Түркістан облысында төбелескен шенеунікті лауазымынан босату ұсынылды
Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізгендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Нәтижесінде, 5 желтоқсан күні Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдаған. Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін «атқарып отырған лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Әдеп жөніндегі кеңес С.Жалықұл тарапынан орын алған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісін анықтады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Желтоқсан 2025 11:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















