Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Nvidia Blackwell чиптерін Қытайға сату туралы: Үміттенемін. Бірақ ол шешімді президент Трамп қабылдайды

Nvidia Blackwell чиптерін Қытайға сату туралы: Үміттенемін. Бірақ ол шешімді президент Трамп қабылдайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

CNBC телеарнасының хабарламасының негізінде Aikyn.kz жасанды интеллектің геосаясат құралына айнала бастауының себептерін талдайды.

Төрт жылда табысы 600%-ға өскен, жүздеген миллиард пайда әкелетін Nvidia-ның жаңа чиптеріне сұраныс жоғары. Фото aitimes.com сайтынан алынды

Төрт жылда тоқсандық табысы 600%-ға өскен компания үшін Дженсен Хуангтың бұл мәлімдемесі Nvidia-ның келесі буындағы чиптеріне жоғары сұраныс сақталатынын көрсетті. Бұл ЖИ бумының даму әлеуетінің бар екенін білдіреді.

«Бізде тіркелген бизнес көлемі осы. Қазір ол жарты триллион долларды құрайды», – деген Хуанг Вашингтонда өткен GTC конференциясында.

Дженсен Хуанг бұл цифрдың ішінде 2025 жылғы табыс, қазіргі Blackwell графикалық процессорлары мен келесі жылы шығатын Rubin графикалық процессорына жасалған тапсырыстарды қосқан. Хуангтың мәлімдемесін талдаған сарапшылар бұл сөздер 2026 жылғы табыстың Уолл-стрит болжаған деңгейден әлдеқайда жоғары болатынын көрсетеді деген қорытындыға келген. Хуангтың деректері 2026 жылы деректер орталықтарының сатылымы бұрынғы болжамнан 60 млрд долларға артық болуы мүмкін екенін меңзейді. Сарапшылар компания акциясын сатып алуға кеңес беруде. Алайда Nvidia акциялары Хуанг 28 қазанда бұл бағаны айтқан кездегімен салыстырғанда 5%-ға төмендеп тұр.

ЖИ бумына қатысты инвесторлар арасында пікірталастар бар. Олар гиперскейлер деп аталатын ірі бұлттық компаниялар мен ЖИ зертханалары инфрақұрылымға тым көп қаражат жұмсап жатыр ма деген алаңдаушылықтарын білдіруде.

Вашингтондағы конференцияда Хуанг компанияның 500 млрд долларлық табысты «көретінін» айтқан. Бұған таңғалмауға болады. Өйткені Nvidia-ның клиенттерінің ішінде бірнеше триллиондық табысы бар Google, Amazon, Microsoft және Meta бар.

Осы компаниялардың барлығы жасанды интеллект инфрақұрылымына арналған шығындарды арттыратынын хабарлады. Бұл Nvidia чиптерін сатып алуды білдіреді. Гиперскейлерлердің капиталдық шығындарының өсуі «ЖИ-дің тойымсыз тәбетін» көрсетеді.

Соңғы 3 айда Nvidia серіктестіктерінің қатарын кеңейтті. Ең ірі мәміле – Nvidia-ның OpenAI компаниясының акцияларына 10 млрд долларға дейін инвестициялауға келісуі болды. Бұл келісім шеңберінде ЖИ стартапы бірнеше жыл ішінде 4-5 млн графикалық процессор сатып алмақ. Nvidia сонымен қатар бұрынғы бәсекелесі Intel компаниясына 5 млрд доллар инвестициялауға келісті. Бұл келісім Intel чиптерін Nvidia графикалық процессорларымен үйлесімді жаауға арналған.

Қазан айының соңында Nvidia финдік Nokia компаниясына 1 млрд доллар көлемінде инвестиция салатынын жариялады. Сондай-ақ компания түрлі стартаптарға инвестиция салуды жалғастыруда.

Nvidia жасанды интеллектке арналған графикалық процессорлар нарығының 90%-дан астамын иеленеді. Алайда оның кейбір клиенттері (Amazon, Google, OpenAI) соңғы үш айда өздерінің чиптерін жасауға ұмтылуда.

Nvidia-ның соңғы болжамдарының ешқайсысына Қытайдағы сатылым кірмейді. Компанияның Қытайға арналған H20 чиптерін сатуға тыйым салынған еді. Тамыз айында Дженсен Хуанг президент Дональд Трамппен Қытайға чип сатуға рұқсат беретін экспорттық лицензиялар үшін сату көлемінің 15%-ын АҚШ федералды бюджетіне аударуға келіскен. Егер компания Қытайға 10 млрд долларға чип сатса, оның 1,5 млрд долларын экспорттық лицензия үшін бюджетке аударуы тиіс. 

Бірақ содан бері Nvidia өкілдері Қытайға үлкен көлемде чип сатуға мүмкіндік аз екенін айтып келді. Компания H20-ның орнына сатылатын жаңа чиптер туралы да жариялаған жоқ.  H20 болса, ЖИ әлемінде қазірдің өзінде ескірген деп саналады. Сарапшылардың пікірінше, Қытай Nvidia чиптерін жылына 50 млрд доллардан аса көлемде сатып алуы мүмкін.

Қазан айының соңында CNBC-ге берген сұхбатында Дженсен Хуанг қазіргі Blackwell чиптерін Қытайға сатасыз ба деген сұраққа: «Үміттенемін. Бірақ ол шешімді президент Трамп қабылдайды», – деп жауап берді.

Осылайша АҚШ билігінің технологиялық саудаға қатаң бақылау орнатуы бүгінгі геосаясаттың жаңа кезеңін айқын көрсетіп тұр. 

Әлемдегі технологиялық тенденцияның Қазақстанға әсері қандай?

«Нарық бәрін өзі реттейді» деген еркін сауда қағидалары мен Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне қарамастан, Ақ Үй қожайыны Nvidia, Intel, Qualcomm сияқты жоғары технологиялық корпорациялардың шетелдермен жасайтын келісімдерін саяси және қауіпсіздік мүддесі тұрғысынан қатаң бақылауға алған.

Бұл «еркін нарық» классикалық үлгісінен алыстауды, технологияның саясатпен толықтай араласып кеткенін білдіреді. Жасанды интеллектке арналған чиптер, кванттық процессорлар, телекоммуникациялық жабдықтар енді тек экономикалық ресурс емес, стратегиялық және әскери маңызы бар құрал ретінде бағалануда.

АҚШ үшін бұл саясат түсінікті. Олар озық технологияның Қытайға кетуін шектеп, өз артықшылығын сақтағысы келеді. Бірақ әлемнің басқа елдері үшін бұл технологиялық «қабырға» болып қалуда.

Әлем екі түрлі экожүйеге бөліну қаупінің алдында тұр. Батыс пен Шығыс болып қана емес, болашақта әлем жасанды интеллект архитектурасы, интернет стандарттары, цифрлық инфрақұрылым бойынша да бөлек бағыттармен дамуы әбден мүмкін.

Бұл үрдістің Қазақстанға әсері елеулі болмақшы. Біріншіден, еліміз технологиялық бөлшектену жағдайында екі блоктың арасында таңдау жасауы қажет. Америкалық чиптер, бұлтты қызметтер және ЖИ платформалары – ең озық әрі сапалы саналады. Бірақ оларға қол жеткізу АҚШ саясатына тәуелді. Қытай технологиялары қолжетімді және арзан. Бірақ олардың сапасына, қауіпсіздігіне қатысты проблемалар көп.

Екіншіден, ЖИ инфрақұрылымын дамыту құны жылдан жылға өсе береді. Себебі америкалық экспорттық шектеулер чиптерді қымбаттатады. Бұл Қазақ Елінің мемлекеттік цифрландыру, ЖИ жүйелерін басқаруда, экономика секторларында қолдану жобаларын іске асыруда қосымша қиындықтар әкеледі. ЖИ, цифрлық жүйелер саласындағы ғылыми зерттеулер үшін де шектеулер туындайды.

Үшіншіден, технологиялық геосаясат күшейген сайын, Қазақ Елінің теңгерімді, көп векторлы саясат ұстануы қиындайды. Ұлттық қауіпсіздік, экономикалық даму мен технологияға қол жеткізу арасындағы тепе-теңдікті табу – стратегиялық міндетке айналады.

АҚШ-Қытай бәсекелестігі жаһандық сауданың құрылымын өзгертсе, Қазақ Елі жаңа жағдайда өз бағытын анықтап, технологиялық қауіпсіздік пен автономияға көбірек көңіл бөлуге тиіс болады. Бұған ғылыми әлеуетті күшейту ғана көмектесе алады деп ойлаймыз. 

Қазақ Елінің Nvidia Blackwell сияқты чип жасайтын ғылыми-технологиялық әлеуеті, осы чиптерді шығаратын 2 фабрикасы болса (шикізат өзімізде бар), 47 млрд доллар болатын республикалық бюджетті жыл сайын салық жинамай, еш қиындықсыз толтырар едік...

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 13:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары