Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Түркістан облысында жер кезегіне тұрғандар саны 500 мыңнан асқан

Түркістан облысында жер кезегіне тұрғандар саны 500 мыңнан асқан

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазіргі таңда өңірде 10 сотық жер алуға ниетті азаматтардың саны үш есе артып, 508 451 адамға жеткен. Ал 2022 жылғы 1 наурызға дейін кезекте 140 мың адам болған.

Электронды есеп жүйесінің енгізілуі азаматтарға тұрақты тіркелген жеріне қарамастан, кез келген өңірге өтініш беруге мүмкіндік берді.

– 2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер кезегін есепке алатын электронды ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе арқылы азаматтар тіркелген жеріне қарамай, бірнеше өңірде қатар кезекке тұра алады, – деді облыстық жер қатынастары басқармасы бөлімінің бас маманы Манатбек Ешмат.

Нәтижесінде бір жыл ішінде облыста жеке тұрғын үй құрылысына жер алуға өтініш берушілер саны үш есе өсіп, 500 мың адамнан асқан.

Көптеген өтінішке қарамастан, мемлекет енді инженерлік желілерсіз жер телімдерін бермейді. Ұлттық экономика министрінің талабына сәйкес, құрылысқа арналған жер тек инфрақұрылымы дайын аумақтардан ғана бөлінеді. Сондықтан өңірде 10 сотық жер үлестірудің негізгі кедергісі – инфрақұрылым мәселесі.

Инженерлік желілерді тарту қомақты қаржы мен ұзақ уақытты талап етеді.

– Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдері тек су және электр желілері тартылған алаңдарда ғана беріледі. Азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынып, дайын алаңдар болғанда немесе бос жерлер пайда болған жағдайда кезек тәртібімен қамтамасыз етіледі, – дейді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылы аудан әкімдіктері 655 жер телімін әзірлеп, азаматтарға үлестірген. Бұл жер телімдері Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Созақ және Келес аудандарына тиесілі.

– Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жер телімдерін дайындау және оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық инженерлік желілер тартылғаннан кейін, жер телімдері кезек бойынша азаматтарға беріледі, – деп хабарлады облыстық жер қатынастары басқармасы.

Инженерлік инфрақұрылым дайындалғанға дейін азаматтар өз кезегін күтіп, оның жылжуын тұрақты бақылап отыруы қажет.

Кезекті eGov.kz порталындағы «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінде немесе жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» арқылы, сондай-ақ ашық кадастрлық карта геопорталындағы «Кезекте тұрғандар тізілімі» бөлімінде ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Сонымен қатар, eGov.kz порталында кезекке тұру қызметі қолжетімді. Азаматтар кез келген өңірді таңдап, өтінішті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растай алады.

Айта кетейік, тегін жер телімін алу құқығы бір рет қана беріледі. Яғни кезек қай өңірде жылдамырақ жылжыса, жер телімі сол өңірден ұсынылады.

Бұдан бұрын Түркістан қаласында 95 350 азамат жер телімін алу үшін кезекте тұрғанын жазған едік.

Сонымен қатар Шымкент қаласында жер кезегінде тұрғандар 283 мың адамға жеткені хабарланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 12:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары