Үйге кірсем, темір төсекте жаңа туған үш сәби жатыр : Роза Рымбаева өміріндегі таңғажайып оқиғасын айтты
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстан эстрада өнерінің жұлдызы басынан өткен қызықтарын Aiqyn тілшісіне айтып берді
Осыдан көп жыл бұрын КТК арнасынан бір қарапайым қазақ әйелінің сұхбатын көрдім. Ол үшемді дүниеге әкеліп, алайда ешкімнен көмек көрмегенін айтып, көзіне жас алып отырды. Сұхбаттан кейін әлгі әйелдің мекенжайын жазып алдым. Кейіннен қолымдағы бар қаражатты жинап, өз аяғыммен сол әйелді ауылына іздеп бардым. Өзі қарапайым ғана жер үйде тұрады екен. Үйге кірсем, темір төсекте жаңа туған үш сәби жатыр. Олардың есімі Әли, Мәди және Мәдина екен. Содан кейін көмегімді бердім де, ештеңе күтпестен кері қайттым. Осы оқиғадан соң арада біршама жыл зулап өтті. Бір күні мен туралы арнайы бағдарламаның түсірілімі өтті. Сол бағдарламаға үш жасөспірім мен қасында анасы келіп тұр екен. Әйел маған қарап: «Сіз кезінде бізге көмек қолын созып едіңіз, міне, сол бөпелер қазір өсті», – деп балаларын көрсетті. Мен сол сәтте құлап қала жаздадым. Анасы осыдан бірнеше жыл бұрын берген қаражатқа теледидар алғандарын айтты. Расында, балалар өсіп, азамат болып қалыпты, - деді әнші
Сұхбатты толық мына сілтемеден оқи аласыз
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 19:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















