Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа жүйенің жөнсіз есебі

2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды

Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады

Отбасы күні: Ұландық әскери қызметшілер шаңырағын шаттыққа бөлеп отыр

Жел соғып, жаңбыр жауады: қай өңірде күн суытады

Есіл өзеніндегі Нұрлы жол вокзалы маңындағы өлі балықтар: Астанада су сынамалары алынды

210 миллионға екі кереует: Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары тергеуге алынды

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім күтпеген жерден ақша аударымын алады, кімге өз шекарасын қорғауға тура келеді

Қазақстан бюджетке мұнайдың жаңа бағасын белгіледі не болды

Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

Қазақстандықтар шетелде арқылы төлем жасай алады

Көлік министрлігі ескертеді: Ұшақта қандай сөздерді қолдануға болмайды?

Мас күйінде үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталды

Берекелі шаңырақ берік қоғам негізі

Аяқ киімнің ұлтарағына жасырған: ШҚО да тергеудегі азаматқа ерекше сәлемдеме жеткізбек болған

Иран АҚШ пен келіссөздерді қайта бастау шартын атады

Йемендегі хуситтер стратегиялық бұғазға жақындады Reuters

Bloomberg миллиардерлер индексі әлемдегі ең бай адамдар аталды

Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

Қазақстанда орман көшеттерін өсіретін жаңа жылыжай кешені құрылмақ

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шикізатты сыртқа шығарумен шектелмей, оны ел ішінде өңдеп, дайын өнім өндіру – экономиканы әртараптандырудың тиімді жолы. Осы бағытта Абай облысының Мақаншы ауданында маңызды жоба жүзеге асты. Аудан орталығында DI-NUR ЖШС-ның күнбағыс тұқымын қайта өңдеу және өсімдік майын өндіру зауыты іске қосылды.

Жаңа өндіріс орнының ашылу салта­натына облыс әкімі Берік Уәли қа­тысып, кәсіпорынның өңір экономикасындағы маңызына тоқталды.

– Бүгін біз облысымыздың, соның ішінде Мақаншы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы зор инвестициялық жобаның жү­зе­ге асуына куә болып отырмыз. Бұл – өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған маңызды жоба, – деді аймақ басшысы.

Шынында да, Мақаншыдағы жаңа за­уыт­тың жөні бөлек. Біріншіден, бұл – ауылдағы өндіріс. Екіншіден, мұнда ауыл шаруашылығы өнімін жай ғана жинап, сатуға емес, оны өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға басымдық берілген. Үшіншіден, кәсіпорынның шекаралық аймақ­та орналасуы экспорттық мүмкін­діктерге жол ашады.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 7 миллиард теңгені құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорын тәулігіне 300 тонна күнбағыс майын өндіруге қауқарлы. Сонымен қатар мұнда тәулігіне 500 тоннаға дейін күнбағыс дәнін тазалау және құрама жем өндіру мүмкіндігі бар. Бұл көрсеткіштердің өзі өндірістің ауқымын аңғартады. Ең бастысы, кәсіпорын жергілікті ауыл шаруашылығы үшін жаңа өткізу нарығын қалыптастырады. Яғни диқанның еңбегі егістіктен кейін аяқталмайды. Өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу бағытында жаңа экономикалық тізбек қалыптасады. Өндірістің іске қосылуы жұмыспен қамту мәселесіне де оң ықпал етеді. Кәсіпорында 20 тұрақты және 100 маусымдық жұмыс орны ашылады. Ауыл тұрғындары үшін бұл – тек жұмыс орны емес, тұрақты табыс пен жаңа кәсіптік дағдыларға жол ашатын мүмкіндік.

Жобаның тағы бір ерекшелігі – негізгі инвестордың осы өңірдің тумасы болуы. Серік Рамбаевтың туған жеріне инвестиция салып, Мақаншыда ірі өндіріс орнын іске қосуы – елге қызмет етудің, туған жерге жанашырлық танытудың нақты үлгісі. 

Мақаншының географиялық орналасуы кәсіпорынның келешегіне де үлкен мүм­кіндік береді. Ауданның Қытаймен шекара­лас болуы – сыртқы нарыққа шығуға бер­іл­ген маңызды артықшылық. Бүгінде әлемдік нарықта аграрлық өнімге сұраныс жо­ғары. Ал дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның сапасы, өндіріс технологиясы және логистикасы қатар жүруі керек. Осы тұрғыдан келгенде, Мақаншыдағы зауыттың орналасқан жері ұтымды.

Алдағы уақытта кәсіпорын өнімін экспортқа шығару көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Бұл аудан экономикасына жаңа қаржы ағынын әкеліп, кәсіпкерліктің дамуына серпін бермек.

Мақаншының болашағын айқындайтын басқа да ірі жобалар бар. Соның бірі – «Аягөз–Бақты» теміржолының құрылысы. Бұ­ған қоса, Алакөл жағалауындағы инвес­тициялық жобалар, Бақты ауылындағы мультимодальды құрғақ порт пен логисти­ка­лық парк құрылысының басталуы ауданның экономикалық әлеуетін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Демек, Мақаншы енді тек ауыл шаруа­шылығы өнімін өндіретін аудан емес, өндіріс пен логистика тоғысқан маңызды экономикалық аумаққа айналуға бет алып келеді.

Мақаншыдағы зауыттың іске қосылуы – облыстағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Биыл өңірде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы Жол картасы аясында жалпы құны 23,7 миллиард теңге болатын алты ірі агрожобаны іске асыру жоспарланған. Биыл ақпан айында «Агролидер KAZ» ЖШС-ның бұршақты және майлы дақыл­дарды қайта өңдеу зауыты жұмысын бас­тады. Ал жыл соңына дейін QAZAQ-ASTYQ GROUP ЖШС базасында 8,3 миллиард теңгеге тазартылған май өндірісін, Eurasia Agro Semey ЖШС базасында 7,7 миллиард теңгеге ірі ет өңдеу зауытын іске қосу көз­де­ліп отыр.

Бұл – өңірде ауыл шаруашылығы өнім­дерін терең өңдеуге бетбұрыс жасалғанын көрсетеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2031 жылға дейін агроөнеркәсіп саласында 90 ірі агрожобаны іске қосу жоспарланған. Мұның түпкі мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауылдағы кәсіп­керлікті дамыту және экспорттық әлеуетті күшейту. Бүгінде ауыл экономикасын тек егін егіп, мал өсірумен шектеу жеткіліксіз. Заманауи агроөнеркәсіп – өндіріс, өңдеу, логистика және экспортты бір арнаға тоғыстыратын тұтас жүйе. Мақаншыдағы жаңа зауыт осы тізбектің маңызды буыны болмақ.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әбен Разуев жаңа өндірістің ашылуын ма­қан­шылықтар үшін маңызды оқиға ретінде бағалады. Оның айтуынша, ауылдық жерге инвестиция тарту – елді мекеннің әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, тұтас ауданның келешегіне әсер ететін фактор. Расымен де, бір өндіріс орны­ның айнала­сында талай кәсіптің та­мырына қан жүреді. Тасымал, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы шикізатын жеткізу, техникалық қызмет көрсету, сауда-саттық сияқты салалардың дамуына жол ашылады. Ал жаңа жұмыс орындары халық­тың тұрақты табыс табуына мүмкіндік береді.

Мақаншыда іске қосылған күнбағыс майын өндіру зауыты – осы өзгерістердің бастауы. 7 миллиард теңгелік инвестиция ауылға жаңа өндіріс әкелсе, өндіріс өз кезегінде жаңа жұмыс, жаңа нарық және жаңа мүмкіндік әкеледі. Ең маңыздысы, бұл – жобаның ауылда жүзеге асуы. Өйткені ел экономикасының берік іргесі тек ірі қалаларда емес, ауылдағы өндірістің қуаты­мен де қаланады.

Мақаншыдағы зауыттың шамшырағы шекара шебіндегі елді мекеннің жаңа экономикалық дәуірге қадам басқанын аңғартады. Ендігі міндет – осы өндірістің қуатын тиімді пайдаланып, жергілікті шикізатты барынша өңдеп, сапалы өнімді ішкі және сыртқы нарыққа шығару. Шикізаты бар елдің мүмкіндігі көп. Ал сол шикізатты дайын өнімге айналдыра ал­ған елдің қуаты одан да мығым. Мақан­шыдағы жаңа зауыт – осы ұстанымның нақты көрінісі.

Эльмира ЖҮРСІНБЕКҚЫЗЫ,

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 04:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа жүйенің жөнсіз есебі

12 Қыркүйек 2026 18:17see161

2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды

12 Қыркүйек 2026 18:14see157

Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады

12 Қыркүйек 2026 18:15see157

Отбасы күні: Ұландық әскери қызметшілер шаңырағын шаттыққа бөлеп отыр

12 Қыркүйек 2026 18:16see157

Жел соғып, жаңбыр жауады: қай өңірде күн суытады

12 Қыркүйек 2026 17:37see153

Есіл өзеніндегі Нұрлы жол вокзалы маңындағы өлі балықтар: Астанада су сынамалары алынды

12 Қыркүйек 2026 17:22see153

210 миллионға екі кереует: Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары тергеуге алынды

12 Қыркүйек 2026 18:28see152

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім күтпеген жерден ақша аударымын алады, кімге өз шекарасын қорғауға тура келеді

12 Қыркүйек 2026 17:23see152

Қазақстан бюджетке мұнайдың жаңа бағасын белгіледі не болды

12 Қыркүйек 2026 17:22see151

Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

12 Қыркүйек 2026 20:30see149

Қазақстандықтар шетелде арқылы төлем жасай алады

12 Қыркүйек 2026 18:12see148

Көлік министрлігі ескертеді: Ұшақта қандай сөздерді қолдануға болмайды?

12 Қыркүйек 2026 17:19see147

Мас күйінде үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталды

12 Қыркүйек 2026 18:13see147

Берекелі шаңырақ берік қоғам негізі

12 Қыркүйек 2026 18:14see146

Аяқ киімнің ұлтарағына жасырған: ШҚО да тергеудегі азаматқа ерекше сәлемдеме жеткізбек болған

12 Қыркүйек 2026 17:13see145

Иран АҚШ пен келіссөздерді қайта бастау шартын атады

12 Қыркүйек 2026 17:37see144

Йемендегі хуситтер стратегиялық бұғазға жақындады Reuters

12 Қыркүйек 2026 23:02see144

Bloomberg миллиардерлер индексі әлемдегі ең бай адамдар аталды

12 Қыркүйек 2026 17:23see142

Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

12 Қыркүйек 2026 17:35see140

Қазақстанда орман көшеттерін өсіретін жаңа жылыжай кешені құрылмақ

12 Қыркүйек 2026 18:17see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары