Украина Қара теңіз арқылы астық экспорттауда қиындыққа тап болды БАҚ
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Украина Қара теңіз порттары арқылы астық экспорттауда қиындықтарға тап болып отыр, деп жазды Financial Times газеті.
Одесса облысындағы "Черноморск" порты әскери мақсаттағы жүктер мен Украина Қарулы күштеріне арналған жанар-жағармай материалдарын жеткізетін негізгі логистикалық тораптардың бірі саналады. Сонымен қатар ол Украинаның ауыл шаруашылығы экспортының шамамен 90 пайызын қамтамасыз етеді.
"Украина Қара теңіз арқылы астық тасымалдауда қиындықтарға тап болып отыр", – делінген Financial Times сайты жариялаған материалда.
Батыс басылымының пайымдауынша, кеме қатынасына қатысты проблемалар Украина Қарулы күштеріне жүк жеткізуге пайдаланылатын Қара теңіз порттары маңындағы әскери нысандарға Ресей Қарулы күштерінің соққы жасауы салдарынан туындаған. Газеттің мәліметінше, Украина Қарулы күштерінің мүддесіне пайдаланылатын Одессадағы ең ірі порт қойма сыйымдылығының үштен бірінен айырылған, ал тасымалдаушылар бұл портқа кемелерін жіберуден бас тартып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 16:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















