Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Туристер демалысқа шыққанда ұмытып кететін үздік 10 зат: мінсіз чемоданның чек листі

Туристер демалысқа шыққанда ұмытып кететін үздік 10 зат: мінсіз чемоданның чек листі

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жолға жүк жинап жатып, бірдеңені ұмытып кетемін бе деп қорқасыз ба? Сіз жалғыз емессіз. Статистикаға сүйенсек, әрбір үшінші турист өмірінде кемінде бір рет шипажайға телефон қуаттағышынсыз, қажетті дәрі-дәрмексіз немесе лайықты аяқ киімсіз барған. Tengri Travel сапарға арналған толық чек-лист дайындады – оны сақтап қойыңыз, сонда демалысқа жиналу стресс болмайды.

Неге чемоданды соңғы сәтте жинауға болмайды?

Туристердің көпшілігінің басты қателігі жолға ұшар алдындағы түнде жиналу. Асығыс жүріп қуаттағышты, дәрі-дәрмекті, тіпті құжаттарды ұмытып кету оңай.

Тәжірибелі саяхатшылар заттарды сапарға 2–3 күн қалғанда жинай бастауға және қағаздағы немесе телефондағы тізімді пайдалануға кеңес береді.

Жүкті дұрыс жинаудың басты ережесі: ең қажеттісін ғана алып, дұрыс орналастырыңыз. Зерттеулер көрсеткендей, чемодандағы заттардың 20 пайыздан астамы демалыс бойы пайдаланылмай қалады.

Фото:depositphotos.com

Чемоданға арналған толық чек-лист: демалысқа не алу керек?

Құжат пен ақша. Ең бірінші тексеру керек нәрсе осы, себебі құжатсыз сізді ұшаққа отырғызбайды.

Шетелдік паспорт (жарамдылық мерзімін тексеріңіз). Әуе билеттері немесе бағыттық түбіртектің басып шығарылған нұсқасы. Ваучер немесе қонақүй бронын растау. Медициналық сақтандыру. Бірнеше валютадағы қолма-қол ақша. Банк картасы (әртүрлі банктің екі картасы болғаны абзал). Барлық құжат көшірмелері (түпнұсқадан бөлек - сөмкеде немесе email-де).

Жиі ұмытылып қалады: құжаттар көшірмесі мен сақтандыру полисі. Скан-нұсқаларды бұлтты қоймаға салып қойыңыз, бұл құжат жоғалған жағдайда сақтандырады.

Алғашқы көмек қобдишасы - адамдардың көбіне ұмытып кететін нәрсесі. Шұғыл жиналғанда қобдиша бірінші кезекте ұмытылады. Сонымен қатар, шетелде қажетті дәріні сатып алу қиынға соғып немесе қымбатқа түсуі мүмкін.

Міндетті минимум:

ауырсынуды басатын дәрілер; ыстықты түсіретін дәрілер; улануға және іш өтуге қарсы дәрілер (белсендірілген көмір, сорбент, пробиотиктер); антигистаминдік дәрілер (аллергияға қарсы); бинт, лейкопластырь, антисептик; күннен қорғайтын крем (SPF 30–50+); күйікке және жәндіктер шаққанда жағатын жақпамай; мұрын мен көзге арналған тамшылар; тұрақты ішетін дәрі-дәрмектерді бірнеше күнге артығымен алыңыз.

Жиі ұмытылып қалады: жолда жүрек айнуына қарсы дәрілерді, көзге арналған тамшыларды және күнделікті пайдаланғаны соншалық, ванна бөлмесінде байқаусыз қалатын дәрілерді.

Киім мен аяқ киім. Киім жинамас бұрын, баратын жеріңіздің ауа райын тексеріп алыңыз. Бұл орын мен жүйкеңізді үнемдейді.

Киімнің әмбебап тізімі (7–10 күнге):

футболка/топ - әр 2 күнге біреуден; шалбар/шорты - 2–3 жұп; көйлек немесе жейде - 2 дана; жеңіл күрте немесе кардиган (тіпті аптап ыстықта да керек - ұшақта салқын болады); іш киім - әр күнге біреу + 1–2 қосымша; шұлық - әр күнге бір жұп + 1–2 қосымша; пижама немесе үй костюмі; шомылу киімі (2 дана - бірі кепкенше, екіншісін киесіз); жағажайға арналған жамылғы немесе парео; мерекелік/кешкі киім (егер жоспарланса).

Аяқ киім:

серуендеуге ыңғайлы аяқ киім; жағажай тәпішкесі; кешкі аяқ киім (1 жұп).

Жиі ұмытылып қалады: кардиган немесе жұқа күрте. Жағажайда 35 градус ыстық болса, сауда орталығында немесе мейрамханада кондиционер 18 градус салқындық беріп тұруы мүмкін.
Техника мен гаджеттер:

смартфон және қуаттағыш құрылғы; портативті қуаттағыш (қуатталған күйде!); құлаққап; фотоаппарат, қуаттағыш, жад карталары; планшет немесе ноутбук (егер қажет болса); розеткаларға арналған өтпелі қосқыш (елдің стандартын міндетті түрде нақтылаңыз); USB-хаб, егер құрылғы көп болса; E-reader немесе кітап.

Жиі ұмытылып қалады: розеткаға арналған өтпелі қосқыш пен нақты бір құрылғының қуаттағышы. Өте қарапайым нәрсе сияқты көрінгенімен, дәл осылар үйде қалып қойып жатады.
Косметика және гигиена құралдары. Егер қол жүгімен ұшсаңыз, мынаны есте сақтаңыз: сұйықтықтар бір құтыда 100 миллилитрден аспауы керек, бәрі 1 литрге дейінгі мөлдір пакетке салынуы тиіс.

Гигиена:

тіс щеткасы мен паста; сусабын, кондиционер, душқа арналған гель; дезодорант; ұстара/эпилятор; тарақ; мақта таяқшалары мен дискілері; дымқыл сулық (қол жүгіне салыңыз - жолда керек болады).

Тері мен шаш күтімі:

бетке және денеге арналған крем; күннен қорғайтын крем; күнге күйгеннен кейін қолданатын құрал; шашқа арналған маска (теңіз суы мен хлор шашты құрғатып жібереді); SPF-і бар ерін бальзамы; сәндік косметика - күнделікті пайдаланатыныңызды ғана алыңыз.

Жиі ұмытылып қалатын заттар: күнге күйгеннен кейін қолданатын құрал және ерін бальзамы. Оларсыз жағажайдағы алғашқы күннен-ақ тері мен ерін зардап шегеді.

Басқа ұсақ-түйек:

күннен қорғайтын көзілдірік; панама немесе шляпа (кепка); телефонға арналған су өткізбейтін қап; шоппер сөмкесі (жағажайға, базарға және сауда жасауға арналған); мойынға арналған жастық (ұзақ ұшу кезінде); ұйқыға арналған маска мен құлақ тығыны. Чемоданды жинау

Қол жүгіне не салу керек: барлық құнды зат пен ұшу кезінде қажет болатын нәрселер: құжат, ақша, телефон қуаттағышымен, дәрі-дәрмек, жүк жоғалған жағдайға ауыстыратын киім, дымқыл сулық.

Шабаданды қалай дұрыс жинау керек?

Ауыр заттар - төменге (аяқ киім, джинсы, қалың жемпір). Аяқ киімнің ішіне шұлық немесе ұсақ заттарды салыңыз, осылайша әр сантиметр тиімді пайдаланылады. Жеңіл заттар - жоғарыға. Майка, жейде мен жеңіл шалбарларды орама етіп бүктеңіз, сонда аз орын алып, аз умаждалады. Заттар арасындағы бос орындарды киіммен және шұлықтармен толтырыңыз.

Жабық чемодан ережесі: егер чемодан өздігінен жабылмаса - демек, артық зат бар. Оны алып тастаңыз.

Фото:depositphotos.com

Демалысқа шыққанда жиі ұмытылып қалатын 10 зат

Біз жиналу кезінде көбіне "ескерусіз қалатын" заттарды тізіп шықтық:

розеткаларға арналған өтпелі қосқыш - бейтаныс қалада оны табу оңай емес; белгілі бір құрылғының қуаттағышы - әсіресе фотоаппараттікі; сақтандыру полисі - үйде үстелдің суырмасында қалып қояды; күнге күйгеннен кейін қолданатын құрал - тері күйіп кеткенде ғана еске түседі; улануға қарсы дәрілер - "көше тамағын жемеймін ғой" деген сеніммен; ұстара немесе эпилятор - әсіресе жолға шығар алдында асығыс жиналғанда; жеңіл күрте немесе кардиган - "күн ыстық қой!" деген оймен; косметикаға арналған ауыстырмалы құтылар - қымбат косметиканы жүкке өткізуге қимайсыз; құжаттар көшірмесі - төлқұжатты жоғалтып алғанға дейін бұл ұсақ-түйек болып көрінеді; күннен қорғайтын крем - бәрі оны біледі, бірақ соңғы сәтте үйде қалдырып кетеді. Қорытынды кеңес: маңызды ештеңені ұмытпау жолы

Осы чек-листі басып шығарыңыз немесе сақтап қойыңыз. Чемоданды 2-3 күн бұрын жинай бастаңыз, заттарды төсек үстіне топтап қойыңыз - осылайша не жетіспейтінін көру оңайырақ. Тізімді екі рет тексеріңіз: бірінші рет - заттарды іріктегенде, екінші рет - чемоданға салғанда.

Есіңізде болсын: мінсіз чемодан - бұл бәрі сыйып кеткен чемодан емес. Бұл ішінде қажеттінің бәрі бар және артық ештеңе жоқ чемодан.

Тағы оқыңыз: 2026 жылы Алакөлдегі демалыс: көлге барар алдында нені білу керек?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары