Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Үкімет 3 айдың әлеуметтік экономикалық даму қорытындысын шығарады

Үкімет 3 айдың әлеуметтік экономикалық даму қорытындысын шығарады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Оның барысында тілшілердің сауалына Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жауап береді.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 10 844,9 млрд теңгені құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым. Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласына (37,4%), Атырау облысына (15,2%), Астана қаласына (14,9%), Қарағанды облысына (5,1%) тиесілі. Бөлшек сауда көлемі 5 202,9 млрд теңге болды. Бұл 2025 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,8 пайызға артық.

Фото: Cауда және интеграция министрлігі

Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 2 пайызға ұлғайды. Дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасаушылардың көрсеткіші 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,6 пайызға өсті.

2026 жылғы қаңтар-наурызда мал мен құстың барлық түрінің тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгенінің көлемі өткен 2025 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда - 3,4, ал сиыр сүтінің өндірісі – 3,6, тауық жұмыртқасы 9,5 пайызға артты.

Есепті кезеңде байланыс қызметі бойынша нақты көлем индексі тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,9 пайыз болды. Байланыс қызметінің жалпы көлемінде едәуір үлесті Интернет желісі қызметтері, ұялы байланыс және өзге де телекоммуникациялық байланыс алады. 2026 жылғы наурызда ұялы байланыс абоненттері – 27 349,5 мың бірлікті, Интернетке қатынауы бар ұялы байланыс абоненттері – 17 849,1 мың бірлікті, тіркелген Интернет абоненттері – 3 343,1 мың бірлікті, тіркелген телефон желілерінің саны 2 109,2 мың бірлікті құрады.

Фото: railways.kz

Қаңтар-наурызда республика темір жол көлігімен 90,7 млн тонна жүк, 4,7 млн жолаушы тасымалданды. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау - 20,4, жолаушылар тасымалдау 9,5 пайызға артты. Әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны - 3,4 млн адам. Ал теңіз көлігімен 1 009 мың тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда 1,1 пайызға кеміді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Үкімет отырысында көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды. Күн тәртібіне шығарылған тақырып бойынша негізгі баяндама жасаған Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің дерегінше, еліміз көмір қоры бойынша әлемде 10-орында тұр. Қазіргі кездегідей өндіру көлемі болған жағдайда көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді. Қор көлемі - 33,6 млрд тонна. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көмір өндіру шамамен 115,9 млн тонна болды немесе 2024 жылмен салыстырғанда 7 пайызға өсті. Биыл 128,9 млн тонна деңгейінде көмір өндіру жоспарланып отыр.

Фото: Kazinfom/ Canva/ primeminister.kz

- Бүгінгі таңда пайдалы қатты қазбалар саласының 40 жер қойнауын пайдаланушысы көмірге қатысты 41 келісімшартпен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта көмір саласына жаңа инвестициялар тарту жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларына сәйкес көмір өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 305 млрд теңгені құрады. Ал 2026 жылы салаға инвестиция тарту 553,5 млрд теңге болады деп күтіледі, — деді Ерлан Ақкенженов.

Министр көмір химиясы саласында 3 жоба іске асырылып жатқанына тоқталды.

Оның дерегінше, біріншісі — Қарағанды облысында қуаты 132 млрд доллар болатын, 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу. Жұмыс орындары — 500 адамға дейін.

Сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарында құны 63 млн және 65 млн доллар болатын әрі 1 160 және 1 250 жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 2 жоба іске асырылады. Аталған жобалардың әрқайсысы көмірден 100 мың тоннаға дейін дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді.

Мұнан бөлек тағы 3 жоба пысықталып жатыр. Атап айтқанда, Қарағанды облысында кокс химиясы өндірісі, Абай облысында жылына 300 мың тоннаға дейін аммиак және 300 мың тонна карбамид өндірісі іске қосылуы мүмкін. Сонымен қатар көмірден жылына 2 млрд текше метр газ өндіретін жоба бар. Бұл нысанның орналасатын жері әлі айқындалмаған.

Ал «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Көкшетау, Семей, Өскемен ЖЭО құрылысы қай кезеңде тұрғанын айтып берді.

Фото: Алматы әкімдігі

Оның айтуынша, Көкшетауда ЖЭО бойынша жобалау және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті коммуникация тартылды. Кірме жолдар салынды. Сондай-ақ, ЖЭО өзі және инфрақұрылымдық нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Станцияны 2029 жылғы бірінші тоқсанда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал Семей мен Өскемендегі станцияларды іске қосу мерзімі 2029 жылғы төртінші тоқсанға белгіленген. Қос қаладағы ЖЭО бойынша 2026 жылы 30 қаңтарда Қазақстан сингапурлық консорциуммен EPC келісімшарттар жасады. Екі жоба бойынша бірнеше шара жоспарланып отыр.

- Мердігер негізгі жабдықтарды дайындау үшін 2026 мамыр айында зауыттарға тапсырыстар беруді бастайды. Ал осы айда инженерлік-геологиялық және топографиялық ізденістер жүргізіп, алаң аумақтары мен инфрақұрылымды дайындау жұмыстары басталады. Негізгі жабдықтарды жеткізу 2027 жылдың үшінші тоқсанында басталады, — деді «Самұрық-Энерго» төрағасы.

Аталған үш станция да жасанды интеллект және «таза көмір» технологиясын қолданатын болады. Жасанды интеллект бойынша негізгі жабдықтарға предиктивті диагностика енгізу мақсатында вибрациялық, акустикалық, термиялық және басқа да датчиктер орнатылады. Осы датчиктерден алынған ақпарат ақауларды уақтылы анықтауға және апаттарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Отырысты түйіндеген Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы ел экономикасында көмірмен қуат өндіру ісінің маңызын әрдайым атап өтіп, саланы одан әрі дамыту үшін бірқатар бағыттарды айқындап бергеніне назар аудартты.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы \ Kazinform

— Көмір қоры бойынша біз әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреміз. Бұл — біздің елеулі бәсекелік артықшылығымыз, оны тиімді пайдалануға тиіспіз. Көмір әлем елдерінде, соның ішінде ең көп энергия пайдаланатын өндірістермен қатар, цифрлық платформалар үшін де маңызды қуат көздерінің бірі болып қала береді. Сонымен қатар кейінгі уақытта қоршаған ортаға әсері барынша аз «Таза көмір» технологиялары белсенді дамып келеді. Бұл бағытта Қытай, АҚШ, Үндістан, Оңтүстік Корея және басқа елдердің қалыптасқан тәжірибелері бар. Атап айтқанда, кейінгі жылдары көмірқышқыл газы мен қоспаларды 90 пайызға дейін ұстап қалып, зиянды қалдықтарды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қарқынды дамуда. Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек, — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Премьер-министр мынадай нақты тапсырмалар жүктеді:

- Энергетика министрлігі Экология министрлігімен бірге бір ай ішінде қолданыстағы энергия көздеріне талдау жүргізіп, әрбір станция бойынша «таза көмірге» негізделген заманауи экологиялық технологияларды енгізуге байланысты жол картасын әзірлеп, бекітуі тиіс;

- қолданыстағы көмір электр станцияларында заманауи тазарту жүйелерін, оның ішінде электрофильтрлерді қолдана отырып, кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз етуі қажет;

- тазарту жүйелерінің тиімділігін арттыру және халықаралық тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеу бойынша зерттеу жұмыстарын жандандыруы керек;

- Энергетика министрлігі 1 шілдеге дейін көмір химиясы саласын кешенді мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингімен бірге көмір химиясы жобаларын қаржыландырудың нақты тетіктерін әзірлеуі шарт;

- Энергетика министрлігі көмір өнеркәсібі кәсіпорындарымен бірге цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бір ай ішінде көмір өндіру тиімділігін арттыру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуге тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 08:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see146

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see142

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see139

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see138

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see127

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары