Түркістан облысында қоғамдық тазалық талаптарын бұзғандарға 237 млн теңге айыппұл салынды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында қоғамдық тазалық талаптарын бұзғандарға 237 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
2026 жылдың басынан бастап қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандарға әкімшілік шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, "Қоғамдық орындарды ластау" бабы бойынша 5 746 әкімшілік хаттама толтырылып, 170,6 млн теңге айыппұл салынды. Оның 114,3 млн теңгесі өндірілді.
Сонымен қатар Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бабы бойынша 7 978 әкімшілік хаттама толтырылды. 45,2 млн теңге айыппұл салынып, оның 31,6 млн теңгесі өндірілді.
"Ауылдық округ әкімдіктері тарапынан осы бап бойынша 3784 хаттама толтырылып 21,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүгінгі таңда оның 11,9 млн теңгесі өндірілді. Оның ішінде, 3 395 ескерту болса, 389-ы – айыппұл хаттамасы", - деп жазылған хабарламада.
Өңірде рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Жуырда мобильді топ Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында саябақтар, скверлер және қоғамдық орындарда жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында тазалық қағидаларын бұзудың 76 дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 10:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















