Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Шымкенттік кәсіпкерлер ет экспорттауда қиындыққа тап болып отыр

Шымкенттік кәсіпкерлер ет экспорттауда қиындыққа тап болып отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұрын 1 мың бас малға арналған бордақылау алаңы бар кәсіпкерлер ет өнімдерін шетелге еркін экспорттай алатын. Алайда жаңа талапқа сәйкес, тек 5 мың бас малға арналған бордақылау алаңы бар кәсіпкерлерге ғана өнімді сыртқы нарыққа шығаруға рұқсат етілген. Ал мұндай кәсіпорындар Шымкент қаласында тіркелмеген.

Кәсіпкер Тахирбек Нышанбаев егер бұл мәселе шешілмесе, мал бордақылау кәсібі тиімсіз салаға айналуы мүмкін екенін айтады.

— Қазіргі таңда қалада 40-қа жуық ірі ет өндіруші бар. Алайда 5 мың бас малға қойылатын талапты айтпағанда, 1-2 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы бар кәсіпорындардың өзі саусақпен санарлық. Оның үстіне, олардың да өнімін сыртқы нарыққа шығару мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрі келген кезде де көтердік. Біздің ұсынысымыз — квотаны 5 мың басқа емес, 1 мың басқа арналған бордақылау алаңдарына беру. Осы ұсыныс іске асырылса, шағын шаруашылықтар да экспорттық нарыққа қатыса алады және қалада мал шаруашылығы тұрақты дамиды, — деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өндірілген ет өнімдері қала дүкендеріне, көршілес Түркістан облысындағы ірі қара мал етін экспорттайтын кәсіпорындарға өткізіліп жатыр.

— Малды ұстап тұруға мүмкіндік жоқ, сондықтан өткізуге мәжбүрміз. Қазіргі жағдайда кейбір кәсіпкерлерге қаражатты уақытында төлемеу немесе кешіктіру мәселелері де кездеседі. Экспорттың шектелуіне байланысты көптеген кәсіпкер табыс болмай жатқанын айтып, ары қарай мал ұстамауға бекініп отыр. Бұл болашақта қалада мал санын азайтып, ет тапшылығына әкелуі мүмкін, — деді ол.

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиевтың айтуынша, енгізілген шектеулер ішкі нарықта сиыр еті бағасының қымбаттауын тежегенімен, бірқатар мәселелердің туындауына себеп болып отыр.

— Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін экспорттауға 13 мың тонна көлемінде квота енгізілген. Экспорттық квотаны бөлу қағидасына сәйкес, сиыр етін экспорттау үшін жеке және заңды тұлғалардың ет өңдеу кәсіпорны мен кемінде 5 мың бас ірі қара малға арналған жеке бордақылау алаңы болуы тиіс. Іс жүзінде бұл талаптарға елімізде санаулы ғана компания сәйкес келеді. Мысалы, Шымкент қаласында сыйымдылығы 1 мың бас ірі қара малға арналған 9 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл шаруалардың экспорттық әлеуеті төмендеп отыр, — деді ол.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Шымкент қаласында бүгінде 96 мыңнан аса ірі қара мал бар.

— Бұл мәселе Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында да, басқа да түрлі деңгейде талқыланды. Осыған орай «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сиыр етін экспорттаушыларға қойылатын талаптарды, атап айтқанда, кемінде 5 мың бас ірі қара малға арналған жеке бордақылау алаңының міндетті түрде болуы жөніндегі талапты қайта қарауды ұсынып отыр, — деді Бауыржан Бердалиев.

Осыған қатысты Kazinform тілшісінің сауалына Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймырзаев жауап беріп, жағдайды түсіндірді.

— Былтыр 31 желтоқсанға дейін 13 мың тонна ет экспортына квота берілді. Ал биылғы 1 қаңтардан бастап ірі қара етін шетелге сатуға тағы 6 айға шектеу енгізіледі, яғни квота көлемі 20 мың тонна болып белгіленді. Квота талаптарына сәйкес, 5 мың бас бордақылау алаңы болуы және оған қоса жеке ет комбинаты жұмыс істеуі қажет. Сонымен қатар, бұл бағытта сыртқы экономикалық келісімшарттардың болуы міндетті. Бұл талаптардың себебін дұрыс түсіну қажет, өйткені 1 мың бас бордақылау алаңдары ет комбинаттарының өндірістік қуатын толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, 5 мың бастан шамамен 1 мың тонна ет, ал 1 мың бастан шамамен 200 тонна ет алынады. Алайда 200 тонна етпен сыртқы нарықтағы сұранысты толық қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себепті осындай талаптар енгізіліп отыр. Ал 5 мың бас бордақылау алаңдары сыртқы нарықтағы сұранысты тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл процестің бәрі ветеринариялық толық қадағалаумен жүзеге асырылады. Мал 4 ай бойы бордақылау алаңында тұрып, кейін ет комбинатына өткізіледі. Бүкіл кезең арнайы цифрлық жүйе арқылы бақылауда болады. Сонымен қатар, халықаралық жануарларды қорғау ұйымының талаптары да ескерілген. Ол ұйым да толық қадағалау жүйесінің болуын міндеттейді. Сондықтан бұл квотаны халықаралық талаптарға сай енгізілген жүйе деп түсінген жөн, — деді ол.

Министрліктің мәліметінше, квоталау енгізілген сәттен бастап сиыр еті экспортының көлемі 4,3 мың тоннаға жеткен.

— Өткен жылы 22,4 мың тонна сиыр еті экспортталса, биылғы меже 30,6 мың тоннаны көрсетті. Осылайша экспорт көлемінің 1,4 есеге артқаны байқалды. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша елдегі ірі қара мал саны 8,3 млн басқа жетті, яғни өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға артқан, — делінген ведомствоның ұсынған жауабында.

Бұдан бұрын сиыр еті экспортына квота енгізу ішкі нарықтағы бағаға қалай әсер еткенін жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 16:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары