Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

Сауд Арабиясы Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды

Тазару үшін Меккеге бардым . Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің кісі өлтіргеннен кейінгі бағыты ашылды

Қазақстанда конверттегі жалақы мәселесін шешуге бағытталған цифрлық жүйелер енгізіледі

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы сот залында қамауға алынды

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

Ұлттық киім күні: дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімі

Ұлттық киім күні: дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ұлттық киім: болмыс бедері мен рухани код 

Қазақ дүниетанымында киім – жай ғана тұрмыстық бұйым емес, ұлттың ішкі болмысын танытатын айрықша белгі. «Адам көркі – шүберек» деген сөздің астарында сыртқы келбеттен бұрын, адамның қоғамдағы орны мен мәдени деңгейін аңғартатын терең мән жатыр. Сондықтан ұлттық киім – тек сәндік элемент емес, ол – ұлттың рухани коды, тарихи жады мен танымының көрінісі.

Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім үлгілері халықтың өмір салтымен, табиғатпен байланысымен және дүниені қабылдау ерекшелігімен тығыз сабақтас. Киімдегі әрбір өрнек, әрбір түс пен пішін – кездейсоқ таңдау емес, белгілі бір мағынаға ие таңба. Зерттеушілер мұны халықтың «тілсіз тарихы» деп атауы да тегін емес. Өйткені киім арқылы өткеннің ізі, танымның табы, тұрмыстың тынысы айқын аңғарылады.

Тарихқа үңілсек, адамзат баласы әуелде табиғаттың ықпалынан қорғану үшін аң терісін жамылып, жүннен жіп иірген. Уақыт өте келе бұл қажеттілік мәдени сипат алып, киім әлеуметтік, рухани мәнге ие болды. Әр халық өз болмысына сай киім үлгілерін қалыптастырып, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізді.

Бұл үрдіс қазақ қоғамында да айқын көрініс тапты. Қазақтың ұлттық киімдері – көшпелі тіршілікке бейімделген өмір салттың, табиғатпен үйлесімнің нақты айғағы. Киім пішініндегі кеңдік пен ыңғайлылық еркін қозғалысты қажет еткен дала тұрмысына сай келсе, оның көркемдік сипаты халықтың дүниетанымымен астасып жатыр. Ал ою-өрнектер – осы танымның тілсіз шежіресі іспетті.

Бүгінде ұлттық киімнің маңызы жаңа қырынан танылып отыр. Жаһандану үдерісі күшейген сайын ол ұлттық бірегейлікті сақтаудың, төл мәдениетті жоғалтпаудың маңызды тетігіне айналды. Осы тұрғыдан алғанда, Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күні – жай ғана мерекелік дата емес, ұлттың өз-өзіне қайта үңілуіне мүмкіндік беретін мазмұнды рухани бастама.

Фото: Баяхмет Жұмабайұлының жеке мұрағатынан

Этнограф Баяхмет Жұмабайұлының сөзінше, ұлттық киім – кез келген халықтың өзіндік болмысын айқындайтын маңызды белгі.

— Ұлт бар жерде ұлттық киім бар. Киім – сол халықтың өмір салты мен дүниетанымының айнасы. Адамзат тарихында адамдар әуелі жапырақтан, аң терісінен киім жасағаны белгілі. Кейін келе киім ұлттың танымалдылығы мен мәртебесін айқындайтын белгіге айналды, — дейді этнограф.

Оның айтуынша, қазақтың дәстүрлі киімдерінің ерекшелігі, ең алдымен, оның ою-өрнектерінен көрінеді. Бұл өрнектер тек сәндік қызмет атқарып қоймай, терең символдық мағынаға ие.

— Мәселен, халық арасында кең тараған «қошқар мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді: арқар мүйіз, теке мүйіз, қыңыр мүйіз. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір ұғымды білдіреді. Айталық, арқар мүйіз өрнегі дала еркіндігін, күш-қуатты меңзейді, — дейді ол.

Ұлттық киімнің тарихи мәнін сақтау – бүгінгі күннің өзекті талабы

Қазақ мәдениетінде киім – ұлт тарихы мен дәстүрінің айнасы. Әрбір ою-өрнек, әрбір әшекей белгілі бір дәстүрді, адамның жасын, әлеуметтік мәртебесін көрсетеді. Сол себепті ұлттық киімнің тарихи мәнін сақтау бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр.

Дизайнер Камила Жапалова ұлттық киімді жаңғыртқанда осы тарихи кодқа ерекше мән беру керектігін айтады.

– Әр халықтың өзіне тән стилі мен өрнек әлемі болады. Бір елдің киім үлгісін көрген адам оның қай халыққа тән екенін бірден ажырата алады. Қазақтың да өзіндік этностық стилі, бай ою-өрнегі мен дәстүрлі киім үлгілері бар, – дейді дизайнер.

Алайда бүгінгі таңда ұлттық киім көбіне сахналық немесе театрлық костюм ретінде қабылданады. Күнделікті өмірде киюге болатын заманауи стиль әлі де аз.

– Киімнің пішімі заманауи талапқа сай, сапасы жоғары, сәнді әрі ыңғайлы болуы тиіс. Сол кезде этностиль тек мерекелік емес, күнделікті өмірдің бір бөлігіне айнала алады, – деп түсіндіреді Камила Жапалова.

Фото: Камила Жапалованың жеке мұрағатынан

Ұлттық киімнің әр элементінің өзіндік тарихы мен символдық мағынасы бар. Дизайнер атап өткендей, кейде ұлттық әшекейлер мен ою-өрнектердің бастапқы мәні ескерілмей, әртүрлі элементтер араласып кетеді. Әрбір сырға, шашбау немесе басқа да әшекей белгілі дәстүрге сай, адамның жасына немесе әлеуметтік мәртебесіне байланысты тағылған.

– Мысалы, қазақ оюларының әрқайсысы өз символдық мазмұнына ие. Ертеректе қыз ұзатқанда киімге арнайы оюлар кестеленіп, қызға ақ тілектер – бақыт, береке, ұрпақ жалғасы сияқты ізгі ниеттер жеткізілген. Сондықтан мағынасы терең өрнектерді орынсыз қолдану дұрыс емес. Декоративтік немесе креативтік мақсатта жаңа өрнектерді қолдануға болады, бірақ үйлесім мен жарасымдылық сақтау маңызды, – дейді Камила Жапалова.

Ою-өрнек – біздің салт-дәстүріміздің, мәдениетіміздің, тарихымыздың көрінісі, тәңіршілдіктің тамғасы. Ол адам өмірінің барлық кезеңдерін, табиғатпен байланысын, өмір мен өлім, күн мен түн, ер мен әйел арасындағы тепе-теңдікті бейнелейді.

ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі Айдана Әлайдарова қазақ оюларын қолдануда жиі кездесетін қателіктерге тоқталды.

– «Қошқар мүйіз» оюында сағат тілімен және оған қарсы бағыттағы қозғалысты байқаймыз. Көбіміз одан басқасын білмейміз. Шын мәнінде балаларға, ерлер мен әйелдерге арналған өрнектер бар. Белден төмен, белден жоғары, бас киімге, камзолға, шапанға салынатын түрлері бар. Тірі адамға тіршілік белгісін білдіретін өрнектерді дұрыс қолдану қажет. Қазіргі күні көптеген оюларды қате пайдаланып жүр. Мысалы, бас киімге арналған өрнекті етікке немесе керісінше саламыз, – дейді ол сұхбатында.

Айдана Әлайдарова атап өткендей, кәсіби қолөнершілер мен кәсіпкерлер ұлттық киім мен ою-өрнектің мәнін терең меңгеріп, оны бизнеске айналдыруы тиіс. Қазіргі таңда базардағы шапандардың көбісі Қырғызстаннан әкелінеді, ал оюларды дұрыс қолдану үшін кәсіби білім мен тәжірибе қажет.

Ұлттық киім күнделікті стильдің бір бөлігіне айнала ала ма?

Дизайнер Рауан Садуақасованың айтуынша, қазіргі уақытта жастар арасында ұлттық киім мен этностильге қызығушылық біртіндеп артып келеді. Дегенмен олар толық дәстүрлі киім киюді сирек таңдайды.

– Кимано, шапан, корсет, ұлттық өрнегі бар кеудешелер немесе этникалық аксессуарлар – жастардың күнделікті киімінде жиі қолданылатын элементтер. Қазақтың дәстүрлі киімдерін заманауи сәнге бейімдегенде көбіне ою-өрнек, табиғи маталар, барқыт пен жібек қолданылады. Ұлттық киімді күнделікті киімге айналдыру үшін оны жеңіл, функционалды формада жасап, базалық киімдермен үйлестіру қажет. Сол кезде этностиль тек көркемдік мәнге ғана емес, күнделікті өмірге де бейімделеді, – дейді дизайнер.

Фото: Рауан Садуақасованың жеке мұрағатынан

Рауан Садуақасова этностильді дамытудағы басты қиындық қазақстандық дизайнерлер үшін – ұлттық дәстүр мен заманауи сән арасындағы тепе-теңдікті сақтау екенін айтады.

– Ұлттық киімнің мәдени кодын сақтай отырып, оны қала өміріне ыңғайлы, минималистік әрі күнделікті киюге лайық форматта ұсыну өте маңызды. Сонымен қатар, өндірісті кеңейту, сапалы материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету және этностильді тек мерекелік киім емес, күнделікті гардеробтың табиғи бөлігіне айналдыру – дизайнерлердің алдағы басты міндеттерінің бірі, – дейді ол.

Дизайнер Камила Жапалова ұлттық киім тек мерекеде ғана киетін киім болмауы керек деп есептейді.

- Ұлттық киім күнделікті өмірде де қолданылатын, жұмысқа барғанда немесе қонаққа шыққанда киюге болатын заманауи киімге айналуы тиіс. Ол үшін дизайн сапасын көтеріп, өндіріс мәдениетін дамыту қажет. Бұл тек бір-екі дизайнердің қолынан келетін жұмыс емес, ұлттық киім индустриясын дамыту – қоғам мен мемлекет қолдауы қажет бағыт, – дейді дизайнер.

Маманның айтуынша, базардан алынған дайын киімді ою-өрнекпен безендіріп кию кейде ұлттық стиль деп қабылданып жатады. Алайда бұл толыққанды ұлттық стиль деп айтуға болмайды. Шын мәнінде қазақтың жеке сәндік стилі әлі де дамып, қалыптасу үстінде.

Коллаж: Kazinform / Nano Banana

Ұлттық киім индустриясының дамуы: маман тапшылығы мен сапа мәселесі

Дизайнер Камила Жапалова ұлттық киім өндірісіндегі басты кедергілердің бірі – сапалы матаның тапшылығы екенін айтады.

— Өкінішке қарай, Қазақстанда ұлттық киімге арналған сапалы маталар өндірісі дамымаған. Көп жағдайда мата Қырғызстаннан, Өзбекстаннан немесе басқа елдерден әкелінеді. Мысалы, барқыт маталар көбіне сырттан келеді. Ал сапалы матадан тігілген киімдер негізінен ауқатты адамдардың ғана қолына жетеді, бағасы да жоғары, — дейді дизайнер.

Оның айтуынша, сапасыз матадан тігілген киімдер халыққа қолжетімді болғанымен, ұлттық киімнің сапасы мен беделі төмендеуі мүмкін.

— Ал көпшілікке арналған киімдер кейде сапасыз матадан тігіліп жатады. Тіпті кейбіреулер жиһаз немесе көрпе қаптауға арналған маталарды пайдаланады. Мұндайда ұлттық киімнің сапасы мен беделі төмендеп кетуі мүмкін, — деп түсіндіреді дизайнер.

Камила Жапалова ұлттық киім индустриясындағы тағы бір өзекті мәселе ретінде кәсіби мамандардың тапшылығын атап өтеді. Оның айтуынша, бұл салада тек тігіншілердің болуы жеткіліксіз.

— Ұлттық киім өндірісінде киім үлгісін жасайтын дизайнерлер, пішім жасаушылар және техникалық мамандар қажет. Өкінішке қарай, мұндай кадрларды жүйелі түрде дайындайтын орта толық қалыптаспаған. Соның салдарынан сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығару қиын, — дейді Камила Жапалова.

Дизайнердің пікірінше, бұл мәселе тек жекелеген шеберлердің емес, тұтас индустрияның дамуына әсер етеді. Егер сала кешенді түрде қолдау таппаса, отандық нарық сырттан келген дайын өнімдерге тәуелді болып қала береді.

— Егер мемлекет пен қоғам тарапынан жүйелі қолдау көрсетілсе, ұлттық киім индустриясын жаңа деңгейге көтеруге болады. Әйтпесе біз сырттан келген дайын киімдерді тұтынып, өзге елдердің үлгілерін қайталаумен шектелеміз, — дейді ол.

Қорыта айтқанда, ұлттық киім – тек тарихта қалған мұра емес, бүгінгі күнмен бірге дамуы тиіс мәдени құндылық. Оны дамыту – тек сән индустриясының емес, ұлттық болмысты сақтаудың да маңызды тетігі. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілсе, ұлттық киім заман талабына сай жаңарып, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналары сөзсіз.

Коллаж: Kazinform

«Наурызнама» онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күні» күні туралы мына сілтемеден оқуға болады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 09:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңаөзен, стереотиптер және “мұнайға тәуелділік”. Маңғыстау әкімімен сұхбат

15 Маусым 2026 10:49see125

Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

15 Маусым 2026 16:24see122

Қалыпты жиектастар мен асфальтты ауыстырып жатыр ма? Алматы әкімдігі көшенің неліктен жөнделіп жатқанын түсіндірді

15 Маусым 2026 11:16see118

Жапон жанкүйерлерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеті әлемді тағы да таңғалдырды

15 Маусым 2026 15:44see118

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

15 Маусым 2026 08:58see116

Конгода Эболаның 782 жағдайы: індет жаңа денсаулық сақтау аймақтарына таралды

15 Маусым 2026 18:30see115

Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

15 Маусым 2026 21:21see114

Қазақстандық әкімдіктен әскерге жолдама ұтып алды

15 Маусым 2026 15:09see112

Океанариум мен су каналы бар Almaty Water Garden қай жерде орналасады

15 Маусым 2026 18:34see112

БЖЗҚ дағы қаражатқа балама: қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті ұсынылды

15 Маусым 2026 14:06see112

Сауд Арабиясы Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды

16 Маусым 2026 07:40see111

Тазару үшін Меккеге бардым . Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің кісі өлтіргеннен кейінгі бағыты ашылды

16 Маусым 2026 14:48see110

Қазақстанда конверттегі жалақы мәселесін шешуге бағытталған цифрлық жүйелер енгізіледі

15 Маусым 2026 15:53see110

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы сот залында қамауға алынды

15 Маусым 2026 15:31see109

Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті

15 Маусым 2026 19:41see109

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

15 Маусым 2026 09:35see108

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

16 Маусым 2026 20:58see108

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

16 Маусым 2026 16:03see108

Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады

16 Маусым 2026 10:37see107

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

16 Маусым 2026 17:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары