Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Алматыда рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жүк көлігінің астына кіріп кетті

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Мектеп формасына қатысты ата аналар білуге тиіс маңызды талаптар

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

+41 градусқа дейін: Қазақстанда жаңа аптап толқыны күтіледі

Сұлтан Сүлеймен Қазақстанға келеді

Қазақстанда 600 ге жуық дәрі бағасы арзандады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Қасым Жомарт Тоқаевтың көпвекторлы дипломатиясы: Қазақстан АҚШ қатынастарының жаңа серпіні

Қасым Жомарт Тоқаевтың көпвекторлы дипломатиясы: Қазақстан АҚШ қатынастарының жаңа серпіні

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

2025 жыл Қазақстанның сыртқы саясатында жаңа кезеңнің басталғанын айқын көрсетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалыптастырған көпвекторлы дипломатиясы бүгінде нақты нәтижелерін беріп отыр. Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік тереңдеп, инвестиция, сауда, логистика және қауіпсіздік салаларында сапалы серпіліс байқалды.

Atlantic Council бас сарапшысы, доктор Ариэль Коэнмен сұхбатта Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының 2025 жылғы динамикасы, Президент Тоқаевтың Дональд Трамппен кездесуі, Авраам келісімдеріне қосылу, сондай-ақ еліміздің халықаралық ықпалының артуы кеңінен талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Доктор Коэн, 2025 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың динамикасын қалай бағалайсыз? Бұл үдеріске қандай негізгі оқиғалар мен келіссөздер әсер етті?

–  АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста шын мәнінде серпіліс бар. Бұған көптеген адамдар ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етті. Олар екіжақты қатынастарды ілгерілетуде үлкен жұмыс атқарды.

Мен АҚШ–Қазақстан қарым-қатынастарымен 1990 жылдардың басынан бері, шамамен 30 жыл бойы айналысып келе жатқан адам ретінде айта аламын: біз инвестиция, өзара ықпалдастық және сауда тұрғысынан жаңа кезеңге өттік.

Бұл Қазақстанның Ресей және Қытаймен қарым-қатынастарына зиян келтірмейді. Бұл – көрші елдер, ал география, белгілі бір мағынада, тағдыр. Дегенмен Президент Тоқаев 1990 жылдары, өзі Сыртқы істер министрі болған кезде қалыптастырған көпвекторлы саясат – өте дана саясат. Мен ол кезде онымен осы тақырыпта жеке сөйлескенмін. Бұл саясат тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл өңірге қызмет етеді.

Қазақстан мен Өзбекстанның G20 форматына шақырылуы – тарихи оқиға. Әрине, экономикалық көрсеткіштер бойынша бұл елдер әзірге G20 деңгейінде емес, бірақ болашақта Қазақстан бұл деңгейге жетеді деп сенемін. Президент Трамптың Қазақстанға басымдық беруі – үлкен жетістік.

– Биыл Президент Тоқаев Дональд Трамппен кездесті. Осы кездесудің басты нәтижелері қандай?

–  Ең алдымен, Президент Тоқаевтың жеке форматтағы (one-on-one) кездесуге шақырылуының өзі – үлкен жетістік. Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы да аса маңызды қадам. Қазақстан – бұл келісімге қосылған алғашқы араб емес әрі Таяу Шығысқа жатпайтын мемлекет, бірақ соңғысы емес.

Мен басқа елдердің өкілдерімен сөйлесіп жүрмін, олар да осы келісімдерге қосылу мәселесін қарастыруда. Бұл – өте маңызды бастама. Елестетіп көріңіз: Қазақстан Қытаймен шекаралас, ал батысқа қарай созсақ, Авраам келісіміне қатысушы елдердің бірі – Марокко.

Қазақстан, болашақта Әзербайжан, БАӘ, Бахрейн, кейін Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр және Израиль, әрі қарай Марокко – Атлант мұхитынан Памир тауларына дейін созылатын үлкен геосаяси белдеу қалыптасады. Бұл – аса маңызды стратегиялық өзгеріс.

– Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың ең белсенді салалары қайсы? Ал болашақта қай бағыттарда әлеует жоғары?

–  Бүгінде негізгі бағыттар – сауда, инвестиция және Шығыс-Батыс дәлізі. АҚШ әкімшілігі үшін сирек кездесетін және стратегиялық маңызды минералдардың балама көздерін табу – басым міндет.

Қазақстанда мұндай ресурстар мол: вольфрам және жоғары технология, ғарыш, өнеркәсіп үшін қажет көптеген элементтер бар. Қазір Қытай бұл салада жетекші: кен өндірудің шамамен 70%-ы, өңдеудің 90%-ы соның үлесінде. АҚШ жеткізу тізбегін әртараптандыруға мүдделі.

Шығыс–Батыс дәлізі мен TRIP (Trump Route for International Peace and Prosperity) маршруты – Армения аумағы арқылы өтетін, Орталық Азия мен Каспий өңірін Түркия және Жерорта теңізімен байланыстыратын маңызды бағыт. Бұл Қазақстандағы Орта дәлізді жаһандық нарықтармен жалғайды.

Тағы бір мысал – WebTech локомотивтері бойынша 4,2 млрд долларлық келісім. Бұл – АҚШ тарихындағы ең ірі локомотив келісімі.

Болашақта аэроғарыш, жоғары технологиялар, IT және жасанды интеллект салаларында ынтымақтастық артады. Қазақстанда энергия ресурстары мол: уран, көмір. Бұл деректер орталықтары мен AI инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

ЖІӨ жан басына шаққанда 15 мың доллардан асқан кезде Қазақстан «жоғары орта табысты елдер» қатарына енеді. Бұл инвестициялық тартымдылықты арттырады. Президент Тоқаев жетекші әлемдік университеттерді елге тарту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Сондықтан Қазақстанның болашағы зор.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық бастамалары мен АҚШ-тың қолдауы Қазақстанның халықаралық ықпалын қаншалықты арттырды?

–  Қазақстан өзін Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер үшін бейтарап алаң ретінде ұсына алады. Ел әрдайым өзін диалогқа ашық, бейтарап мемлекет ретінде көрсетіп келеді.

АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі) аясында Иран мен Израиль өкілдері бір алаңда кездесе алады. Бұл – Қазақстанның ерекше артықшылығы.

Қазақстанды «Еуразияның Швейцариясы» деуге болады. Сонымен қатар  Астана халықаралық қаржы орталығы мен ағылшын құқығына негізделген заманауи қаржы инфрақұрылымы елдің халықаралық беделін күшейтуде.

Қазақстан мұнай жеткізуші елден қосылған құны жоғары өндірістерге көшу жолында. Уранды тек өндірумен шектелмей, ядролық отын жинақтарын жасау, атом электр станцияларын салу – осының айғағы.

Бұл – модернизация жолы. Ал модернизация – адамдардың өмір сапасын жақсартудың негізгі кілті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 00:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see117

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see115

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see113

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see113

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see112

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see112

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see111

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see111

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

07 Тамыз 2026 17:26see110

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see110

Алматыда рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жүк көлігінің астына кіріп кетті

07 Тамыз 2026 12:39see109

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see109

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see108

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see108

Мектеп формасына қатысты ата аналар білуге тиіс маңызды талаптар

07 Тамыз 2026 16:09see107

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see107

+41 градусқа дейін: Қазақстанда жаңа аптап толқыны күтіледі

07 Тамыз 2026 10:52see107

Сұлтан Сүлеймен Қазақстанға келеді

07 Тамыз 2026 12:39see106

Қазақстанда 600 ге жуық дәрі бағасы арзандады

07 Тамыз 2026 15:37see105

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары