Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қасым Жомарт Тоқаевтың АҚШ пен стратегиялық диалогы: Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа кезеңі

Қасым Жомарт Тоқаевтың АҚШ пен стратегиялық диалогы: Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа кезеңі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, елдің халықаралық аренадағы рөлі айқындала түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың прагматикалық, теңгерімді және көпвекторлы дипломатиясы Қазақстанды өңірлік қана емес, жаһандық деңгейде де сенімді әріптес ретінде танытты.

Әсіресе, Қазақстан- АҚШ қарым-қатынастарының қарқынды дамуы елдің стратегиялық маңызын арттырып, экономикалық, технологиялық және қауіпсіздік салаларындағы серіктестікті жаңа мазмұнмен толықтырды. Осы тұрғыда ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Қазақстан дипломатиясының 2025 жылғы басты жетістіктерін терең түсіндірді. Ол өз сұхбатында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық диалогтың дамуы, Президенттің жеке рөлі, Дональд Трамппен кездесудің нәтижелері, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы және халықаралық саясаттағы орны жан-жақты талдап берді.

– 2025 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың даму динамикасын қалай бағалайсыз? Екі елдің жақындасуына қандай негізгі оқиғалар немесе келіссөздер әсер етті?

– 2025 жылды Қазақстан дипломатиясының барлық бағыттар бойынша белсенді жылы деп сеніммен айтуға болады.

АҚШ бағыты бойынша басты оқиға – қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия + АҚШ» (C5+1) саммитіне қатысу үшін Вашингтонға жасаған сапары. Қазақстан бұл форматты өңірлік интеграцияны нығайту және Орталық Азияның халықаралық субъектілігін арттыру тетігі ретінде қарастырады.

Саммит аясында Мемлекет басшысының АҚШ басшылығымен ресми келіссөздері өтті. Онда америкалық-қазақстандық стратегиялық әріптестікті және экономикалық ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.

Белгілі болғандай, АҚШ-қа сапар қорытындысында ірі инвестициялық және экономикалық келісімдер топтамасына қол қойылды. Қуантатыны – бұл келісімдердің барлығы өндірісті жергіліктендіруді және технологиялар трансфертін көздейді.

АҚШ-пен қарым-қатынастағы маңызды саяси бастамалардың бірі – Президент Тоқаевтың Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу ниеті туралы мәлімдемесі болды.

Жыл ішінде Президент Қ.Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен бірнеше рет телефон арқылы сөйлесті. Жуырдағы әңгіме барысында екіжақты күн тәртібі мен қазіргі халықаралық жағдай, соның ішінде Украина мәселесі жан-жақты талқыланды. Осы орайда америкалық Президент пен еуропалық көшбасшылар Қазақстан Президентінің украин дағдарысын реттеуге қатысты көзқарасын маңызды деп санайтынын атап өткен жөн.

2025 жылғы маңызды дипломатиялық кездесулердің қатарында Қазақстан мен АҚШ сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Марко Рубионың Жиддадағы кездесуі, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі С.Гордың және Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары К.Ландаудың Қазақстанға сапарларын атауға болады.

Осылайша, 2025 жыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы сапалы жақындасу жылы болып, саяси диалог тереңдеп, экономикалық әріптестік нақты мазмұнмен толықты.

– АҚШ-пен стратегиялық диалогты қалыптастыруда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке рөлі қандай? Оның дипломатиялық тәжірибесі әріптестіктің сапасына қалай әсер етеді?

– Менің ойымша, Президент Қ.Тоқаевтың жеке рөлі – шешуші.

АҚШ үшін келісімдерді орындайтын, халықаралық құқық логикасында ойлайтын көшбасшы факторы өте маңызды. Қасым-Жомарт Тоқаев – дәл осындай серіктес: кәсіби дипломат, БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары, батыс элиталарымен «бір тілде сөйлей алатын» тұлға.

Америкалық истеблишментте Тоқаев антагонистік күн тәртібі жоқ, рационалды әрі болжамды лидер ретінде қабылданады. Оған сенуге болады және онымен ұзақ мерзімді серіктестік құруға мүмкіндік бар.

Президент өзінің дипломатиялық тәжірибесінің арқасында Вашингтонның мүдделерін ғана емес, оның ойлау логикасын да терең түсінеді. Ол АҚШ-пен қарым-қатынасты ұзақ мерзімді келісімдер, экономикалық және технологиялық күн тәртібі арқылы дамытып келеді. Прагматизм, экономика, қауіпсіздік және орнықтылық – Мемлекет басшысының дипломатиясын декларативті емес, қолданбалы етеді.

– Биыл Тоқаев пен Дональд Трамптың кездесуі өтті. Осы кездесудің негізгі нәтижелері қандай?

– Кездесудің басты нәтижесі – Дональд Трамптың Қазақстанның АҚШ үшін маңызын, стратегиялық диалогты жалғастыруға қызығушылығын және Астананың көпвекторлы сыртқы саясатына құрметін жеке өзі растауы. Бұл өте маңызды, өйткені Д.Трамп дәстүрлі түрде институционалдық тетіктерден гөрі көшбасшылар арасындағы жеке келісімдерге басымдық береді.

Кездесу қорытындысында энергетика, аса маңызды минералдар, инфрақұрылым және логистика басым бағыттар ретінде айқындалды. Нәтижесінде бұл бағыттар кейінірек үкіметтер мен корпорациялар деңгейінде нақты экономикалық келісімдермен бекітілді.

Тағы бір маңызды нәтиже – АҚШ-тың қазіргі әкімшілігінің Орталық Азиядағы тұрақты және болжамды серіктестікке мүдделілігін растауы.

Кездесу нәтижесінде тікелей саяси байланыс арнасы қалыптасты. Бұл шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, диалогтың орнықтылығын арттырады. Қазақстан үшін бұл – маңызды дипломатиялық актив.

– Қазір Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың ең белсенді салалары қайсы? Қай бағыттарда өсу әлеуеті жоғары?

– Бүгінде инвестициялар, энергетика, аса маңызды минералдар және технологиялар салалары ең белсенді дамып отыр.

Ал өсу әлеуеті жоғары бағыттар ретінде көлік және логистика, технологиялық инновациялар, білім беру мен медицина салаларын атап өтуге болады.

Жалпы үрдіс – өзара мүдделерді мойындауға және прагматизмге негізделген стратегиялық әріптестікті нығайту.

– Қазақстанның өңірлік саясаттағы рөлін қалай бағалайсыз? Ел Батыс пен Орталық Азия арасындағы көпір бола ала ма?

– Қазақстан қазірдің өзінде Батыс пен Орталық Азия арасындағы көпір қызметін атқарып отыр.

Еліміз C5+1 сияқты форматтарға белсенді қатысып, өңірді бытыраңқы елдер жиынтығы ретінде емес, біртұтас субъект ретінде ілгерілетуде, Батыспен қатынастарда идеологияланудан қашады.

Қазақстан – Орта дәліздің, энергетикалық және шикізаттық тізбектердің, аса маңызды минералдар жобаларының негізгі буыны.

Батыс үшін өңір – геосаяси тәуекел аймақтарын айналып өтетін балама маршрут, ал аймақ елдері үшін – жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндігі.

Астана халықаралық келіссөздер, форумдар және бір-біріне қайшы позициялар арасындағы диалог алаңына айналды.

– Тоқаевтың дипломатиялық бастамалары мен АҚШ-тың қолдауы Қазақстанның халықаралық ықпалын қаншалықты күшейтті?

– Меніңше, Қазақстанның ықпалы айтарлықтай артты – ең алдымен дипломатиялық делдал және болжамды «орта держава» ретінде.

Қазақстан енді тек өңірлік әріптес емес, көршілерімен жұмыс істеуге ыңғайлы дербес дипломатиялық торап ретінде қабылдануда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұсында Қазақстан жиі диалог алаңы ретінде аталады, әртүрлі лагерьлермен сөйлесе алатын, позиция таңбайтын және шиеленісті төмендете алатын ел ретінде танылды. АҚШ-тың қолдауы бұл мәртебені күшейте түсті.

Президент Тоқаевтың бастамалары мен АҚШ-тың қызығушылығы Қазақстанның Орта дәліздегі, ресурстарды жеткізу тізбектеріндегі, энергетикалық және шикізаттық қауіпсіздіктегі маңызын арттырды.

Ең бастысы – АҚШ Қазақстанның позициясын саяси тұрғыда күшейтеді, бірақ оның күн тәртібін бақыламайды. Бұл – халықаралық тәжірибеде сирек кездесетін теңгерім.

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет

Президент • Кеше

Президент: Мемлекеттің табанды жұмысы арқылы елордаға газ құбыры тартылды

Инфрақұрылым • Кеше

Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін

Алматы • Кеше

Қозыбаев атындағы университет жыл өткен сайын жаңғырып жатыр

Ғылым • Кеше

Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді

Қоғам • Кеше

Мал іздеп шыққан ер адамның денесі табылды

Қоғам • Кеше

Астанада музейлердің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды

Мәдениет • Кеше

Биыл Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өтті

Әскер • Кеше

Абайлықтар баспаналы болды

Аймақтар • Кеше

Тасашылықтардың қуанышын тасытты

Құрылыс • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-пен стратегиялық диалогы: Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа кезеңі

Сұхбат • Кеше

Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді

Президент • Кеше

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салынуы мүмкін

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 01:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары