Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ұлыбритания үлкен көліктерге шектеу енгізеді

Ұлыбритания үлкен көліктерге шектеу енгізеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ұлыбритания көлемді әрі салмағы ауыр көліктерге шектеу енгізеді. Енді 2 тонна 400 келіден асатын автокөліктер үшін тұрақ бағасы қымбаттайды. Жергілікті билік мұндай шешімге бірнеше себеп барын алға тартып отыр. Соның бірі – көшелердегі орын тапшылығы. Билік қолға алғалы жатқан бұл шаралар қалай іске аспақ? Тұрғындардың пікірі қандай?

Еуропа үшін бұл ережелер таңсық емес. Бұған дейін дәл осындай шектеулерді Франция билігі де енгізген болатын.

Ұлыбритания үлкен көліктерге шектеу енгізеді

Кәрі құрлықта ірі әрі жол талғамайтын көлікке сұраныс жоғары. Себебі де түсінікті. Бұл көліктер кең, ыңғайлы, қауіпсіз әрі сәнді. Бірақ кей өңірлерде осы үрдіске шектеу қойылады. Ұлыбританиядағы Кардифф қаласы салмағы 2400 келіден асатын автокөліктерге тұрақ бағасын көтеру туралы шешім қабылдады. Түсінікті болу үшін 2400 келі дегеніміз – шамамен екі Ford Fiesta машинасы. Кейін салмағы бұдан да аз көліктерге шектеу енгізіледі. Әзірге жоғары тарифтер көліктің аз ғана түрлеріне қатысты болмақ. Жергілікті атқамінерлердің сөзіне қарағанда ауыр автокөліктер Еуропаның онсыз да тар көшелерінде көп орын алады. Сондай-ақ зиянды газды да көбірек бөледі. Жолдардың тез тозуына әкеліп, ең маңыздысы жол-көлік оқиғалары кезіндегі қауіпті арттырады. Бірақ мұнымен кей тұрғындар келіспейді.

Дэнис Бенжамин, Лондон тұрғыны:

- Меніңше, мәселе үлкен көлемді көліктерінің немесе ірі машиналардың көптігінде емес. Негізгі проблема билік жолдарды тарылтып, жанама көшелерді жауып, біржақты қозғалысты көбейтіп, кеңістіктің бәрін дерлік велосипедтерге беріп жатыр. Соның салдарынан көлік қозғалысы баяулап, жүргізушілерге көлік айдау әлдеқайда қиындап кетті.

Кардифф қаласы қолға алған жаңа ережелер Францияда да өзекті. Жылына миллиондаған турист ағылатын Париж тұрғындары кептелістен көз ашпайды. Мәселені шешу үшін билік қоғамдық көлік пен велосипедтерге басымдық берді. Кейін үлкен көліктерге бақылауды күшейтті. Былтыр қала әкімдігі салмағы ауыр машиналар үшін тұрақ ақысын үш есе көтерді. Қала орталығында бір сағаттық тұрақ бағасы 6 еуродан 18 еуроға, ал алты сағат үшін 75 еуродан 225 еуроға дейін өскен. Әкімдіктің дерегіне қарағанда бірнеше айда қала көшелерінде тоқтайтын ауыр көліктер саны едәуір азайған. Енді Франция билігі салмағы 1600 келіден асатын темір тұлпарларды тіркеу бойынша қосымша салық енгізейін деп жатыр. Әр артық килограмм үшін 10 еуро көлемінде айыппұл салынады.

Тим Декстер, T&E көлік саясаты жөніндегі менеджері:

- Ұлыбританияда үлкен автокөліктерге қатысты қосымша салық қарастырылмаған. Олар жолда қиындықтар туғызып, айналаға зиян тигізетінін білеміз. Сондықтан мұндай көлік иелері салықты көбірек төлеуі әділетті.

2011 жылы Еуропадағы 27 елдің нарығында жол талғамайтын көліктердің үлесі шамамен 13% болған. 2025 жылға қарай көрсеткіш 59%-ке дейін өсті. 2018 жылдан бері Еуропада сатылған жаңа көліктердің ені 182 см-ден 187 см-ге жетті. Ал орташа салмағы 1365-тен 1592 келіге дейін ұлғайды.

Үлкен автокөліктер қауіпсіздік кепілі емес

Ірі көліктер өз жолаушылары үшін қауіпсіз болуы мүмкін деген пікір бар. Алайда сарапшылар мұндай көліктер жолда өзгелер үшін әлдеқайда қауіпті екенін айтады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған Бельгия институтының зерттеуіне сенсек, автомобиль капотының биіктігі небәрі 10 см-ге артса, соқтығыс кезінде өлім қаупі 27% өсуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе, тіпті седан немесе хэтчбек автокөліктерінің өзі әдеттегіден ірі бола түседі.

Алекс Томпсон, Thatcham Research қауіпсіздік бойынша бас инженері:

- Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында көлік құралдарына салмақ қосуға тура келді. Өндірушілер соқтығыстардан қорғанысты жақсартып, қауіпсіздік жастықтарын көбірек орнатуға тиіс болды. Сондай-ақ көлік салонының ішкі кеңістігін жақсартып, жаңа функцияларды орнату да өлшемдердің үлкеюіне алып келеді.

Қытай Еуропа автокөлік нарығын бағындырмақ

Жол талғамайтын көліктер орташа өлшемді автомобильге қарағанда зиянды газды 20% көп бөледі. Сол себепті Еуропа нарығы үшін қазір электромобильдер өндірісі өзекті. Қытайдың жетекші электромобиль өндірушісі – BYD компаниясы жыл соңына дейін Мажарстанда өз зауытын іске қосады. Былтыр әлемде 17 млн электромобиль жасалса, соның жартысынан көбі шығыстағы көршімізге тиесілі.

Электромобильдер зиянды газды азайтқанымен, көліктердің өлшемі мен салмағына қатысты мәселені шешуі екіталай. 2023 жылы тоқпен жүретін көліктің орташа салмағы 2300 келіден асқан. Енді бұлардың ішінде жол талғамайтын көліктерге де сұраныс артуы ықтимал. Сол себепті пайда үшін өндіріс те қарқын алады. Сарапшылар бұл орайда тұрғындарды жеңіл автокөлік сатып алуға салықтық жеңілдік беру арқылы ынталандыруға болатынын айтады. Бірақ елді мұнымен алдау қиын тәрізді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары