Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ұлттық өрлеудің жаңа серпіні

Ұлттық өрлеудің жаңа серпіні

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

 Ең бастысы, ендігі жерде елдің ен байлығын – жер қойнауын игерушілер өз табысының 1%-ын осы технопаркке бағыттауға міндеттелді. Бұл ұшан-теңіз қаржы ұлттық инновацияның тамырына қан жүгірте ала ма? Astana Hub осы уақытқа дейін өз тиімділігін паш етті ме?

Миллиардтардың жаңа мекені

Тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, елдіктің ертеңін баянды етер басты бір күш – білім мен инновация. Қазақстанның заманауи цифрлық әлемдегі жаңа дәуіріне жол ашу мақсатында бұған Мемлекет басшысының өзі баса мән беріп отыр. Сондықтан Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі арнайы кеңес құрылды. 

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқаратын бұл кеңес «Инновациялық штаб» рөлін атқармақ. Оның негізгі міндеті – инновациялық қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және елдің технологиялық басымдықтарын айқындау. Сонымен бірге жаңа ұйым осы саланы мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіруге, өңірлік инновациялық жүйелерді дамытуға және кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған шараларды пысықтауға жауапты. 

– Бұл жұмыстың нәтижесінде басқарылатын инновациялық жүйені қалыптастыру көзделіп отыр. Жүйе инновациялық белсенділікті арттыруға, Қазақстанның Жаһандық инновациялар индексіндегі орнын нығайтуға, жаңа салаларды дамытуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді А.Балаева. 

Вице-премьердің айтуынша, жаңа модельдің негізгі идеологиялық өзегі – «инновацияны ғылым арқылы дамыту» тәсілінен «ғылымды инновация арқылы дамыту» қағидатына көшу болмақ. Оның мәні – дайын озық технологияларды игеріп, ел жағдайына бейімдеу және осы негізде отандық ғылымды дамыту. Яғни мемлекет процестің өзіне емес, нақты нәтижеге қаржы бағыттайды екен.

Атап өтетін жайт, бұл кеңес Қазақстанда инновацияларды дамыту тұжырымдамасының негізгі тәсілдерін мақұлдады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен бизнес-сектор өкілдерінен құжат жобасына нақты ұсыныстар сұратты. Сонымен қатар тиісті кестеге сәйкес, алда барлық өңірде мүдделі тараптардың қатысуымен ғылыми-технологиялық сессиялар өткізіледі. Бұл сессиялар бизнестің нақты технологиялық сұраныстарын айқындауға бағытталмақ.

Осы кезде жаңа модельге сай инновацияны қаржыландыру тәсілдері өзгеріске түсіп жатыр. Атап айтқанда, бүкіл жер қойнауын пайдаланушы жылдық табысының 1%-ын Astana Hub-қа бағыттауға міндеттелді. Өнеркәсіп және құрылыс ми­нист­рінің бүгінде күшіне енген №34 бұйрығымен жер қойнауын пайдалану операцияларының түрлері бойынша Үлгілік келісімшарттарға түзетулер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, қазақ жерінің қойнауындағы қазынасын көсіп-қазып алып жатқан әрбір компания мен кәсіпорын бұдан былай, жыл сайын қазақстандық өндірушілер жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конс­трукторлық жұмыстарды (ҒЗҒТТКЖ) қолдау мақсатында өткен жылдың қорытындысы бойынша жиынтық жылдық табысының кемінде 1%-ын Astana Hub инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға бағыттауға міндетті.

Құжатта көрсетілгендей, ҒЗҒТТКЖ-ларды қаржыландыру міндеттемесінің орындалуы ретінде жер қойнауын пайдаланушының осы жұмыстарға нақты жұмсаған шығындары танылады. Бұған жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге бағытталған қызметке, экология саласындағы зерттеулерге, еңбекті қорғауға, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге, өндірістік қызмет пен технологиялық циклда энергия үнемдеуге байланысты шығындар да кіреді. 

Сонымен қатар Қазақстанда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүргізетін ғылыми зерттеулерді қар­жыландыру шығындары, сондай-ақ «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұры­лым элементтерін қаржыландыруға бағытталған шығындар да осы міндеттеменің орындалуы болып есептеледі. Ал егер жер қойнауын пайдаланушылар мұның бәрімен айналысуға бас қатырғысы келмесе, «Astana Hub инновациялық кластері туралы» заңға сәйкес автономды кластерлік қорға ақша аудара салса жеткілікті. Сон­да міндеттемесі орындалды деп саналады. 

Жер қойнауының жасампаздыққа пайдасы

Сонда «кемінде 1%» деген қанша сома? Ол сома жыл қорытындысында, яғни келесі жылы белгілі болады. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың мәліметінше, жер қойнауын пайдаланушылар 2025 жыл қорытындысында ғылыми зерттеуге 8,9 млрд теңге бағыттады. Осынша мол қаржы негізінен мұнай-газ секторына цифр­лық шешімдерді енгізуге, отандық ғалым­дар мен инноваторлардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс­тарын қаржыландыруға жұмсалыпты. 

– Жер қойнауын пайдаланушылардың төл шығынының 1%-ын ғылыми зерттеуге бөлу міндеттемелерінің орындалуына ерекше назар аударылады. Бүгінде Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың 320 келісімшарты қолданыста. Оның 291-і қаржыландыру міндеттемесіне ие. Оның ішінде 44 келісімшартта ғылымды қаржыландыру келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстан қарастырылған. Ал 247 келісімшарт үлгілік келісімшарт негізінде жасалды және өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіруге жұмсалған нақты шығындардың 1%-ын ҒЗҒТТКЖ-ға аударуды көздейді. Соның нәтижесінде 2025 жылы ғылыми зерттеуге 8,9 млрд теңге бағытталған, ­– деді вице-министр. 

Ұсынылған деректерге жүгінсек, қаржыландыру көлемі бойынша «Қаражанбасмұнай», «Қожан» және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниялары көшбасшылар қатарында.

Реформа аясындағы тағы бір жаңалық: енді ғылымды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің арнайы түсімдері санатына жатқызылды. 2026 жылы күшіне енген жаңа қағидалар бұл аударымдарды толық орталықтандыруды көздейді. Сондай-ақ қаржыландырылатын жобалар Энергетика ми­нистрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі бекітетін басым бағыттарға қатаң сәйкес болуға тиіс. Ал оларды іске асыру Ғылым комитетінің рәсімдері арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаты негізінде жүзеге асырылмақ.

Мұның сыртында, реформа аясында Astana Hub-тың қатысушылары үлгілік шартқа көшіріліп жатыр. Ұйымның хабарлауынша, әрбір қатысушы үшін бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету және құқықтық рәсімдерді жеңілдету үшін ортақ шарттың жаңа форматы енгізілді. Сондықтан 2026 жылғы 14 наурызға дейін тіркелген барлық қатысушы өз мәртебесі мен салық жеңілдік­терін сақтау үшін жаңа үлгілік келісімге қол қоюға тиіс. Жаңа қатысушылар онсыз да жаңа тәртіппен жұмыс істейді. Құжат баршасы үшін бірыңғай, бірдей талаптарды бе­кітті. Мұндай формат сондай-ақ қосымша ке­лісімдер жасаспай-ақ нормативтік-құқық­­тық актілерге енгізілген өзгерістерді қол­да­нуды жеңілдетеді және салықтық жеңіл­діктерге тең құқықтарды қамтамасыз етеді екен. 

Ресми дерек бойынша жаңа үлгілік шартқа көшкен Astana Hub қатысушылары үшін келесі салық жеңілдіктері көзделген: біріншіден, корпоративтік табыс салығынан босатылады: салыстырар болсақ, Қазақстандағы өзге компаниялар 20% КТС төлейді. Екіншіден, «астанахабтықтар» тауар жұмыстарын өткізсе, қызмет көрсетсе, қосылған құн салығын төлемейді. Ал өзгелерден 16% ҚҚС алынады.

Үшіншіден, тізбеге енгізілген тауарларды импорттау кезінде де ҚҚС салынбайды (жеңілдіксіз – 16% болар еді). Төртіншіден, шетелден, бейрезиденттерден қызметтерді сатып алу, импорттауда ҚҚС төлемейді (жеңілдіксіз – 16%). Бесіншіден, Қазақ­стан­дағы басқа кез келген жұмыскердің жалақысынан ай сайын 10% жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатыны мәлім, алайда Astana Hub-та қызметкерлердің бәрінің жалақысы, сыйақысы, өзге де ақылары ЖТС-тан толық босатылған.

Алтыншыдан, астаналық осы технопарк­те тіркелген компаниялардың шетелдіктерге төлейтін дивидендтеріне салынатын салық небәрі 5%-ды құрайды. Өзге компаниялар елімізде 15% төлеуге мәжбүр. Жетіншіден, шетелдік қызметкерлер үшін әлеуметтік салық – 0% (жеңілдіксіз – 6% болар еді). Сегізіншіден, роялти түріндегі бейрезиденттердің табысына салынатын салық – 0% (жеңілдіксіз – 15%). Бұдан бөлек, визалық жеңілдіктер, мемлекеттік қолдау, субсидия, грант және басқа да игіліктер ұсынылады. Осыған енді жоғарыда айтылған жер қойнауын пайдаланушылардың 1 пайыздық жарнасы қосылып отыр. 

Үміт пен жауапкершілік

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, Astana Hub алаңында 2 200-ден астам IT компания тіркелген. Соның ішінде 500-ден астамы – шетелдік капиталдың үлесі бар компаниялар. Цифрландыру бағытында Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды.

Премьер-министрдің орынбасары ­– Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің пікірінше, Astana Hub қатысушылары оны офшор ретінде қолданбай, жаңа өнімдер ойлап тауып, жаңа нарықтарға жол ашуы, экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуы қажет. Министр Astana Hub қатысушысы Cerebra.AI Ltd дамытқан, инноватор Досжан Жүсіпов ойлап тапқан Cerebra AI жобасын мысалға келтірді. 

– Денсаулық сақтау саласындағы нәтижелі кейстің бірі саналатын бұл жоба – инсультті ерте диагностикалауға арналған ЖИ. Ол компьютерлік томография нәтижесін 30 минут орнына 5-10 минутта талдайды. Инсульт диагностикасын едәуір жылдамдатады, дәлдігін арттырады. Жүйе елордадағы 17 емханада, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында енгізілді. 2025 жылғы 

1 қыркүйектен бастап инсультке күдігі бар 7 600-ден астам пациент­тің деректері талданды. Өлім-жітім деңгейінің 40%-ға төмендеуі, сондай-ақ уақытылы ем алатын пациенттер үлесінің 150%-ға артқаны байқалады,  – деді Ж.Мәдиев.

Министр алаяқтықпен күрес аясында AI-антифрод жүйесін енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Мәнісі мынада: алаяқтар жаппай қоңырау шалуға, нөмірді алмастыруға немесе алаяқтық белгілері бар өзге қарекеттерге кіріскенде жүйе қоңырау­ды абонент жауап бермей жатып, миллисекундтар ішінде тоқтатып тастауға тиіс.

Қазақстан америкалық ChatGPT-дің шенеуніктерге арналған баламасын жасады. Мемлекеттік  органдар  үшін  Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылды: тек мемлекеттік қызметшілерге қызмет ететін, қорғалған ортада жұмыс істейтін бұл платформада 15 мыңнан астам пайдаланушының 500 мыңнан аса сұранысы өңделіпті.

Жалпы, ЖИ министрінің дерегінше, Astana Hub экожүйесінде 379 AI-жоба жүзеге асырылу үстінде. «Бұл AI-шешімдерді әзірлеу және оларды экономиканың түрлі саласына енгізу үшін белсенді орта қалыптасқанын көрсетеді.  2025 жылдың қорытындысы бойынша стартаптардың жиынтық табысы 103 млрд теңгені құрады. Барлық кезеңдегі жиынтық табыс 230 млрд теңгеге жетті. 2025 жылғы экспорт көлемі 3,5 млрд теңгеден асты. Сондай-ақ 5 700 жұмыс орны ашылды», – деді Ж.Мәдиев.

Қорыта айтқанда, жер асты байлығын зерде мен зияткерліктің қуатына айналдыру – заман талабы, ұлттық дамудың алтын тұғыры. Бұл ылан-ойран ақша босқа талан-тараж болмай, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, еліміздің инновациялық айдынында үлкен серпіліс жасауына, дамыған мемлекеттер көшін қуып жетуіне серпін берсе игі. Қыруар қаржы желге ұшпай, нысаналы жеріне жетіп, тиімді пайдаланылса ғана Қазақстан интеллектуалды ұлт қалыптастырып, жаһандық бәсекеде белсенді ілгері озар кезеңіне қадам баспақ. 

Айхан ШӘРІП

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары