Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қаладағы жаңа, заманауи атшабар ресми түрде ашылып, бұл тарихи сәт кең көлемді мәдени-көпшілік іс-шарамен ұштасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 Алдымен ұлттық спорттың бірнеше түрінен әлемдік деңгейдегі сайыстарды қабылдаған атшабар Наурыз мейрамының да сәнін келтірді. Мыңдаған көрермен жиналған думанды кешке  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды әз-Наурызбен құттықтады.

– Қадірлі Түркістан жұртшылығы және қонақтар! Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – табиғат пен тіршіліктің ғана емес, адамзат баласының жан дүниесі жаңғыратын, көңілге шуақ, жүрекке жылу ұялайтын қасиетті кезең.

 Осынау ұлттық болмысымызды дәріптейтін мейрамды Түркі әлемінің рухани темірқазығы – киелі Түркістан төрінде қарсы алып отырмыз.

Түркістан – қазақ мемлекеттілігінің алтын бесігі, ұлттық рухымыздың асқақ символы.

Осында мәңгілік тыныс тапқан ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи – адамзатқа ортақ рухани құндылықтарды дәріптеген дара тұлға. Бұл қасиетті топырақта қазақ халқының елдігін қалаған хандар мен сұлтандар, билер жерленген.

Бүгінде Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, оның дамуына айрықша көңіл бөлінуде.  Биыл осы мемлекеттік қолдаудың арқасында Түркістан төрінде заманауи атшабар ашылып отыр. Халықаралық деңгейдегі бұл нысанда ұлттық спорт түрлерінен әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде Түркістан атшабарында онға жуық ұлттық спорт түрінен халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастырылуда.

Ал бүгін көкпардан әлем чемпионы анықталды. Баршаңызды осы қуанышты сәтпен құттықтаймын! Жаңа атшабар ел спортының дамуына серпін беріп,  чемпиондарды тәрбиелей берсін!

Ардақты ағайын! Кеше ғана қабылданған жаңа Конституция – еліміздің дамуының жаңа белесін айқындайтын маңызды құжат. Бұл құжатта әділетті қоғам құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әр азаматтың құқықтарын қорғау басты назарға алынған.

Ата Заң – мемлекетіміздің берік тұғыры, тәуелсіздігіміздің кепілі. Қадірлі ағайын!

Наурыз – жаңғыру мен тазалықтың бастауы. Түркістанның төріндегі осы берекелі жиында әр шаңыраққа ырыс пен бақ-береке тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк туы мәңгілік желбірей берсін! – деді Нұралхан Көшеров. 

Жаңадан ашылған атшабар – тек спорттық нысан емес, ұлттық дәстүр мен мәдениетті жаңғыртатын, халықаралық деңгейдегі ірі шараларды өткізуге мүмкіндік беретін бірегей кешен. Заманауи талаптарға сай салынған алаңда ұлттық ат спорты ойындары, мәдени фестивальдер мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге толық жағдай жасалған. Бұл – Түркістанның туризм және мәдени орталық ретіндегі әлеуетін арттыра түсетін маңызды жоба.

Мерекелік бағдарлама аясында Сауран, Ордабасы және Созақ аудандарының өнерпаздары сахна төріне шығып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әр ауданның шығармашылық ұжымдары ұлттық ән-күй мен заманауи туындыларды үйлестіре отырып, көрермен ықыласына бөленді. Халық әндері шырқалып, термелер орындалып, мың бұралған билер мерекенің көркін аша түсті.

 «Қош келдің, көктем» театрландырылған қойылымы ұсынылып,  жүздеген өнерпаз қатысқан сахналық көріністерде қазақ халқының салт-дәстүрі, жаңару мен береке, табиғаттың түлеп, тіршіліктің жандануы әсерлі түрде бейнеленді.

Сонымен қатар этно-фешн сән көрсетілімі ұйымдастырылып, ұлттық киімдер жаңа форматта ұсынылды.

Кешкі гала-концертте қазақ эстрадасының жұлдыздары Ернар Амандық, Ізбасар Кеңесов, Қазыбек Құрайыш, Артур, Әлем және облыстың өнерпаздары сахнаға шығып, мерекелік кештің шырайын кіргізді. Халық сүйіп тыңдайтын әндер орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Кеш соңы бұрын-соңды Түркістанда болмаған ауқымды отшашу шоуымен түйінделіп, Наурыз мерекесінің ажарын аша түсті.

Назгүл Назарбек, Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:265
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 12:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары