ТКШ, экология және қоғамдық тамақтану: өңірде 103 млн теңге айыппұл салынды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2025 жылы Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне өңір тұрғындарынан 1300-ден астам арыз-шағым келіп түсті. Олардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология және қоғамдық тамақтану салаларына қатысты болды.
Бұл туралы департамент басшысының орынбасары Айгүл Искакова Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.
Оның айтуынша, жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін заңды негіздер, растайтын құжаттар және нысан туралы толық мәлімет — ұйымның атауы мен басшысының деректері қажет.
«Растайтын материалдар болған жағдайда 40 тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 35 жағдайда заң бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде жалпы сомасы 103 млн теңгеден астам айыппұл салынды», — деді Искакова.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес өңірде екі бағыт бойынша жоспарлы тексерістер жүргізіледі:
профилактикалық бақылау (нысанға барып тексеру), біліктілікті тексеру.Өткен жылы департамент мамандары осындай 30-дан астам жоспарлы тексеріс өткізген.
Ведомство тұрғындарға шағымдарын тікелей департаментке немесе e-Өтініш платформасы арқылы жолдауға болатынын еске салды.
Бүгін, 12:20
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 12:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















