Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Үкімет деңгейінде Қызылорда өңірінің әлеуметтік экономикалық даму мәселелері қаралды

Үкімет деңгейінде Қызылорда өңірінің әлеуметтік экономикалық даму мәселелері қаралды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында алдымен жоғары білім мен ғылым мәселелері талқыланды. Қатысушылар өңірдегі жоғары білім мен ғылым саласының әлеуетін жан-жақты саралады. Қызылорда облысында үш жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 20 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Кейінгі үш жылда студенттер саны 21%-дан астам артқан. Бұл — жастар арасында жоғары білімге деген тұрақты сұраныс бар екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.

Салаға жауапты министр еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша басым бағыттарды атап өтті. Сонымен қатар, өңірге қажетті кадрларды даярлау жұмысын білім беру тапсырысымен нақты сәйкестендіру және оқытуды практикаға бағыттап күшейту қажет екенін айтты.

— Мамандар даярлауда формалды тәсілден арылатын уақыт келді. Әкімдіктер кадр даярлау жұмысын алдын ала жоспарлап, білім беру тапсырысын нақты бағыттар бойынша жүргізуі тиіс. Өңірлік қолдау тетіктері, оның ішінде әкім гранттары мен өңірлік гранттар да болуы керек. Егер қандай да бір бағыттар нәтиже бермей, экономиканың сұранысына сәйкес келмесе, онда нақты шешімдер қабылдау қажет. Тіпті жекелеген факультеттерді оңтайландыруға дейін бару керек, — деді Аида Балаева.

Кеңесте денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер де талқыланды. Ведомствоның мәліметінше, өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің инфрақұрылымын және аудандық ауруханаларды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бағытта жаңа нысандар салу, сондай-ақ диагностикалық базаны жаңарту шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге нақты шешімдерді қажет ететін бірқатар түйткіл де көтерілді. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігін арттыру, алдын алу жұмыстарының нәтижесін күшейту, балалы отбасыларға көрсетілетін патронаж қызметінің сапасын жақсарту, скринингтердің объективтілігін қамтамасыз ету және ауруларды ерте анықтау тетіктерін жетілдіру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ кейбір аудандық ауруханаларда диагностикалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі салдарынан инсульт қызметінің жұмысы шектеліп отырғаны секілді өзекті мәселелер де назарға алынды.

Фото: Үкімет

Осы ретте Аида Балаева басты басымдық алдын алу жұмыстары болуы керектігін ерекше атап өтті.

— Біз үшін басты міндет — ауруды емдеуден бұрын, оның алдын алу шараларын жүйелі түрде күшейту. Біріншіден, скрининг сапасын арттырып, дертті ерте анықтауды формализмсіз жүргізу қажет. Екіншіден, медициналық қызмет көрсету деңгейі жоғары болуы тиіс. Үшіншіден, халықпен тұрақты әрі тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар бақылау қатаң болуы керек. Бөлінген қаражаттың қалай жұмсалғанын және тұрғындардың нақты қандай нәтиже алғанын көріп отыруымыз қажет. Өйткені Үкіметтің қаржысы — халықтың ақшасы, — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Жиында ҚР Оқу-ағарту министрлігі басқару сапасы мен оқу нәтижелеріне қатысты жүргізілген талдаудың қорытындыларын таныстырды. Проблемалық мәселелердің қатарында білім сапасын ішкі және сыртқы бағалау нәтижелері арасындағы айырмашылық ерекше аталды.

Сондай-ақ баяндамада кейбір білім беру ұйымдары біліктілік талаптарына сай келмегендіктен жабылғаны айтылды. Бұл жағдай білім сапасын бақылауды күшейтуді, мектептерге нысаналы әдістемелік қолдау көрсетуді, сонымен қатар саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді қажет ететіні атап өтілді.

Өңір үшін басым бағыт ретінде Байқоңыр қаласындағы мектептерді дамыту жобалары, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы № 3 IT мектеп-лицейі базасында «Жасанды интеллект» бейінді мектебін құру бастамасы көрсетілді.

Фото: Үкімет

Сонымен бірге, жұмыспен қамтуды әкімшілендіру және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасады. Ол субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына енгізілген өзгерістерді қосымша пысықтау және өңірлермен келісу қажет екенін жеткізді. Бұл ретте жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды нақтылау, сондай-ақ қолдау шараларын цифрлық құралдар арқылы сүйемелдеу тәжірибесін жетілдіру қажеттігі айтылды.

Тарихи-мәдени мұра нысандарына бай Сыр өңірінде мәдени туризмді дамыту мәселесі де кеңестің күн тәртібінен тыс қалған жоқ. Сонымен қатар жиында Байқоңыр ғарыш айлағының туристік әлеуеті де талқыланды.

Маңызды бағыттардың бірі ретінде тарихи-мәдени мұрамен жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, өңірде мәдениет және архив ісі саласында 413 ұйым қызмет етеді. Кейінгі жылдары бірқатар жаңа нысан пайдалануға беріліп, бұл мәдени инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуға және тұрғындардың жергілікті деңгейде көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен бірге, белгіленген нормативтерге сәйкес, тұрғындарды мәдениет мекемелерімен жеткілікті қамту үшін инфрақұрылымды әлі де кеңейту қажет екені айтылды.

Фото: Үкімет

Қорытындылай келе, Аида Балаева өңірдің негізгі даму бағыттары бойынша жүйелі жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе кадр даярлау ісін экономиканың нақты сұранысымен үйлестіру, нәтиже бермейтін білім беру бағдарламаларын қайта қарау, сондай-ақ мектептер мен жоғары оқу орындарындағы идеологиялық және тәрбиелік жұмысты бастауыш сыныптан бастап үнемі бақылауда ұстау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ғылым саласында ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту міндеті қойылды. Бұл ғылыми әзірлемелердің нақты нәтижеге айналып, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға тікелей ықпал етуі тиіс екені атап өтілді.

Сонымен қатар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтармен жұмысты күшейту, алдын алу шаралары мен скринингті жандандыру, вакциналауға қатысты жалған ақпараттың таралуына қарсы әрекет ету, емханалардағы қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, орфандық аурулар мен паллиативтік көмек мәселелері, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда болуы тиіс екені ерекше атап өтілді.

Әлеуметтік салада жастар арасындағы жұмыссыздықты талдау, оларды қолдауға арналған нақты әрі жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды креативті индустрия және қолөнер бағыттары арқылы еңбекке тарту қажеттігі көрсетілді.

Фото: Үкімет

Білім беру саласында бастауыш сыныптағы білім сапасын көтеру, мұғалімдердің кәсіби дайындығын күшейту, әрі педагогтердің жұмысын жеңілдету үшін жасанды интеллектіні көмекші құрал ретінде енгізу міндеті қойылды. Сонымен бірге балалардың сын тұрғысынан ойлауын және шығармашылық қабілетін қатар дамытуға басымдық берілуі тиіс.

Туризм саласында өңірдің туристік әлеуетін күшейту үшін даму тұжырымдамасына нақты ұсыныстар енгізу, инфрақұрылымды жақсарту және ақпараттық қолдауды арттыру тапсырылды. Сонымен қатар мәдени туризмді дамыту, іс-шаралар күнтізбесін қалыптастыру, сондай-ақ бірегей фестивальдер ұйымдастыру арқылы өңірдің туристік брендтерін жүйелі түрде ілгерілету қажет екені айтылды.

Кеңес қорытындысында өңірлік және республикалық деңгейде ақпараттық жұмысты күшейтудің маңызына ерекше назар аударылды. Нақты нәтижелерді ашық көрсетіп отыру қажеттігі айтылып, негізгі мақсат елдің дамуын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту екені атап көрсетілді.

Бұдан бұрын Аида Балаева Қарағанды өңірінің әлеуметтік дамуына қатысты тапсырмалар бергенін жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 10:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары