас тартып, “осы цирктің бір бөлігі болғым келмейді” деген ұстаным білдірді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 23:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары