Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстанның инвестициялық ахуалы

Қазақстанның инвестициялық ахуалы

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әлемде гео-саяси жағдай ушығып, жаһандық сын-қатерлер көбейсе де Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымды мемлекет.

Шетелдік сарапшылардың айтуынша,  инвесторлар үшін біздің елде қолайлы жағдай жасалған. Қалталылар көбіне өңдеу өнеркәсібі, қаржы секторы, көлік, байланыс және энергетика салаларына қаржы құюға ниетті.

Қауіпсіздік, тиімділік және ашықтық. Шетелдік инвесторлар үшін осы үш критерий маңызды. Бұл тұрғыда елімізде инвесторлардың жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасалған. Қазақстандағы инвестициялық климат жоғары деңгейде. Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымды мемлекет. Биылдың өзінде бірқатар келісімдерге қол қойылып, ірі бастамалар көтерілді. Мәселен, Ақмола облысында бидай өңдеу бойынша заманауи кешен пайда болады. Бұл үшін қытайлық корпорация 1,5 млрд доллар инвестиция құяды. Ал швейцариялық компания  еліміздің агроөнеркәсібіне 700 млн доллар қаржы салады.

Дәулет Увашев, Агро компанияның бас директоры

- Біз өндіретін барлық өнімді Қазақстанда қалдырамыз. Бір бөлігі өңделген күйде экспортталады. Қалған өнім, мәселен, соя концентраты, терең өңделген соя аминоқышқылдары, соя ұнтағы ел ішінде мал азығы ретінде пайдаланылады. Жем-шөп базасын, құрылыс базасын дамытуға ниеттіміз. 

Сонымен қатар тағы бір халықаралық компания 200 млн доллар қаражат бөліп, елде дәрі-дәрмек өндіретін зауыт салмақ. Инновациялық биофармацевтикалық хаб жаңадан бой көтеретін Алатау қаласында алдағы 3 жылда жүзеге асырылады. Құрылыс учаскесі анықталып, жоба инвестициялық штабтың мақұлдауынан өтті. Компания сондай-ақ тұтынушылар үшін дәрі-дәрмек бағасын әр үш жыл сайын шамамен 20%-ға төмендетуге міндеттеме алды. Бұл шығынды экспорт есебінен өтемек.

Николай Земсков, Фармацевтикалық компанияның ТМД мемлекеттері бойынша бас директоры

- Мемлекет басшысының 50% деңгейінде жергілікті дәрілік заттар үлесіне қол жеткізу, дәрілік және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы бойынша біз Қазақстан Республикасының Үкіметімен Инвестициялар туралы келісімге қол қоюды күтіп отырған бірлескен кәсіпорын құрдық. Бізге әлеуеті зор, болашақтың қаласы – Алатаудан жер телімі берілді. Қазақстанға инвестиция құю туралы шешімге елдегі инвестициялық климат деңгейі, мемлекет тарапынан қолдау мен преференциялар едәуір әсер етті. 

Ал осы аптаның басты оқиғасы – Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа барып, Дональд Трамппен кездеседі. Алып экономика АҚШ-пен алыс-беріс  жасау қай ел үшін де тиімді. Мұхиттың арғы жағында жатқан мемлекет тамырын терең жайып, нарықты билеп отыр. Біздің елде Құрама Штаттардың ірі әрі беделді 630 компаниясы жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін экономикамызға 100 млрд доллардай инвестиция  құйды. Қазақстан биылғы саммит алаңын бұл жолы да тиімді пайдалануға мүдделі.

Джеффри Пайетт, Халықаралық  сауда саласының сарапшысы, дипломат:

- Қазақстанның жаһандық энергетика нарығындағы айтарлықтай рөлін ескерсек, ал энергия жасанды интеллект дәуірінің басты ресурстарының бірі екенін түсінсек, АҚШ пен Қазақстан арасындағы жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенімім мол.

Халықаралық сарапшылардың айтуына қарағанда, Орталық Азия мен АҚШ арасындағы саммит аймақтық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді. Басқосуда Қазақстан Құрама Штаттармен ірі келісімдер жасауға тиіс. Соның бірі - Америка аса мұқтаж болып отырған сирек металдар. Ал Қазақстанда бұл қазба байлықтың қоры мол. Саммит қамтитын тағы бір мәселе - әуе тасымалы болуы мүмкін. АҚШ-қа қатынайтын тікелей рейс ашылса, экономикалық және туристік байланыс нығаяды. Іскерлік қатынас жеңілдейді. 

Джессика Ниафи, Халықаралық университет профессоры:

- Президент Трамп мыс, уран және сирек металдар бойынша нақты ұсыныстар мен бастамалар көтеруі мүмкін. Бұл, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды. Өйткені бұл экспорттық бағыттарды әртараптандыруға жол ашады. Көлік және инфрақұрылым бойынша келісімге келуі мүмкін. Құрама Штаттар теміржол, порттар және кеден жүйесін жаңғыртуға арналған технологиялық және қаржылай қолдау көрсетуі ықтимал. Сондай-ақ азаматтық авиация саласында да келісімдер болады деген болжам бар.

Қазір ел алдында 2029 жылға қарай шетелден 150 млрд доллар тікелей инвестиция тарту мақсаты тұр. Айта кету керек, бұл міндетті іске асыру үшін былтыр Үкімет жанындағы Инвестициялық штабқа туындаған қандай да бір проблемаларды жедел шеше алатын құзырет берілді.

Авторы: Мөлдір Жақан

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:223
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 20:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары