Үкімет Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем нысанының құрылысына 5,7 млрд теңге бөлді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
"Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасына және Ырғыз ауданындағы емханаға, Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салуға бағытталды. Барлық нысанды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ақтөбе қаласындағы Қарғалы тұрғын алабында құны 3 млрд теңгеден асатын, 10 санитарлық машина сиятын гаражбен жабдықталған, жылына 25 мың шақыртуға баруға арналған жедел және шұғыл медициналық көмектің жаңа қосалқы стансасы салынады.
Сонымен қатар өңірдегі қолданыстағы медициналық ұйымдардың қуатын кеңейтуге бағытталған екі жобаға қаражат бөлінді. Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі есебінен кабинет қоры кеңейтіліп, пациенттерді қабылдау жағдайы жақсарады.
"Атап айтқанда, Ырғыз аудандық ауруханасының жанынан ауысымына 300 адам қабылдауға арналған құны 1,3 млрд теңге болатын екі қабатты емхана ғимараты салынады. Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына құны 1,4 млрд теңге болатын екі қабатты ғимарат салынады", - дейді үкіметте.
Жалпы осы жобаларды жүзеге асыру медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңартуға және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 16:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















