Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданды

Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ұлттық құрылтай 2022 жылдың 16 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылып, алғаш рет Ұлытау облысынан бастау алған болатын. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған Ұлттық құрылтай еліміздің келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланатын алаңға айналды. Биыл Ұлттық құрылтайдың кезекті V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Құрылтай – бұл тек пікірталас алаңы емес, стратегиялық шешімдерге ықпал ететін механизм.

Ұлт ұясы – Ұлытау

Елімізде Ұлттық құрылтайды құру туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында көтерген болатын. Осылайша, сол жылы Президент Жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды. Алқалы жиынның алғашқы отырысы 2022 жылы 16 маусымда Ұлытау төрінде өтті. 

«Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы – жақсы ырым. Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Сол себепті, мен Жолдауымда Ұлттық құрылтай шақыру туралы бастама көтердім. Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген.

Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ, бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек. Отырыстарды мұқият ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жерде шын мәнінде халықтың үні естілуге тиіс. Кез келген адамды Құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатынына кәміл сенемін», - деген еді Президент Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Ұлытаудағы алғашқы құрылтайдың нәтижесінде 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде қалпына келтірілді, әйелдер мен жастардың саяси қатысуына қатысты заңнамалық өзгерістер енгізіліп, жалпыхалықтық референдум арқылы Конституциялық түзетулер қабылданды. 

Киелі Түркістан – ұлы дала өркениетінің темірқазығы

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Президенттің айтуынша, Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылу керек. Ал түпкі мақсатқа жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғырып, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың ІІ отырысында Президент мемлекеттік нышандарды жетілдіру; ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту; мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеу; өскелең ұрпақтың тәрбиесіне мән беру; ақпарат саясатының тиімділігін арттырып, креативті индустрияны дамыту; мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қызметін сапалы жүргізу; шекаралас аймақтарды дамыту; мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде маңызды мәселелерді қозғап, тың бастамалар ұсынды.

«Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлттық құрылтайдың ІІ отырысының нәтижесінде:

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң;  «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын қайтару;  «Кинематография туралы» Заңға түзетулер;  Ономастика жұмысын жүйелеу туралы; Вейптерге, шегуге келмейтін темекі өнімдеріне тыйым салу туралы түзетулер;  Құмар ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері туралы;  Жұмысшы мамандықтар үшін жаңадан 9 құрметті атақ енгізу;  Масс-медиа мәселелері туралы заңнамаға түзетулер;  «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң;  Мемлекеттік наградаларға ұқсас қоғамдық наградаларды дайындауға және марапаттауға тыйым салатын заң;  Ғылым және білім беру мәселелері туралы заңнамаға түзетулер (педагогтерге қосымша төлемдер туралы) енгізілді.

Атыраудағы жиын: әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды

Атырау облысындағы Сарайшықта өткен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысының тақырыбы – «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» болды.

Мемлекет басшысы Атырауда өткен Құрылтайда қоғамды жайлаған бес кеселмен, атап айтқанда есірткі саудасы және нашақорлықпен, лудоманиямен, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және агрессиямен, вандализммен, ысырапшылдықпен бүкіл ел болып күресіп, тосқауыл қоюға шақырды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға да жеке-жеке тоқталды. Олар – тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық.

– Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысының нәтижесінде:

«Айбын» орденіне аңызға айналған қаһармандар – Сағадат Нұрмағамбетовтың, Бауыржан Момышұлының, Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы түзетулер;  Вандализмге қарсы күрес және табиғи нысандарды қорғау туралы түзетулер;  Лицензиялауды ретке келтіру және заңсыз археологиялық қазбаларға қатысты жауапкершілікті күшейту туралы түзетулер;  Есірткі тасымалдаушылар мен есірткі өндірушілердің жауапкершілігін саралау туралы түзетулер;  Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігі мәселелері туралы түзетулер (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту, балаларға қатысты зорлықтың барлық түріне жазаны қатаңдату және т.б.);  Өңірлік рәміздердің бірыңғай стандарты туралы түзетулер;  «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға түзетулер;  Креативті индустрияны қолдауға бағытталған заңнамалық шаралар пакеті қабылданды.

Бурабайдағы құрылтай: Қуатты аймақтар – қуатты ел

Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан: Бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен ІV отырысы Бурабайда ұйымдастырылды. Президент бұл жиында цифрландыру мен жасанды интеллектіні, энергетика, агроөнеркәсіп секторын және адам капиталын Қазақстанның жаңа әлемдегі орнықты дамуына жол ашатын негізгі факторлары ретінде атады.

– «Қуатты аймақтар – қуатты ел» ұстанымы – менің саяси бағдарымдағы мызғымас қағиданың бірі. Үкімет осы қағиданы негізге ала отырып, облыстардың еншісіндегі әлеуметтік салықты сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Алайда облыс әкімдері бюджет қаржысын үнемдеп, тиімді пайдалануы керек. Елге пайдасы тиетін әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беру қажет. Бүгін айтылған бастамалар мен жобалар аймақтардың біркелкі дамуына ықпал етіп, еліміздің одан әрі өркендеуіне жол ашады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. 

Ұлттық құрылтайдың ІV отырысының нәтижесінде:

Қоғамдық орындарда бет-бейнені тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізу;  Құқыққа қайшы келетін контентті (оның ішінде ұлтаралық, діни араздықты қоздыруға бағытталған) таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу;  ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға қатысты жауапкершілік енгізу;  Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігі мәселелері туралы түзетулер (қамқоршылық органдарын күшейту, балалардың құқықтарын қорғауды нығайтатын шаралар және т.б.);  Ономастика саласындағы жұмысты ретке келтіру;  Қазақстандағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының мәртебесін қайта жандандыру туралы шешім қабылданды.

Бүгінде Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданып, тағы 10 заң жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Одан бөлек бірқатар нормативтік құқықтық акті, оның ішінде кешенді жоспарлар мен тұжырымдамалық құжаттар қабылданды. 

Сонымен қатар «Әділетті Қазақстан – адал азамат», «Заң және тәртіп», «Кітап оқитын ұлт», «Еңбек адамы», «Қуатты өңір – қуатты ел» атты Президент бастамаларын нақты жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жүзеге асырылуда. Аталған шаралардың бәрі де Әділетті Қазақстан қағидаттары мен құндылықтарын орнықтыруға бағытталған.

Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланатын алаң – Ұлттық құрылтайдың V отырысы биыл 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 14:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары