Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Ең бастысы жұрт амандығы

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

Түркістан дотациялы аймақтан өзін өзі қамтитын, өндірісі дамыған өңірге айналуды көздеп отыр

Түркістан дотациялы аймақтан өзін өзі қамтитын, өндірісі дамыған өңірге айналуды көздеп отыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Демография

Түркістан облысының аумағы — 116,1 мың шаршы шақырым. Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. Облыстың әкімшілік құрылымына 3 облыстық маңызы бар қала және 14 аудан кіреді. Аймақта 794 ауыл бар.

2026 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша өңір халқының саны 2 148 168 адамға жетті. Оның 25,3 пайызы — қалада, 74,7 пайызы — ауылдық жерде тұрады.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Өңір демографиялық өсім бойынша республикада көш бастап тұр. Өткен жылы облыста 45 мыңнан астам сәби дүниеге келіп, туу көрсеткіші бойынша елімізде ең жоғары деңгейге жетті.

Экономика және инвестиция

Өңір аз уақыттың ішінде рекордтық көлемде инвестиция тартып, жаңа өндіріс орындарын ашу және индустриялық аймақтарды дамыту арқылы республикада көшбасшылар қатарына енді.

Былтыр облыс экономикасының өсімі 113,9 пайыз болды. Мемлекеттік бюджетке салық түсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 234 млрд теңгеге өсіп, алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті.

Өңір экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 121,6 пайызды көрсетті. Оның ішінде 1,4 трлн теңге — жеке инвестиция. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 млрд АҚШ долларына жетіп, жоспар үш есеге артығымен орындалған.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 340 млрд теңгеге 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, мақта өңдеу, алюминий бұйымдары, тұрғын үйлерге арналған газ қазандықтары және сусын шығаратын зауыттар, уран және әк өңдеу кешендері іске қосылды. Ал биыл 444 млрд теңгеге 66 жаңа жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 6 810 жұмыс орнын құру көзделген.

Өмір сапасы жақсарды

Мемлекет басшысы халқымыздың тамыры — ауылда екенін ерекше атап өтті. Бүгінде облыс халқының 75 пайызы ауылдық жерде қоныстанған.

Былтыр өңірдегі барлық елдімекен 100 пайыз ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілді. Газбен қамту деңгейі 88,9 пайыз. Биыл қосымша 33 елдімекенге газ құбыры тартылады.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Нәтижесінде, газбен қамту 89,6%-ға жетеді. Жол инфрақұрылымы бойынша 821 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 94,8 пайызды көрсетіп отыр.

Аймақта тұрғын үй құрылысы да қарқынды. 2025 жылы кезекте тұрған азаматтарға 3 733 жаңа пәтер табысталды. Былтыр өңірде 1 млн 235,9 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілсе, биылғы меже — 1 млн 250 мың шаршы метр.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 83 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 16 мектеп толық іске қосылды. Жалпы, аталған жоба арқылы 29 мектеп берілген.

Ордабасы ауданында перинаталды және Түркістан қаласында демеуші есебінен «Ана мен бала» орталықтарының құрылысы басталды.

70 жылдан бері реконструкция жасалмаған Кентау жылуэнерго орталығын жаңғыртуға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталған.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар

Инвесторларды қолдау мақсатында индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарда инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген, дайын өндірістік алаңдар, қалыптастырылды.

Өткен жылы жаңадан 11 индустриалды аймақ қосып, жалпы санын 21-ге жетті. Индустриалды аймақтарда құны 132 млрд теңге болатын 98 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

2025 жылы 60 млрд теңгеге 55 жоба іске қосылып, 3,5 мың жұмыс орны ашылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 315 млрд теңгеге 26 ірі жоба жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 6,5 мың жұмыс орны ашылады.

Өндірістік парктер және жаңа зауыттар

Түркістан облысында іске асырылып жатқан ең ауқымды бастамалардың бірі — «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы. Оның негізгі мақсаты — жергілікті кәсіпкерлерге өндірістік алаң, инфрақұрылым және қызмет түрлерін қолжетімді бағамен ұсыну. Қазіргі таңда осы бағытта барлық аудан мен қалаларда өндірістік ғимараттардың құрылысы қарқын алған.

Жалпы аумағы 214 гектар болатын 25 шағын өндірістік парк құрылып, 258 өндірістік ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. 251 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылған.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Бұл бағытта өткен жылы 45 өндірістік нысан іске қосылып, 32 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жиһаз, жаңбырлатып суару, мұздатқыш, құрылыс материалдары, электр шәйнек, шұлық, бір реттік ыдыстар өндірісі, жылыжайлар ашылды.

Аталған жобаларды іске асыру есебінен өткен жылы 27 млрд теңгеге тауар шығарылды. Биыл қосымша John Deer және Lovol ауыл шаруашылығы техникалары және дрондары, бейнекамера, медициналық жиһаз, капсулды үйлер, тұрмыстық химия өнімдері және кептірілген жемістер өндірістері іске қосылады.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Ауыл шаруашылығындағы 3 негізгі кластер

Түркістан облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде жетекші орын алады. Терең өңдеуді дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығында 3 бағытта кластерлік дамыту қолға алынды.

Мақта-тоқыма кластерінде — мақта өсіруден бастап жіп, мата, джинсы материалдарын шығаратын болады. Осы бағытта құны 201 млрд теңге болатын 5 ірі жоба іске асып, 7 000 жаңа жұмыс орны құрылады.

Мақта өнімділігі 2 есе артып, көрсеткіші 60 центнерге жетеді. Былтыр 2 мақта өңдеу және 2 су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт, жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Биыл мата, бояу-әрлеу, тігін және джинсы дайындайтын зауыттардың құрылысы басталды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Жүгері кластері бағытында құны 34 млрд теңге болатын 500 жұмыс орынмен қамтитын «Казкрахмал» зауытының құрылысы толық аяқталды, 1-ші тоқсанда іске қосылады. Жылына 150 мың тонна жүгері терең өңделіп, 26 түрлі өнім шығарылады. Келешекте жүгері алқабын 40 мың гектардан 2030 жылы 70 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Мәселен, республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облыстың еншісінде. 2025 жылы 30 мың тонна ірі қара мал еті, 32 мың тонна қой еті, жалпы 60 мың тоннадан астам ет экспортқа бағытталды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Өңірде экспортты ұлғайту мақсатында ет кластері жаңаша бағытта дамытылып жатыр. Бұл бағытта «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro», «Қарқын Трейд» және «Бесқара» ет өндіру кешендері іске қосылып, қосымша 83 мың тонна ет өндіру көзделіп отыр.

Сонымен қатар Орталық Азияда теңдесі жоқ, аустралиялық тәжірибеде, 50 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңшасының құрылысы жүргізіліп жатыр, ол 2-ші тоқсанда пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, заманауи мал биржасы салынып жатыр, жыл соңында іске қосылады.

Сондай-ақ жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабриканың құрылысы басталды. Аталған 3 кластерді толық іске қосу есебінен 2027 жылы қосымша 479,5 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі шығарылады.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Өңірде АӘК алушылар саны 2 есе қысқарды

Экономиканың өсімін қамтамасыз етумен қатар, халықтың өмір сүру сапасын, жақсарту жұмыстарына ерекше басымдық беріліп келеді. Соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарып, кедейлік деңгейі 2,9 пайызға төмендеді.

«Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бойынша 148 мың адам жұмысқа орналастырылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін азайды.

Өңірде 2026-2029 жылдарға жалпы құны 2,8 трлн теңге болатын 111 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Нәтижесінде 18 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Президенттің стратегиялық бағытын басшылыққа ала отырып, жоспарлаған жобаларды жүзеге асыру есебінен, алдағы 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемін 2,7 есеге арттыру, ал өзіндік кірістерді 2,3 есеге ұлғайту көзделген.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Айта кетелік бүгін Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 12:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

18 Маусым 2026 23:29see140

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

18 Маусым 2026 22:08see123

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see122

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see120

Ең бастысы жұрт амандығы

19 Маусым 2026 10:39see118

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

18 Маусым 2026 22:19see118

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

19 Маусым 2026 14:01see117

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

19 Маусым 2026 14:57see117

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

18 Маусым 2026 23:29see116

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

19 Маусым 2026 11:18see116

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

18 Маусым 2026 23:28see116

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

18 Маусым 2026 23:31see115

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

19 Маусым 2026 10:37see115

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

19 Маусым 2026 10:45see115

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

19 Маусым 2026 12:54see114

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

19 Маусым 2026 10:27see113

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

18 Маусым 2026 23:31see113

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

19 Маусым 2026 18:35see112

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

18 Маусым 2026 22:56see111

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

19 Маусым 2026 15:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары