Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ұлытау облысына оңтүстіктен 28 отбасы көшіп келеді

Ұлытау облысына оңтүстіктен 28 отбасы көшіп келеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Биыл Ұлытау облысына мемлекеттік бағдарлама аясында оңтүстік өңірден 28 отбасы қоныс аударады. Оларды жұмыспен қамту және тиісті көші-қон көмегін беру үшін арнайы жоспар жасалып, қаржы бөлінді. 

Алдағы уақытта мамандар оңтүстік өңірлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Мансап орталығының мамандары көшіп келген отбасылар негізінен халық саны аз ауылдарға қоныстандырылады дейді. 

Ерлі-зайыпты Арман мен Лиза  мемлекеттік бағдарлама  бойынша тамыз айында Жезді кентіне көшіп келді. Екеуі де жоғары білімді мұғалім. Киелі Түркістаннан қасиетті Ұлытауға қоныс аударған жұп «таңдауымызға еш өкінбейміз» дейді. Жобаның шарты бойынша тиісті қолдау шаралары толығымен орындалған. Қазір екеуі де осындағы мектеп-интернатта жұмыс істейді.

Лиза Нұрділла, Жезді кентінің тұрғыны:

-Бізге уәде етілген жол ақымызды, келген кезде берілетін сома берілді. Сонымен қатар әкімшілік тарапынан қызметтік үй берілді. Келген кезде әріптестеріміз жақсы күтіп алды. Қуанды әрине. Иә, алғашында оңай болған жоқ. Өзге жер, өзге орта. Адамдар қалай қабылдайды, бұл жақта бізден ешқандай адам жоқ деген секілді. Алайда өзіміз қатарлы әрептестеріміздің қолдауымен үйренісу оңай болды. 

Былтыр оңтүстіктен көшіп келген 27 отбасының тең жартысы ауылдық жерді таңдаған. Мал шаруашылығымен айналысуға ниеттілерге жер телімі конкурссыз берілді. Ал Жезді кентіне төрт отбасы қоныстанды. Олар негізінен елдімекенде тапшы мамандық иелері. 

Мұратбек Жұмабек, Жезді кентінің әкімі:

- Білім саласына қанша маман қажет, оның ішінде мұғалімі қанша, қаншамасы лаборант және де аурухана,медициналық ұйымдар арқылы оларға қажет мамандардың барлығын жинап аудан әкімдігіне береміз. Аудан әкімдігі соған қарап жоспар жасайды. Ең өзекті дегендер мұғалімдер, бірінші кезекте мұғалімдер. Содан кейін дәрігерлер. 

Облысқа қоныс аударған отбасыларға мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік қолдау қарастырылған. Отбасыға көшуге арналған субсидия төленеді және оның әр мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде бір реттік қаржылай көмек беріледі. Кіретін дайын үй болмаса, бір жылға пәтер жалдап береді. Ал үй сатып алған жағдайда жарты ақшасын мемлекет өтейді. 

Айдар Қойшыбаев, облыстық Еңбек мобильдігі орталығының директоры:

- Үйдің бағасы 8 млн болса 4 млн алады, 7 млн болса  3,5 млн теңгесін мемлекет тарапынан субсидиялайды. Өңірімізде педагогтар, дәрігерлер және де мемлекеттік қызметкер мамандар тапшы. Қазіргі уақытта облысымызда 300-ге жуық мемлекеттік мекемелерде бос орындарымыз бар. Ал еңбек.кз порталында бүгінгі күнде 785 бос жұмыс орны бар. Оңтүстік өңірлерін азаматтарын өзімізге шақыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. 

Облыстық еңбек мобильділігі орталығы жобаға қатысуға тілек білдірушілер көп дейді.  Биыл өңірге 120 дан астам адамды көшіріп әкелу жоспарланып отыр. Алдағы күндері мамандар оңтүстік өңірлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Әрине таңдау барысында көпбалалы отбасыға және тапшы мамандық иелеріне басымдық беріледі. 

Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрлан Исмаилов, Гүлшаһира Серекбаева 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары