Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Үнзила Шапақ: Президент сайлауы кезінде түпкілікті шешімді халық қабылдайды

Үнзила Шапақ: Президент сайлауы кезінде түпкілікті шешімді халық қабылдайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіріп берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оның айтуынша, Конституциялық сот Мемлекет басшысының жолдаған сауалдары бойынша нормативтік қаулы қабылдаған.

– Президенттің сауалының мәні 1995 жылғы Конституцияға сәйкес ерекше конституциялық тәртіппен тағайындалатын және сайланатын мемлекеттік лауазымдарға қатысты болды. Атап айтқанда, 2026 жылғы Конституцияның өтпелі ережелерінде осы лауазымдарды одан әрі атқару тәртібіне қатысты арнайы құқықтық реттеу көзделмегендіктен, Конституция нормаларын ресми түсіндіру қажеттігі туындады.

Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен қоғам арасындағы қоғамдық келісімнің құқықтық негізі. Ол мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу қағидаттарын, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың өкілеттіктерін, сондай-ақ жоғары мемлекеттік лауазымдарды қалыптастырудың конституциялық тәртібін айқындайды, –  деді заңгер.

Үнзила Шапақтың айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттік-құқықтық қатынастардың жаңа конституциялық модель негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді.

– Бұл қағида мемлекеттік басқару жүйесіне, конституциялық институттардың қызметіне және ерекше конституциялық тәртіппен қалыптастырылатын мемлекеттік лауазымдарға да толық көлемде қолданылады. Егер Конституцияның өзінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың қызметі жаңа Конституцияның талаптарына сәйкес ұйымдастырылуға тиіс.

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық Сот Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беру арқылы құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді және конституциялық нормалардың біркелкі қолданылуына ықпал етеді. Осыған байланысты Конституциялық Сот Президенттің сауалы бойынша жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін ерекше конституциялық тәртіппен тағайындалатын (Конституциялық Сот Төрағасы, соттар, Жоғары Сот Төрағасы, Бас прокурор) және сайланатын лауазымдар жаңа конституциялық рәсімдерге сәйкес қалыптастырылуға тиіс деген құқықтық ұстанымын білдірді, –  дейді ол.

Сонымен қатар заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ егер Конституцияның өтпелі ережелерінде өзгеше белгіленбесе, мұндай лауазымдарға тұлғалар жаңа Конституцияда көзделген тәртіппен және заңда белгіленген рәсімдерді сақтай отырып қайта тағайындалады немесе сайланатынын жеткізді. 

– Президент сайлауы кезінде түпкілікті шешімді халық қабылдайды. Басқаша айтқанда, Мемлекет басшысына сайлауға қатысу мүмкіндігі берілген күннің өзінде, елді басқару тізгінін кімге сеніп тапсыру жөніндегі түпкілікті таңдау Қазақстан халқының еркімен айқындалады. 

Демек, Президент лауазымына кімнің сайланатынын сайлаушылардың еркін білдіретін жалпыға бірдей дауыс беру нәтижесі анықтайды. Нормативтік қаулы Конституция нормаларын тікелей түсіндіру негізінде қабылданды және жаңа конституциялық модельге көшу кезеңінде мемлекеттік билік институттарының қызметінде құқықтық сабақтастық пен құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Үнзила Шапақ.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Конституциялық соты 2026 жылғы Конституциядағы жоғары мемлекеттік лауазымдарға сайлану және тағайындалу тәртібіне қатысты ресми түсіндірме  берді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see138

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see133

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары