Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ұлттық ұланның саптық элитасы

Ұлттық ұланның саптық элитасы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Құрмет қарауыл ротасы- Ұлтттық ұланға қарасты мемлекеттік деңгейде өтетін рәсімдік іс-шараларда сап түзейтін әскери құрам. Бас қолбасшы шешімімен құрылған ротаға биыл он жыл. Ұйымдастырушылық-штаттық құрылымға сәйкес, рота қамтамасыз ету батальонының құрамына енгізіліп, бүгінге дейін сонда орналасқан. Бөлім ресми түрде құрылмас бұрын, оның міндеттерін 5570 әскери бөлімінің 1-батальоны атқарған. Әскери бөлім елорданың Үркер шағын ауданына ауысқанннан кейін 1-оперативтік рота базасында штаттан тыс Құрмет қарауыл ротасы құрылды. 2015 жылы рота штаттық құрам ретінде ресми бекітіліп, Ұлттық ұланның маңызы бар іс-шараларында бой көрсете бастады. Дайындықтары күрделі жүйемен басталған олар аптасына шамамен 120 сағатқа созылатын оқу-жаттығудың 60 пайызын  арнайы даярлыққа арнаған.

Сап түзеп,  жауынгерлік Туды қорғау әскери дәстүрде әр сарбаздың абыройлы міндеті болып келген ежелгі дәстүр. Бұл рота Астана қаласындағы ерекше мақсаттағы бригада құрамында қызмет атқарады. Сарбаздар қозғалыс синхрондарын бекітіп, адым өлшемін біріздендіріп, дефилеге арналған арнайы жаттығуларды орындайды. Олардың басты мақсаты - әскери салтанатқа рухты сипат беру, әскердің тәртібі мен күшін паш ету.

Сымдай тартылған сымбатты сарбаздар Президент қатысуымен өтетін жиындар мен  Ұлттық ұланның жоғары дәрежедегі мәртебелі шараларында оқтай тізіліп әскери өнерлерін көрсетеді. Плац, әскери дефиле, қару қимылдары… Тәртіпке шыныққан сарбаздардың саптағы мінсіз қимылы, нық басқан қадамына қарап сырттай тамсанасың. Мұның барлығына үздіксіз жаттығудың арқасында ғана қол жеткізуге болады.

Сайдың тасындай таңдаулы құрамаға ену үшін де екінің бірі жарай бермейді. Салтанатты сапта бой түзейтін жауынгердің бой өлшемі  1,80-нен кем болмауы, денсаулықтың мықты, келбеттің жинақы болуы сынды талаптар қатаң сақталған. Сарбаздарға таңдау жасағанда олардың спорттағы жетістігі де есепке алынады. Әрі жоғары білімді үміткерлерге басымдық берілген. Рота сапына кірген әр жауынгер өз міндетін терең сезініп, әскери дәстүрдің қадір-қасиетін келесі буынға жеткізетін рухты жолға осылай келеді. Сондықтан бұл құрамға кіру тәртіп, талап және айбынның жеңісі. Мұндай сарбаздар сапында тек дауысы анық, қадамы нық, мінезі қайсар жігіттер ғана жүреді. Рухы биік, сенімі берік сарбаздың әрі қарайғы әскери өмірі енді оның мінезін шыңдайды.

Салтанатты шараларда бой көрсететін әр сарбаз үшін әрбір сәт мінсіз болуы тиіс. Мұндай шеберлікке жету үшін олар күн сайын он сағат бойы қажырлы дайындықтан өтеді. Сарбаздар таңмен таласа оянып күн тәртібін физикалық жаттығумен бастайды. Таңғы салқынмен жасалатын бұл жаттығулар олардың дене дайындығын шыңдап қана қоймай, күні бойғы сергектікке негіз болады. Одан кейін қуатты, калорияға бай таңғы ас. Рационға сай мәзір. Ас ішкен соң жеке құрам саптық алаңға шығып, әскери жүріс, қару қимылдары, дефиле элементтері сынды негізгі жаттығуға кіріседі. Әрбір қадам, бұрылу, тіпті қаруды иыққа салу да бәрі мінсіз болуы шарт. Күн ортасында сарбаздарға қысқа демалыс уақыты тағайындалады. Оны біреу қаруын тазалап, біреуі формасын реттеуге, енді бірі тынығып алуға пайдаланады. Дегенмен  күн тәртібінің басым бөлігі: жаттығу, тактикалық дайындық және саптық машықты жетілдіру. Қатаң тәртіппен өрілген бұл күн тәртібі - олардың салтанатты рәсімдердегі мінсіздіктің басты кепілі.

Құрмет қаруыл ротасының мұнтаздай келбеті мен мінсіз саптық жүрісі көпшілікке тек сыртқы болмысы арқылы көрінеді. Алайда бұл ұқыптылықтың ар жағында көзге түсе бермейтін күн сайынғы еңбек жатыр. Бұл ретте атқарылатын әр істің әрқайсысы дара жауапкершілікке ие.

Сарбаздар асынатын қару-жарақ күніне бірнеше рет тазаланып, әр тетігі мұқият тексеріледі. Қарудың салмағы төрт-бес келіні құрайды. Оны сағаттап тік күйінде ұстап тұру- әр жауынгердің төзімі мен бұлшық ет күшін сынайтын ауыр тапсырма.  Қаруды ұстаған сәттен бастап олардың қолдары бір ретте дірілдемеуі қажет. Бір сәттік әлсіздік рәсімнің тұтастығын бұзып, дайындықтың жемісін жоққа шығарады. Бұл үшін олар арнайы тыныс алу техникасын қолданады. Терең, біркелкі тыныс алу арқылы олар денедегі кернеуді басып, артылған міндетке толық шоғырланады. Бұл әдіс тек физикалық емес, психологиялық тұрақтылықты дамытуға арналған құрал. Жалпы алғанда, қару айналдыру техникасы 15-20 қадамнан тұрады. Әр қозғалыс дәл және епті болуы міндетті.

Сапта тұрған сарбаздар назары да бір нүктеге бекітілген. Бұл да ерекше дағды. Көз алдындағы нақты мақсатқа фокус қою, айналадағы барлық факторды елемеу қабілеті – тек тәжірибе мен ұзақ дайындық арқылы келеді. Мұны меңгерген сарбаздар ұзақ тұру, қатты жарық, шу немесе камера алдында да концентрациясын жоғалтпайды.

Киімнің әр бүктемесі, шевронның бұрышы, тіпті жағаның қаттылығы да санитарлық әрі эстетикалық талаптарға сай болуы тиіс. Қарауыл құрамындағы әр қимыл милиметрмен есептеліп, жүзге жуық қайталанатын жаттығулар арқылы дәлдікке жеткізіледі. Аяқ киім де күніне алты-жеті рет мұқият сүртіліп, сапта тұрған сәтте жарықты біркелкі шағылыстыруы ескеріледі.

Қарудың ақ қолғап фонында үндесе қозғалуы да қару ұстау мәдениетін, тазалық пен реттілікті көрсететін ерекше белгі. Дайындықтың бұл көрінбейтін қырлары қарауыл қызметінің сырт көзге байқала бермейтін, бірақ оның мәртебесі мен абыройын айқындайтын маңызды бөлік.

Темірдей тәртіптің арқасында олар өз кәсібилігін талай рет дәлелдеді.  Мәселен, Ұлттық ұлан Құрмет қаруылы 2019 жылы Мәскеуде өткен халықаралық фестифальда қарумен қойылым қойған. 12 ел қатысқан байқауда біздің құрам 3-орынды иеленді. Бұл олардың дәстүрлі өнерді жоғары деңгейде меңгеріп, халықаралық саптарда да лайықты бой түзей алатынын дәлелдейді.

Ұлттық ұланның әскери абыройын айшықтайын Ән-би ансамблі мен Үлгілі-көрсетімді оркестрі Құрмет қарауыл ротасымен өнер көрсетеді. Салтанатты дефиле мен ресми іс-шараларда сарбаздардың мінсіз саптық жүрісін музыкамен үйлестіріп, ерекше сән-салтанат бере түседі. Салтанатты шерулер, мемлекеттік мерейтойлар, халықаралық делегацияларды қарсы алусынды елімізде өткен түрлі іс-шаралардан ұлттық ұжым талай бой көрсеткен.

Сонымен қатар Құрмет қарауыл ротасы түрлі қоғамдық және мерекелік іс-шараларға қатысып, халықпен тікелей байланыс орнатады. Әскери шерулерге қатысу, гүл қою рәсімдері, одан бөлек құқықтық тәртіп әскері қолбасшылығы қатысатын мемлекеттік деңгейдегі ресми іс-шараларда өз міндеттерін бұлжытпай орындап келеді. Сондықтан мұндағы даярлық көлемі аптасына 120 сағатқа дейін жетеді.

Саптық өнердің сыртқы көрінісітек қатаң тәртіптің емес, жоғары эстетиканың да айғағы. Олардың әр қадамы миллиметрмен дәлдікпен өлшеніп, қозғалыс ырғағы оркестр әуенімен үндесіп отырады. Сарбаздардың иық деңгейі бір қалыпқа келтіріліп, саптағы симметрия дәл лазер сызығындай болуы тиіс. Бұл да байқалмайтын, бірақ кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдейтін шеберлік.

Дайындықтың әр кезеңі жеке құраманың ғана емес, оны бағыттап, әрбір жаттығудың сапасын бақылап отыратын басшылық құрамның да тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты. Құрмет қарауыл ротасының дайындығы капитан Дархан Калибаев басқаруымен, сондай-ақ саптық машық пен тәртіпке ерекше мән беретін аға лейтенант Абдуррахман Аяғанның  жетекшілігімен жүргізіледі. Олардың кәсіби талаптары сарбаздардың қимыл дәлдігі мен тапсырмалардың сапасына ықпалын тигізеді.

Ұландықтар тек қызмет атқарып қана қоймай, мәдени мұраны сақтауға да ерекше ден қояды. Әскери бөлімдерде халықтық дәстүрлерге арналған тақырыптық кештер мен байқаулар, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Ұлттық ұланның айбыны мен абыройы-дәл осы сарбаздардың кемел бейнесінен айқын сезіледі. Саптық киімде көнеден-ақ ерекше мәнге ие қазақы ою-өрнектер де көрініс табады. Ұлттық орнаменттер қатардағы жауынгерден генералға дейінгі әскерилер киетін күнделікті формадағы погондардан байқауға болады. Әр сарбаздың әскери киімі оның бойы, түр сипаты мен салмағына сай мұқият тігіліп, таңдалады. Бұл өз алдында жауынгерге рух беріп, бойына сенімділік беретіні анық.

Бұл тәжірибе тек Қазақстанға ғана емес, шет елдік Құрмет қарауылдарына да тән. Әлемдік әскери құрылымдарда да саптық мәдениет, қатал тәртіп және салтанатты рәсімдерді орындаудағы мінсіздік ең жоғары деңгейде бағаланады. Мәселен, Францияда Республикалық Құрмет қарауылының айрықша ерекшелігі саптық дефиле тек жаяу емес, ат үстінде де орындалады. Атты бөлімшенің қатысуы ресми шаралардың әсерін күшейтіп, француз протоколына тән сән-салтанатты айқын көрсетеді. Ресей мен Беларусь елдері саптық тәртіпке қатты көңіл бөледі. Олардың қарауылдары классикалық совет мектебінің қатаң техникасын сақтап келген. Ал, Түркия қарауылы өз тарихына тән әскери дәстүрді заманауи элементтермен ұштастыра біледі.

Біздің рота да осы тәжірибелердің маңызды сипаттарын қабылдаған. Саптық қадамның дәлдігі, қару айналдырудың үйлесімді техникасы, ресми рәсімдерде психологиялық тұрақтылық пен мінсіз көріністі сақтау. Бұл халықаралық стандарттар біздің сарбаздардың дайындығын кәсіби деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибе мен ұлттық дәстүр - Құрмет қарауыл ротасының ерекшелігін айқындайтын басты фактор.

Құрмет қаруылының қызметі тек салтанатты рәсімдермен шектелмейді. Бұл рота еліміздің жас буынына үлгі болып, патриоттық сана қалыптастыруда маңызды рөл атқарып жүрген әскери бөлімдердің бірі. Ұлттық ұлан жауынгерлері жыл бойы мектептерде, колледждерде, әскери-патриоттық клубтарда арнайы кездесулер өткізіп, жасөспірімдерге әскери өмірдің мәні, тәртіп пен борыштың құндылығы туралы түсіндіреді. Бұл жас буынның әскерге деген оң көзқарасын қалыптастырып, елге қызмет етудің мәртебелі іс екенін терең ұғындыруға бағытталған маңызды жұмыс. Көптеген жас кадеттер мен болашақ сарбаздар дәл осы қарауыл жауынгерлерінің жинақы бейнесінен жігер алып, әскери қызметке қызығушылық танытып жатады.

Биылғы күзгі шақырту науқаны Құрмет қарауыл ротасына деген қызығушылықтың артқанын тағы бір дәлелдеп отыр. Жыл сайынғы жоғары бәсекелестік бұл элиталық құрамның беделі мен жауапкершілігін айқын көрсетеді. Осы күзгі шақырылымда  Ұлттық ұлан сапына жаңа сарбаздар қабылданып, олардың арасынан Құрмет қаруылының келесі буыны іріктелетін болады. Бұл жолы да ротаның қатарына тәртіпке берік,дайындығы мінсіз, болмысы биік өрендер ғана өтіп, әскери құрылымның беделін арттырар маңызды міндеттерді атқаруға мүмкіндік алады. Жаңа шақырылымда осы даңқты мектептің жолын жалғастыратын лайықты сарбаздармен толығады деген сенім мол.

Алдағы уақытта Құрмет қарауылы өз қызметінің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асыруды жалғастырады. Рота сарбаздары саптық машықты жетілдірумен қатар,  халықаралық деңгейдегі әскери протокол  талаптарын меңгеруге арналған дайындықты күшейтеді. Бұл процеске жаңа буын жауынгерлерін кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу, олардың тәртібі мен жауапкершілігін арттыру, салтанатты рәсімдерді жоғары деңгейде орындауға бейімдеу де кіреді. Ұдайы жаттығу мен жүйелі дайындық Ұлттық ұланның абыройын арттырып қана қоймай, еліміздің әскери мәдениетін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Құрмет қарауылының бүгінгі еңбегі ертеңгі кәсіби армияның деңгейін айқындайтын маңызды қадам. Ал олардың әрбір нәтижесі Қазақстанның халықаралық беделін күшейтуге өз үлесін қосады.

Осылайша, Құрмет қарауылының қызметі Ұлттық ұланның стратегиялық миссиясымен тікелей сабақтас. Сарбаздар орындап жүрген салтанатты рәсімдер тек бір бөлімшенің ғана емес, бүкіл құрылымның рухани бірлігі мен кәсіби тәртібінің анық көрінісі. Қоғамдық тәртіпті сақтау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жас ұрпаққа отаншылдықты дәріптеу бағытындағы Ұлттық ұланның кешенді жұмысы дәл осындай бөлімшелердің табанды еңбегімен толыққанды жүзеге асады.

Ұлттық ұланның элитасы саналған әр жауынгер – елдің еңсесін танытатын бейне. Оларға жүктелген міндеттің салмағы да ерекше!

 Жанерке МҰРАТҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 13:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары