Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Израильдің Ливанға жасаған кейбір соққылары әскери қылмыс болуы мүмкін БҰҰ

Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 103,90 доллар деңгейінде саудалануда

Әділет министрі: 5 дербес конституциялық заңды әзірлеу басталды

Қазақстанның конституциялық моделі тұрақты әрі заманауи мемлекет қалыптастыру жолында

Әнші Qanay дың анасы өмірден өтті

Алматыда ірі өрт сөндіріліп жатыр: 18 наурыз 2026, 11:40 жаңалықтар

Мектептерде Наурыз мейрамында дастарқан жаюға тыйым салынды

Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалистері белгілі болды

Елге үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды

Депутат мемлекеттік қызметшілерге жұма күні демалыс беруді ұсынды

Beeline Қазақстандағы басшылық құрамының өзгергенін хабарлады

Түркістан облысында жылу маусымы қашан аяқталады

​BINOM да оқушы қызды жаралаған жасөспірім терезеден секірмек болған

Қызылорда соты жаза өтеу тәртібін бұзған 11 адамды бас бостандығынан айырды

Атырауда Құрманғазы көшесіндегі көпқабатты үй газсыз отыр

Атырауда жұмыртқа қанша тұрады

Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы заң наурыз айының соңына дейін қабылданады

Мен барда ешкімнен қорықпа! : Қайрат Нұртас қызын туған күнімен ерекше құттықтады

София Самоделкина әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларды анықтайтын дауыс беруге қатысуда

Уәде етілген жұмыс тұзаққа айналды: 18 жастағы қазақстандық бойжеткен зорланғанын мәлімдеді

Ұялы операторларда ұят бар ма?

Ұялы операторларда ұят бар ма?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жақында әлеуметтік желі қолданушылары ұялы операторлардан тариф құны өсетіні туралы хабарлама келе бастағанын айтып, бағаның негізсіз өзгеретініне шағымданды. Пайдаланушылар интернет сапасына қарамастан, төлем ақысы жылына бірнеше рет көтерілетінін жазған. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов осы мәселені қозғап, депутаттық сауал жолдады. Ол сауалында үш ірі оператордың тарифтерді бір уақытта, бірдей қымбаттатуы күмәнді екенін айтып, жеткізу, тарату секторларын монополиялық келісім фактілері бағытында кешенді тексеру жүргізу қажет деді.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

«Тредс» әлеуметтік желі қол­дану­шы­ларының жазуынша, «Altel» бағаны 70 пайызға жоғарылатқан. «2024 жылдың 5 тамызында менің Altel тарифім 3390 теңге болды. 2025 жылдың желтоқсанынан бас­тап 5690 теңге болады екен. Өзім сұрамаған 15 гигабайтты қос­қан­дарыңызға рахмет. Бір жарым жылда бағаның 70%-ға өскенін қалай түсіндіресіздер? «Altel», бұл жөнінде не айтасыздар?», деп жазды тариф тұтынушысы.

«Beeline» абоненттері де бірнеше ай сайын жасалатын баға өзгерісіне шағымданған. «Beeline, сіздер бір­деңені шатастырып отырған жоқ­сыздар ма? Тоқсан сайын бағаны көтересіздер. Наурызда ғана тариф 8000 теңгеден 11 500 теңгеге қымбаттады. Енді тағы 14 500 теңгеге көтергелі жатырсыздар! Ал біздің жалақымыз бес жыл бұрынғы дең­гейде тұр. Антимонополиялық органдар мұны қадағаламай ма?», деп жазды қолданушы.

«Beeline» тарифтердің қымбат­тай­тынын растады. Компания президенті Евгений Настрадин 2026 жылдың қаңтарынан бастап төлемақы орта есеппен 15-20 пайыз­ға өсетінін мәлімдеді. Өзгеріс тек нарықтағы орташа бағадан төмен тарифтерге қатысты болады. Егер солай болса, қазіргі бағасы 5999 теңге болатын танымал Мега тарифі 6899-7199 теңге аралығына барады. Ал 7999 теңге тұратын Мега про тарифінің айлық төлемі 9199-9599 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Компания баспасөзінің дерегін­ше, өткен жылы электр энергиясына 6,5 млрд теңге жұмсалған, ҚҚС-тің өзгеруі 35 млрд теңге көлемінде қосымша шығынға ұшыратқан, ал валюта бағамының құбы­луы тағы 3,7 млрд теңгеге түсіп отыр. Бұған қоса, кейінгі тоғыз жылда интернет-трафик 36 есе өскен, бір абонент айына 20-30 ГБ трафик жұмсайды. Осы факторлар инфрақұрылымды тұрақты түрде жаңартып отыруды талап етеді. Компания абоненттерді тариф өзгерісі туралы 30 күн бұрын хабардар ететінін мәлімдеді.

«Tele2» мен «Altel» де абонент тө­лемін қайта қарау туралы шешім қабылдаған. 25 желтоқ­саннан бас­тап тарифтер 15-20 пайыз шамасында қымбаттайды. Операторлардың мәліметінше, интернетке сұраныс жыл сайын өсіп келеді, ал инфра­құрылым осы қар­қынға ілесу үшін қосымша шығынды қажет етеді. Ком­пания келесі жылға бюджетін жос­­пар­­лау кезінде салық саясатының өзгерісін, инфляция қысымын және желіні жаңғыртуға кететін шығындарды ескерген. Сондай-ақ «Altel» компаниясы тарифтерді қайта қарау мәселесіне әрдайым сақтықпен қарайтынын атап өтті. Айтуларынша, өзгеріс тек нақты қызмет құнымен сәйкестігін жоғалтқан тарифтерге ғана қатыс­ты. Оның өзінде өзгеріс кезең-кезең­мен енгізіледі. Абоненттер алдын ала хабарландырылады, дайындалуға уақыт беріледі, ешкім күтпеген жағдайға тап болмауы үшін барлық жұмыс ашық жүргізіледі. Осылайша, қазіргі құны 4632 теңге болатын «Pro» тарифі өзгеріс енгізілген жағдайда 5327-5558 теңге аралығына дейін өсуі мүмкін. Құны 5992 теңге тұратын «Max» тарифінің бағасы 6891-7190 теңгеге дейін қымбаттауы ықтимал. Ал 9192 теңге болатын «Unlim» тарифінің айлық төлемі 10 571- 11 030 теңге шамасында болмақ.

Компания өкілдері жоға­ры инвести­циялық және макроэко­номикалық қысымға қарамастан, қаржылық тәуекел­дің барлығын тұтынушыға артпай-ақ цифрлық экожүйені дамытуға мүмкіндік бар екенін айтып отыр. Алайда компания тарифтердің өсуіне әсер ететін факторлардан қашып құтыла алмаймыз дейді. Солардың негізгісі – желіге салынатын инвестиция­лар. 2023 жылы 5G желісін іске қосқаннан кейін оператордың инвестиция көлемі 150 млрд теңгеден асқан. Бұл шығындардың басым бөлігі базалық стансаларды орнату мен жаңғыртуға жұмсалған. «Tele2» мен «Altel» операторларын біріктіретін «Мобайл Теле­ком-Сервис» АҚ басқарма төрағасы Александр Баби­чев базалық стансалар мен дата-ор­талықтарды көбей­туге, кэш-сер­верлерді жаңартуға тағы қосымша инвестиция қажет екенін айтады.

«Бір базалық стансаны орнату – жабдық, құрылыс және техни­калық қызмет көрсетуге кететін шығын­дарды қоса есептегенде шамамен 150 мың еуроны құрайды. Бұған жер телімін рәсімдеу, жалдау және қосу шығындары қосылады, олардың жылдық жалпы көлемі 40 млн еуроға жуық. Бұл – мәжбүрлі шара. Себебі желіні дамыту мен жаңғыртуға, оны үздіксіз қызметте ұстауға кететін шығындар өсіп отыр. Сонымен бірге салық заңна­масындағы өзгерістер де шы­ғынды көбейтті. Абоненттік төлем­ді қайта қарау бізге сервистердің тұрақты­лығын сақтауға және қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік бе­ре­ді. Компания қосымша кэш-сер­верлер орнатуға да инвестиция салып отыр. Жергілікті жерде кон­­тентті кэштеу желі ішінде жиі қол­данылатын қызметтер мен ресурс­тарға қолжетімділікті жылдамдата­ды, деректердің кідірісін азайта­ды», деп мәлімдеді компания өкілі.

«Kcell» компания өкілдерінің айтуынша, тарифті қымбаттату жөнінде әзірге ешқандай шешім қабылданбаған. Қазіргі кезде ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі қандай әсер етуі мүмкін екенін талдап, бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Корпоративтік байланыс бөлімі жазда бекітілген «Үздік» тариф топтамасының бағасы 2027 жылға дейін өзгермейтінін атап өтті. Егер тарифтерді қайта қарау қажеттігі туса, оператор бұл туралы абоненттерді алдын ала ресми түрде хабардар ететінін мәлімдеді. Алайда «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин са­лық саясаты мен экономика­лық жағдай едәуір өзгерсе, тарифтер қайта қаралуы мүмкін деді.

Сарапшылар 2026 жылы байланыс қызметтерінің құны өсуі мүмкін екенін айтқан еді. Сол кезде негізгі себеп ретінде операторлар шығындарының ар­туын және интернетке деген сұ­раныстың бұрынғыдан да күшей­генін көрсеткен. «Қазақте­леком» компаниясының бас әкім­ші­­лік директоры Ержан Мейра­­мов қол­даныстағы ережелер эко­но­­мика­лық негіздеме болған жағ­дай­­да тарифтерді қайта қарауға мүмкін­дік беретінін еске салған.

Жасанды интеллект және цифр­лық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мемлекет байланыс қызметтерінің тарифін тікелей реттемейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бағаны белгілеу немесе өзгерту – нарықта жұмыс істей­тін операторлардың өз құзыреті. «Министрлік тек көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасын, бәсекелестік талаптарының сақталуын және тұтынушылардың құқықтарының бұзыл­мауын қадағалайды. Ал та­риф­ті қайта қарау үшін әр оператор экономи­калық негіздеме ұсынуға міндетті», деді ол.

Интернет қолданушыларының бағаға ғана емес сапаға да көңілі толмайды. Ауыл-аймақтан бө­лек маңызы бар ірі қалаларда да ин­­тернет жылдамдығы баяу жұ­мыс істейтін кездер жиі болады. Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, байланыс сапасына қатысты шағымдардың негізгі себептері – жаңа шағын аудандардың пайда болуы, қаланың кеңеюі және жедел қарқынмен жүріп жатқан құрылыс. Мұндай жағдайда мобильді операторлар жаңа аумақтарда базалық стансалар орнатып, электр қуатын тарту және антенна-мачталық құры­лымдарды салу мәселелерін дер ке­зінде шешуі қажет. Бұл жұмыстар белгілі бір уақытты талап етеді.

«Егер байланысқа қатысты шағым болса, азаматтар e-оtinish жүйесі арқылы жүгіне алады. Біз әр өтінішке жауап береміз, тексере­міз, қажетті нұсқама шығарамыз. Орын­­далмаса – айыппұл саламыз. Операторлардың жұмысын бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Радио­жиілікті қадағалайтын арнайы қызмет бар, ол байланыс сапасын өлшейді. Қолданыстағы нормаларда сигналдың төменгі шекті деңгейі, секундына берілуге тиіс мегабит көлемі және жалпы қызмет сапасына қатысты нақты талаптар белгіленген. Осы талаптар бұзылған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Айыппұлдар­ды күшейту бағытында да жұмыс жүр­гізіп жатырмыз. Нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер ен­гізіп, санкцияларды 3-5 есеге артты­ру туралы ұсыныстар дайындап жа­тырмыз», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды

Футбол • Бүгін, 12:08

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:51

«Astana Motors»: Отандық көлік өнеркәсібіндегі серпіліс

Технология • Бүгін, 11:42

Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:40

Еуроодақ ресейлік газдан бас тарту туралы шешім қабылдады

Оқиға • Бүгін, 11:35

«Жетісу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Футбол • Бүгін, 11:25

Атырау облысында аңшы жоғалып кетті

Оқиға • Бүгін, 11:13

Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 10:51

Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды

Қоғам • Бүгін, 10:40

Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі

Оқиға • Бүгін, 10:33

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 10:20

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:11

18 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:01

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:50
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Израильдің Ливанға жасаған кейбір соққылары әскери қылмыс болуы мүмкін БҰҰ

17 Наурыз 2026 22:01see116

Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 103,90 доллар деңгейінде саудалануда

18 Наурыз 2026 12:26see115

Әділет министрі: 5 дербес конституциялық заңды әзірлеу басталды

18 Наурыз 2026 12:25see115

Қазақстанның конституциялық моделі тұрақты әрі заманауи мемлекет қалыптастыру жолында

18 Наурыз 2026 09:28see114

Әнші Qanay дың анасы өмірден өтті

17 Наурыз 2026 23:16see113

Алматыда ірі өрт сөндіріліп жатыр: 18 наурыз 2026, 11:40 жаңалықтар

18 Наурыз 2026 11:45see113

Мектептерде Наурыз мейрамында дастарқан жаюға тыйым салынды

18 Наурыз 2026 16:59see112

Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалистері белгілі болды

18 Наурыз 2026 14:37see110

Елге үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды

17 Наурыз 2026 13:41see110

Депутат мемлекеттік қызметшілерге жұма күні демалыс беруді ұсынды

18 Наурыз 2026 15:05see110

Beeline Қазақстандағы басшылық құрамының өзгергенін хабарлады

18 Наурыз 2026 10:45see110

Түркістан облысында жылу маусымы қашан аяқталады

18 Наурыз 2026 01:58see109

​BINOM да оқушы қызды жаралаған жасөспірім терезеден секірмек болған

18 Наурыз 2026 10:05see109

Қызылорда соты жаза өтеу тәртібін бұзған 11 адамды бас бостандығынан айырды

18 Наурыз 2026 01:59see108

Атырауда Құрманғазы көшесіндегі көпқабатты үй газсыз отыр

17 Наурыз 2026 19:19see107

Атырауда жұмыртқа қанша тұрады

18 Наурыз 2026 20:53see106

Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы заң наурыз айының соңына дейін қабылданады

18 Наурыз 2026 09:58see105

Мен барда ешкімнен қорықпа! : Қайрат Нұртас қызын туған күнімен ерекше құттықтады

18 Наурыз 2026 19:09see104

София Самоделкина әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларды анықтайтын дауыс беруге қатысуда

18 Наурыз 2026 15:20see104

Уәде етілген жұмыс тұзаққа айналды: 18 жастағы қазақстандық бойжеткен зорланғанын мәлімдеді

18 Наурыз 2026 09:57see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары