Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Шекара шебіндегі ауылдардың ахуалы алаңдатады

Шекара шебіндегі ауылдардың ахуалы алаңдатады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Меңдіқара ауданының шекара түбінде жатқан елді мекендерінде адам қалмайтын түрі бар. Бүгінде бұл өңірдегі Төлеңгіт ауылында 10 үй (15 шақты адам), Құлшықайда 24 үй (30 шақты адам) қалды. Биыл елді мекен мәртебесінен айырылып, санаттан шығып қалған Байғожа ауылында 5-ақ үй (15 адам) отыр.

Жақында Төлеңгіт ауылына ат басын бұрдық. Қостанайдан, ары кетсе 160 шақырымдай ғана жер. Екі сағат өтпей 145 шақырым жолды еңсеріп, ауылдық округ орталығы Ұзынағашқа кірдік. Ауыл тұрғындарының айтуынша, кейінгі екі жыл ішінде ауылдан 15 үй көшіп кеткен. Сиреп қалған үйлердің іргесі бір-бірінен 100–200 метрдей алшақ жатыр. Көршінің үйіне атпен баруға тура келеді. Ауыл іргесінен екі елді қақ жарып Тобыл өзені өтеді. Өзеннің арғы беті – сыңсыған орман. Қалың қарағайдың бір шетінде күмбезі көк тіреген үлкен шіркеуі бар іргелі елді мекен жарқырап көрінеді. Көк түтіндеткен мұржасының көптігіне қарап, бұл ауылда әжептәуір халық тұрады-ау деп түйдік. Бергі беттің келбеті арғы беттегідей емес, тым жұтаң. Қабырғасы ырсиып, шатыры шөккен бірді-екілі ескі үйлер, көшіп кеткен жұрттан қалған жермен-жексен үйлердің орны бір кездері бұл жерде түп-түзу көше болғанын меңзеп тұрғандай.

Біз келіп түскен үйдің қожайыны Аңсаған есімді еті тірі жігіт екен, иесіз қалған іргелес екі үйдің албарын қоршап, үлкен малқора жасап тастапты. Қораның қақ ортасына мая-мая шөп үйілген. Кем дегенде екі қысқа жетеді.

– Ес білгелі осы ауылда тұрып жатырмыз. Жағдайымыз жақсы. Жұрттың көбі қалаға кетті. Бірақ өз басым ешқайда көшпеймін. Осы ауылда біраз үлкен кісілер бар еді, ата-анасының денсаулығына алаңдаған балалары қалаға немесе аудан орталығына көшіріп алып жатыр. Көшіп кеткен кісілердің бәрі жазда бір келіп кетеді. Бас қосып, дүниеден озған жақындарына дұға бағыштап, өткенді еске алып, көздеріне жас алып, қимай-қимай қоштасады. Қазір ауылда 10-ақ үй қалды. Тұрған жеріміз мал ұстауға ыңғайлы, өмір сүруге қолайлы. Бір-екі жыл бұрын біраз малымды сатып, қаладан қызыма үй алып бердім. Биыл ұлым үйленген. Бұрын қалада тұратын еді, үйлене салып, келінімді жетектеп ауылға көшіп келді. Қуанып жатырмыз. Екеуі де мұғалім болып жұмыс істеп жүр. Мектебіміз осы ауылдан 15 шақырым жерде. Ауылға жастар көбірек келсе, нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы, бұл ауыл нағыз өмір сүретін жер. Адам азайған сайын ауылға аң-құс, жабайы жануар жақын жүреді екен. Қазір түлкі көп, азын-аулақ қазымызды қой­майды. Не иттен, не мылтықтың дауысынан қорықпайды. Бұрын сирек көзге түсетін бұғы, елік қазір жол жиегіне, ауыл маңына жиі келетін болды, – дейді Аңсаған.

Аңсағанның қаладан оралған ұлы мен келіні әлгінде біз өткен Ұзынағаштағы Оразалы Қозыбаев атындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Сайран технология пәнінен, Балауса психологиядан сабақ береді.

«Қостанайда тұрақты жұмысымыз болды. Сайран «Камлит кз» зауытында жұмыс істеді. Өзім Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетте оқи жүріп, облыстық газетте қызмет еттім. Бізді ауылға келіңдер деп ешкім шақырған жоқ. Отау құрған соң, өзіміз ақылдасып-кеңесіп, әке-шешеміздің қасында болайық, ауылда жұмыс істейік, мұнда да еңбек етіп, тіршілік етуге болады деген ұйғарымға келдік. Қалада жұмыстың сыртында, шағын дәмханамыз болды. Табысымыз да жаман емес еді. Соны сатып, орнына біраз төл алдық. Ақырындап мал басын көбейткіміз келеді. Бұл жақта жайылым жетеді. Ауылды жастар көтеруі керек. Шекара шетіндегі елді мекендерде халық саны күрт азайып кеткеніне Президентіміз де алаңдайтынын білеміз. Шекара түбіндегі ауылдарға жеңілдік қарастыратын заң қабылдануы мүмкін деген жылы хабарды да естіп отырмыз. Сондықтан өз басым Төлеңгіт жабылады деп ойламаймын. Қайта келешекте ел қонып, еңселі ауылға айналады деген үмітіміз бар», дейді мұғалима Балауса.

Қаладағы жайлы тұрмысты қиып, ауылға көшіп келген жас отбасының батыл шешімі көңіл сүйсінтеді. Алайда жалаң қолмен жауға қарсы шапқандай болған жалғыз жас отбасы бүгін-ертең жабылып қалайын деп тұрған жар шетіндегі ауылды құтқарып қала алар ма екен деген күдік те жоқ емес.

Ауылдың ең кішкентай тұрғыны бестіктен басқа баға алмайтын оқу озаты Әнел Алтай биыл 6-сыныпта оқып жүр. Ауылдың Әнелден кейінгі кішісі Ернар – 11-сыныпта. Ернар келесі жылы мектеп бітіріп, қалаға кетсе, Төлеңгітте жалғыз оқушы Әнел ғана қалады. Бес үйлі Байғожа ауылында да жалғыз оқушы қалып отыр. Санжар 10-сыныпта оқиды. Құлшықайда бастауыш мектеп бар. Бұл мектептің бірінші, үшінші сыныбы жоқ. Қазір екінші сыныпта 2, төртінші сыныпта 4 бала оқиды. Қысқасы, келесі жылы бұл мектеп те біржола жабылайын деп тұр. Қазір бұл ауыл­дан 12 бала Ұзынағашқа барып оқып жүр.

Ауыл тұрғындары бар мәселе жолда, жол жақсы болса, жұрт бұлайша үдере көшпес еді дейді. Мәселен, биылдың өзінде 6 отбасы көшіп кеткен.

«Жолдың жағдайын суретке, бейнежазбаға түсіріп, өткенде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына жібергенмін. Күте тұрыңыздар, грейдер жібереміз, бетін тегістеп береді деді. Өткен жылы Теңізге дейінгі жол жөнделді. Ал Ұзынағаш пен Төлеңгіттің арасына жол салу жоспарда жоқ. Бұл жолды жыл сайын көктемде бір, күзде бір тегістеп отырамыз»,  дейді Қарақоға ауылдық округінің әкімі Қолғанат Мырзағалиев.

Шекара түбіндегі үш ауылда байланыс мәселесі де ақсап тұр. Жергілікті тұрғындар бертінге дейін ресейлік sim-карта пайдаланып келген. Кейін көрші ел шектеу қойып тастап, байланысқа шығу қиындап кеткен. Ресей байланысын пайдалануға сол жақтың азаматының ЖСН-ы арқылы ресми тіркелу керек. Отандық «Билайн» байланысы әлсіз. Сондықтан жұрт жаппай үйлеріне жылдамдық күшейткіш қойып жатыр. Оның күші бір бөлмеден әрі аспайды. Жауын-шашынды, боранды күндері тұрғындар мүлде байланыссыз қалады.

Ауыл әкімі биыл «Аmanat» партиясына қанша адам тұрса да ауылды жаппау керек деген ұсыныс беріпті. Өйткені қазіргі заңға сәйкес, тұрғындар саны 50-ге жетпейтін болса, ол жойылған ауыл болып есептеледі.

«2026 жылы шекара маңындағы ауылдарды дамыту туралы жаңа заң шығып қалар деп отырмыз. Сол заңға ұсынысым еніп кетсе жақсы болар еді. Бұл өңір шаруашылыққа қолайлы, жері кең, жайылымы шұрайлы. Шекара түбі болған соң, халық тұруы керек. Бұлай көше берсе, ертең бос қалып қояды. Биыл, міне, бір ауылдан айырылып қалдық. Байғожаны жауып тастады. Қалған екі ауылды әзірге 100 адам деп көрсетіп, жабылмасын деп ұстап тұрмыз», дейді Қ.Мырзағалиев.

Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана Қарақоға ауылдық округіне қарасты Байғожада 12 үй (50 адам), Құлшықайда 36 үй (116 адам), Төлеңгітте 26 үй (90 адам) болған. Тегінде, мектебі жабылған ауыл аты жаман дертке шалдыққан адам сияқты. Беті бері қарауы қиын, көз алдыңда азайып, шөге береді. Алайда Құлшықай мен Төлеңгіттегі аз ағайын мемлекет деген мықты дәрігердің шарапаты тисе ғайыптан тайып оңалып кетуіміз де мүмкін ғой деп отыр.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Оқиға • Бүгін, 09:21

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Саясат • Бүгін, 09:00

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 09:00

Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді

Президент • Бүгін, 08:55

Медициналық көмек толықтай автоматтандырылады

Саясат • Бүгін, 08:50

Көлеңкелі экономиканы қалай тоқтатамыз?

Экономика • Бүгін, 08:45

Инфляцияға қарсы күрестің ұтымды тәсілі

Инфляция • Бүгін, 08:43

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Атқарылған жұмыс аз емес

Саясат • Бүгін, 08:37

Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді

Сұхбат • Бүгін, 08:35

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы: Саяси дамудың жауапты кезеңі

Қоғам • Бүгін, 08:28

«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы

Ғылым • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 09:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары