Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Ұлттық өрлеудің құқықтық негізі

Ұлттық өрлеудің құқықтық негізі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жалпыұлттық референдум ел жылнамасындағы қатардағы оқиға емес, бұл Ұлы дала елін жаңа сапалық биікке көтеріп, Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалыптастыратын тағдыршешті тарихи таңдау күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа – жаһандық өзгерістер мен заман талабына сай жасалған парасатты қадам әрі ұлттық жасампаздықтың жаңа құқықтық тұғыры.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жаңа Конституция жобасы­ның ең басты ерекшелігі мен құн­дылығы – оның адамға бағдар­ланған сипатында, яғни мем­лекеттік саясаттың өзегі ретінде жеке адамның – ел азаматының мүддесі мен құқығының айқын­далуында. Ата заңның 1-бабына сәйкес, мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бос­тандық­тары бекітілген. Бұл қағидат жай ғана декларативті ұран емес, нақ­ты құқықтық механизмдермен дәйектелген мемлекеттік ұста­нымға айналған.

Адам капиталын негізге алған стратегиялық басымдық жобаның 3-бабында тарихи маңызы зор жаңашылдық ретінде көрініс тапқан. Яғни мемлекетіміз адам капиталын, білімді, ғылым­ды және инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стра­те­гиялық бағыты деп ресми түр­де таниды. Бұл өзгеріс ел бо­ла­шағының бұдан былай жер қойнауының шикізаттық байлы­ғымен емес, азаматтардың зият­кер­лік әлеуетімен және білім деңгейімен өлшенетінін білді­ретін түбегейлі бетбұрыс болып отыр.

Адам құқықтарын қорғау те­тік­т­ері халықаралық озық тәжі­ри­белерге сәйкестендіріліп, аза­маттардың қауіпсіздігін қам­та­масыз ету шаралары кү­шей­тіл­ді. Халықаралық тәжіри­бедегі «Ми­ранда ережесінің» баламасы ретінде 18-бапқа өзгеріс енгі­зіл­ді. Оған сәйкес, әрбір азаматқа ұсталған сәтте оның бостандығын шектеу негіздері мен құқықтары міндетті түрде түсіндірілуге тиіс және сол мезеттен бастап ол адвокаттың көмегіне жүгінуге құқылы.

Жаңа Конституцияның жобасы инновациялар мен тех­но­логиялық дамуға стратегиялық маңыз бере отырып, елдің «білім экономикасына» өтуін жоғары заңнамалық деңгейде бекітуді мақ­сат етеді. Ата заңның 3-бабын­да мемлекет адам капиталын, білім мен ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекеттік қызметтің басым бағыты деп таниды. Жобада жаһандық цифрландыру үрдісіне сай азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа те­тіктері қарастырылған. Жаңа жобада зияткерлік меншікті қор­­ғау мәселесіне ерекше назар ауда­рыл­ған (23-бап). Бұл норма инноваторлар мен ғалымдардың авторлық құқықтарын нығайту арқылы елде креативті индустрия­ны дамытуға даңғыл жол ашады.

Конституциялық реформа аясында Мемлекет басшысы­ның тапсырмасымен жасанды ин­тел­лектіні дамытудың құқықтық не­гіздері қаланып, мемлекетке тех­нологиялық трансформа­ция­ны жеделдету міндеттемелері жүк­телген.

Тағы бір маңызды жаңалық – 5-бапта көрсетілгендей, жекелеген өңірлердің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында қаржы саласына қатысты арнау­лы құқықтық режімдердің немесе «қарқынды дамитын қала» мәртебесінің енгізілу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл нормалар елі­міздің цифрлық және ғылыми-технологиялық дербестігін нығай­туды және шикізатқа тәуелді­ліктен арылуды мақсат етеді.

Жаңа Конституция жобасы­ның ең елеулі институцио­нал­дық жаңалықтарының бірі – бір палаталы Парламент, яғни Құрылтайдың құрылуы. Бұл өзгеріс мемлекеттік басқару жүйе­сін оңтайландыруды ғана емес, ежелгі дала демокра­тиясы­ның озық дәстүрлерін заманауи парламентаризммен үндестіруді көздейді.

Ата заң жобасының 8-бабын­да тарихи маңызы бар норма бе­кітілген: «Жер және оның қой­науы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да та­биғи ресурстар халыққа тиесілі». Мемлекет бұл жерде тек халық атынан меншік құқығын жүзеге асырушы басқарушы ретінде әрекет етеді. Бұл норма – табиғи байлықтың игілігін қазіргі және келешек ұрпақтың теңдей көруіне берілген конституциялық кепілдік.

Экономикалық әділдіктің маңызды шарты – меншіктің қорғалуы. 29-бапқа сәйкес, аза­маттардың заңды түрде алған кез келген мүлкіне жекеменшік құқығы танылады және оған, сон­дай-ақ мұ­рагерлік құқыққа заң­мен кепілдік беріледі. Ешкімді сот шешімінсіз өз мүлкінен айыру­ға болмайды. Мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алу тек айрықша жағдайда және оның құны тең өтелген кезде ғана жүзеге асады. Сонымен қатар мемлекет кәсіпкерлік қызмет бостандығына кепілдік береді. Монополистік қызмет заңмен шектеледі, ал жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Конституцияның 1-бабында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екендігі нақтыланған. Бұл қағидат 31-баптағы нақты кепілдіктермен бекітіледі. Атап айтқанда, азаматтарға жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне кепілдік беріледі. Жасына, мүгедектігіне, асыраушы­сынан айырылуына байланыс­ты әлеуметтік қамсыздандыру мем­лекеттің міндеті саналады. 28-бап бойынша мемлекет өз азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету­ге жағдай жасайды және мұқтаж жандарға заң аясында баспана беріледі. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.

Экономикалық теңсіздікті жою мақсатында 5-бапта жекелеген өңірлердің экономикасын қарқынды дамыту үшін «арнау­лы құқықтық режімдер» немесе «қарқынды дамитын қала» мәртебесін енгізу қарастырылған. Бұл – бүкіл ел аумағындағы аза­маттардың өмір сүру сапасын теңестіруге бағытталған стра­те­гиялық қадам.

Ата заң жобасында алғаш рет руханият пен ұлттық код мәсе­ле­лері мемлекеттік саясаттың стра­тегиялық басымдығы деңге­йіне көтеріліп отыр.

Сондай-ақ жобаның 9-бабында мемлекеттік тілдің мәртебесі айқын әрі нақты бекітілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі». Бұл норма тілдің саяси-құқықтық үстемдігін айқындай­ды. Сонымен қатар мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілінің қазақ тілімен «қатар» (бұрынғы «тең» ұғымының орнына) ресми түрде қолданылатыны көрсетілген.

Жаңа Конституция жобасы­ның 3-бабында мемлекет қызме­тінің негіз құраушы қағидаттары ретінде «тарихи-мәдени мұраны сақтау» және «төл мәдениетті қолдау» алғаш рет бекітілді. Бұл жаһан­дану дәуірінде ұлттық біре­гейлікті сақтап қалудың басты кепілі болып отыр. Осы қағидат 40-бапта азаматтық міндет ретінде нақтыланады.

Руханияттың іргетасы саналатын отбасылық құндылықтар конституциялық қорғауға алынды. 30-бапта «Неке – ер мен әйел­дің ерікті және тең құқықты одағы» деп нақты көрсетілген. Бұл норма ғасырлар бойы қалып­тасқан ұлттық дүниетаным мен дәстүрлі отбасы моделін заң жүзін­де бекітеді. Сондай-ақ ата-ана­ның бала тәрбиесіндегі мін­деті мен балалардың ата-анаға қамқорлығы – ұрпақтар сабақтастығының рухани өзегі ретінде көрініс тапқан.

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың болашақ алдындағы жауапкершілігін айқындайтын жаңа қоғамдық шарт іспетті. Ел тағдырын шешетін маңызды сәт – алдағы 15 наурызға белгіленген жалпыұлттық референдум. Бұл күні әрбір Қазақстан азаматы дауыс беру арқылы Конституцияны ғана емес, өзінің және ұрпағының жарқын болашағын таңдайды. Жаңа Ата заң Әділетті Қазақстанды құрудың іргетасы болса, оны қабырғасы­нан қалап, шаңырағын биіктету – біртұтас халықтың қолында. Бұл реформа – ұлттың кемелденуі мен өркениетті даму жолындағы сенімді қадам.

Омархан ӨКСІКБАЕВ,

экономика ғылымдарының докторы 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 10:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары