Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Үкімет регламенті жаңартылды

Үкімет регламенті жаңартылды

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Құжатта Үкіметтің Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы мүддесін білдіруді және оның заң шығарушы билік тармағымен тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді Үкіметтің Құрылтайдағы өкілі жүзеге асыратыны айтылған.

Отырыстарда қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін Үкімет мүшелерінің ұсыныстары негізінде Үкімет аппараты қалыптастырады. Бұл ұсыныстар жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірілмей Үкімет аппаратына ұсынылуы тиіс. Кейін тізбе Премьер-министрмен және оның орынбасарларымен келісілгеннен кейін Үкімет аппаратының басшысы бекітеді.

Бекітілген жоспарланған мәселелер тізбесін Үкімет аппараты Үкімет мүшелеріне, елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне, қажет болған жағдайда басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына жолдайды.

Үкімет аппаратының шақыруымен отырыстарға Президенттің актілерімен мұндай құқық берілген лауазымды тұлғалар, Құрылтай депутаттары, өңір әкімдері, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Үкімет аппаратының қызметкерлері және өзге де тұлғалар қатыса алады.

Үкімет қаулылары мен Премьер-министрдің өкімдерінің жобалары Конституцияны, заңдарды, Президенттің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді негізге ала отырып және оларды орындау мақсатында әзірленеді.

Жобалар (Құрылтайға заң жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларының жобаларын қоспағанда) мемлекеттік органдармен 3 жұмыс күні ішінде келісіледі. Ал Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері (ақпараттандыру және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау саласындағы салааралық үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган ретінде) мұндай жобаларды 5 жұмыс күні ішінде келіседі. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау немесе оларға қосылу мәселелері бойынша жобаларды Сыртқы істер министрлігі 5 жұмыс күні ішінде келіседі.

Егер жоба мемлекеттік органда 3 жұмыс күнінен артық (ал Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінде 5 жұмыс күнінен артық) келісуде болып, жауап берілмесе, онда мұндай жоба үнсіз келісілген болып есептеледі.

Қарыздар туралы халықаралық шарттарды ратификациялау немесе олардың күшін жою туралы заң жобаларын Құрылтайдың қарауына енгізу жөніндегі қаулылардың жобалары мемлекеттік органдармен 3 жұмыс күні ішінде келісіледі.

Заң жобалары (кодекс жобаларын қоспағанда) мемлекеттік органдармен 5 жұмыс күні ішінде, ал Әділет министрлігімен 7 жұмыс күні ішінде келісіледі. Қазақстан Республикасы кодекстерінің жобалары мемлекеттік органдармен 7 жұмыс күні ішінде, ал Әділет министрлігімен 10 жұмыс күні ішінде келісіледі.

Жобаларды Үкімет аппараты жұмыс күндері күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ИССП арқылы электрондық форматта қабылдайды. Қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын жобалар электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚАЖ) арқылы қабылданады. Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберу мүмкін болмаған ерекше жағдайларда ғана жобаларды қағаз түрінде тапсыруға болады. Мемлекеттік құпияларды қамтитын жобалар сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қағаз жеткізгіште, әр парағына параф қойылып, келісу парағымен бірге және электрондық жеткізгіште (CD-диск) қабылданады.

Заң жобалары жұмыс күндері күн сайын ЭҚАЖ арқылы электрондық форматта және қағаз жеткізгіште сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.

Үкімет мүшелерінің дауыс беруі мына мәселелер бойынша жүргізіледі:

Үкімет қаулыларының жобалары;Құрылтай депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары бойынша Үкімет қорытындыларының жобалары;Құрылтайдың қарауындағы заң жобаларына Құрылтай депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет қорытындыларының жобалары;Құрылтайда заң жобаларын қарау барысында ұсынылатын түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымдары.

Келесі жылға арналған жоспарды қалыптастыру Президенттің Жолдауын, Конституциялық соттың нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-министрдің және Үкіметтің шешімдері мен (немесе) тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жоспар-кестелерді, заңдардың құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында қабылдануы көзделген нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Жоспарға міндетті түрде президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-министрдің тапсырмаларынан туындайтын заң жобалары, сондай-ақ бастамашылық заң жобалары енгізіледі.

Келесі жылға арналған жоспардың жобасын Әділет министрлігі заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары бойынша оң қорытындысы негізінде қалыптастырады. Бұл құжаттарды мемлекеттік органдар жыл сайын 1 тамызға дейін Әділет министрлігіне ұсынады. Сонымен қатар консультативтік құжаттар жыл сайын 1 қыркүйекке дейін Ведомствоаралық комиссияда мақұлдануға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар Қазақстан халқына Президент Жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындау, сондай-ақ Конституциялық соттың қорытынды шешімдерін іске асыру мақсатында әзірленетін консультативтік құжаттарға қолданылмайды.

Жоспар жобасында міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

келесі жылы әзірленуі жоспарланған заң жобасының атауы, онда оның деңгейі, нысаны және құқықтық реттеу пәні көрсетіледі;заң жобасын әзірлеу мерзімдері (Әділет министрлігіне, Үкіметке және Құрылтайға енгізу мерзімдері);заң жобасын әзірлеуге жауапты органдар, ұйымдар және бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлғалар.

Бұл ретте заң жобасын Құрылтайға енгізу мерзімі оны Үкіметке енгізу үшін белгіленген мерзімнен кемінде екі айдан кейін болуы тиіс. Бұл талап Бюджет кодексін іске асыру мақсатында әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.

Қолданыстағы жоспардың орындалуын жалпы бақылау мен үйлестіруді Әділет министрлігі жүзеге асырады.

Заң жобаларын әзірлеушілер әр айдың 25-күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде жоспардың орындалу барысы, басым заң жобаларының дайындалуы, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-министрдің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларының әзірленуі, олардың Үкімет пен Құрылтайда қаралу барысы туралы ақпаратты орналастырады.

Әділет министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын жинақтап:

жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде жоспардың орындалуы, басым заң жобаларының дайындалуы, Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-министрдің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларының әзірленуі және олардың Үкімет пен Құрылтайда қаралуы туралы жиынтық ақпаратты орналастырады;заң жобаларын әзірлеу мерзімдерінің бұзылуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты және заң жобаларын әзірлеу мерзімдерінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі ұсыныстарды Үкімет аппаратына енгізеді.

Егер жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылса, Үкімет аппаратының басшысы Әділет министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, заң жобаларын әзірлеу мерзімдерінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты Премьер-министрге енгізеді.

Егер жоспарда көзделген заң жобаларын Үкіметке немесе Құрылтайға енгізу мерзімдерін ауыстырудың объективті себептері туындаса, әзірлеуші белгіленген мерзім басталғанға дейін бір ай бұрын мынадай құжаттарды жолдайды:

заң жобаларын Үкіметке немесе Құрылтайға енгізу мерзімін ауыстыру себептері көрсетілген Премьер-министрдің атына негіздеме-хат;белгіленген тәртіппен келісілген Үкімет қаулысының жобасы;Жоспарда көрсетілген заң жобасын әзірлеуге және енгізуге жауапты саяси мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы орталық мемлекеттік орган басшысының ұсынысы.

Заң жобасын Үкіметке немесе Құрылтайға енгізу мерзімін ауыстыруды Премьер-министрмен келісуді мемлекеттік орган-әзірлеушінің ұсынысы бойынша оның орынбасарлары немесе Үкімет аппаратының басшысы қамтамасыз етеді.

Егер жоспарда көзделген заң жобасын Үкіметке немесе Құрылтайға енгізу мерзімін кейінге қалдыру мәселесі қайтадан көтерілсе, мемлекеттік орган-әзірлеушінің бірінші басшысының жауапкершілігі туралы мәселе қаралады.

Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, олар бойынша дауыс беру, сондай-ақ келіспеушіліктерді қарау тәртібі Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас жүзеге асырылады. Бұл ретте "Құқықтық актілер туралы" заңда, Құрылтай регламентінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктер сақталады.

Халықаралық шарттарды ратификациялау, олардың күшін жою және оларға қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу мен енгізу "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Үкімет Құрылтайдың қарауына енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңға сәйкес жүргізілген халықаралық шарттардың ғылыми сараптамасының нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.

Жоспар негізінде әзірлеушілер жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей заң жобаларын оларды Құрылтайға енгізу туралы Үкімет қаулыларының жобаларымен бірге Үкімет аппаратына енгізеді.

Заң жобаларын Үкімет аппаратына енгізу тәртібі Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады. Бұл ретте "Құқықтық актілер туралы" заңда, Құрылтай регламентінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктер сақталады.

Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға және елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган Құрылтайдың шұғыл қарауына енгізілетін заң жобасын, сондай-ақ заң күші бар тиісті уақытша Үкімет қаулысын әзірлеу мәселесін бастамашылық етуге құқылы.

Мұндай жобалар Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкіметтің отырысына кейіннен дауыс беру үшін немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады. Бұл рәсімнің мерзімі 3 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Заң жобасын Құрылтайдың шұғыл қарауына енгізу 2 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ заң күші бар тиісті уақытша Үкімет қаулысын қабылдау және аталған заң жобаларын іске асыру үшін әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту Үкімет отырысы немесе сырттай дауыс беру өткізілген күннен бастап 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Мынадай заң жобалары міндетті түрде таныстырылымнан (презентациядан) өтеді:

Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары;Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын іске асырудың негізгі бағыттары жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында әзірленген заң жобалары;Президенттің, Премьер-министрдің, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау үшін әзірленген заң жобалары.

Сондай-ақ міндетті түрде таныстырылымнан өтеді:

Құрылтай депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары бойынша Үкімет қорытындыларының жобалары;Құрылтайдың қарауындағы заң жобаларына Құрылтай депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет қорытындыларының жобалары;Құрылтайда заң жобасын қарау барысында Президент пен Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша енгізілетін түзетулерге қатысты мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымдары.

Бұдан бөлек, Регламентте заң жобаларын Құрылтайға енгізу тәртібі де өзгереді.

Үкіметтің бастамасы бойынша Құрылтайдың қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде заң жобасын әзірлеген мемлекеттік органның басшысы, Әділет министрі, Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Үкімет аппаратының басшысы, Премьер-министр қол қояды.

Заң жобасына қоса берілетін Үкіметтің фирмалық бланкіндегі түсіндірме жазбаға Үкімет аппаратының басшысы виза қойып, оған Премьер-министр қол қояды.

Құрылтайдың қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларын Үкімет аппараты қағаз жеткізгіште және мемлекеттік әрі орыс тілдеріндегі электрондық құжаттар форматында Құрылтайға енгізеді.

Сонымен қатар, Регламентке заң шығару қызметін жоспарлау бөлігінде де өзгерістер енгізілді.

Қаулы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:44
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 17:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары