Трамп FIFA президентін БҰҰ ның Бас хатшысы қызметіне ұсынғысы келеді
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Report
New York Post басылымының мәліметінше, Трамп пен Инфантино 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өткен футболдан әлем чемпионаты кезінде жақын араласқан. FIFA басшысы америкалық көшбасшымен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылып, өткен жылдың желтоқсанында оған Халықаралық футбол федерациясының Бейбітшілік сыйлығын табыстаған.
Дереккөздер Трамптың Инфантиноны «адамдарды біріктіре алатын ерекше қабілеті бар тұлға» деп бағалайтынын айтты.
Футболдан әлем чемпионатының финалы: Трамп қатысады, Аргентина президенті ырымға сеніп үйінде қалады
Алайда Трамп бұл бастаманы Инфантиномен талқылады ма, сондай-ақ FIFA президентінің БҰҰ Бас хатшысы қызметіне қызығушылық танытып отырғаны белгісіз. Сәуір айында Инфантино 2027 жылы FIFA президенті қызметіне қайта сайлануға ниетті екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысы Антониу Гутерриштің өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Бұған дейін FIFA Испания құрамасының әлем чемпионатының кубогімен түскен ресми фотосын жариялаған кезде кадрдан АҚШ президенті Дональд Трампты алып тастағаны туралы жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 09:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















