Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің құны қанша

Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің құны қанша

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Кейінгі кездері Қазақстанда ұялы байланысты тұтынушылар қатары тұрақты өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында абонент саны 27,3 миллионға жетіп, өсім 4,9% құрады. Ал мобильді интернет тұтынушылар саны 19,3 миллионды құрап, мұндағы өсім 2,8% болды. Нақтырақ айтқанда төрт жылда абонент саны шамамен 3 миллионға артты. 2021 жылы 24,28 млн болса, 2025 жылы 27,32 млн-ға жетті.

Бүгінде ұялы байланыс операторларының қызмет құны қанша және олар не ұсына алады?

Ең тиімді ұсынысты Altel беріп отыр. Мұнда «Арнау» тарифінің құны - 4 090 теңге. Оператор 15 ГБ және өзге байланыс нөмірлеріне 50 минут тариф береді. Сонымен бірге 5 190 теңге тұратын тарифте өзге нөмірлермен байланыс үшін 250 мин ұсынады. Ал 5 470 теңге болатын тарифте әлеуметтік желіні қарау тегін. Ең қымбаты - 6 670 теңге. Мұнда 45 ГБ және шексіз байланыс бар. Айта кетейік, бұл тарифтер 5G желісі кезінде қолданылмайды.

Сонымен бірге бұл операторда нұсқаушы тарифі қарастырылған. Мәселен шексіз интернет құны 8 200 теңге болса, 1 590 теңгеге 250 минутты сатып алуға болады. Ал қала ішіндегі телефонға 30 минуттық қоңырау шалу құны – 690 теңге. Арнайы ұсыныстар да бар. Мәселен YouTube/Twitch/TikTok — 690, Instagram/Facebook/VK — 490, Telegram/WhatsApp/Viber — 290 теңге. Толық топтама құны – 11 950 теңге.

Altel операторында «Жанұя» пакеті бар. Мұнда 2-5 SIM-карта береді. Интернетті шексіз пайдаланып, Altel/Tele2 нөмірлеріне де кез келген уақытта қоңырау шалуға болады. Сонымен бірге өзге операторлардың байланыс нөміріне, қала ішіндегі телефонға 900 минут береді. Бұл тарифте 200 телеарнаны қалап, онлайн-кинотеатр қызметін қосуға мүмкіндік бар. Тариф құны айына – 11 990 тг (2 SIM) және 15 990 тг (5 SIM).

Activ тарифі бұдан сәл жоғары. Мұнда баға 4 590 теңгеден басталады. Тарифте 10 ГБ, өзара байланыс тегін және өзге ұялы байланыс операторлары мен қала нөміріне 100 минут қосады. Тағы бір тарифінің құны - 6 590 теңге. 40 ГБ және өзге байланыс операторларының телефонына 250 минут ұсынады. Бұл тарифдің тағы бір артықшылығы бар. Уақытынан бұрын қайта қосылса, интернеті екі еселенеді, 5G желісі тегін және гигабайттарды өзгеге беруге мүмкіндік жасалған. Тарифке тағы 990 теңге қосса Instagram, TikTok, YouTube және өзге де әлеуеметтік желілерді тегін қолдануға болады. Отбасылық тариф құны 12 690 теңгеден (4 нөмір) басталып, 19 690 теңгеге (11 нөмір) дейін жетеді. Бәрінде де интернетті шексіз қолдануға болады. Ал байланыс нөміріне хабарласу 300/30 және 700/70 деп белгіленген. Мұндағы әр нөмірге лимит бөлек-бөлек беріледі. Алғашқы үш айда 50% жеңілдік қарастырылған.

Коллаж: Kazinform/ Canva

«Имба» тарифіне бөлек тоқталу керек. Бағасы – 4 990 немесе 3 5 990 теңге. WhatsApp, білім алуға арналған платформалар, желі арасындағы байланыс және 5G тегін. Ал әлеуметтік желіге 20 немесе 40 ГБ ұсынады. Тарифтің өзгешелігі – мектеп оқушысының өте жақсы бағасы интернетті тегін тұтынуға мүмкіндік береді. Бұл тарифке қосылған кезде 500 немесе 1000 имбакс есептеледі. Кейін мектеп оқушысы 1 000 немесе 1 500 таба алады. Яғни kundelik.kz платформасы арқылы әр 10 баллға 100 имбакс есептеледі. Осы арқылы лимитті арттырып, қосымыша гигабайттар алуға болады.

Kcell бағасы одан жоғары. Мұнда ең арзан тариф құны 4 990 теңгеден басталады. Бұл тарифте 18 ГБ, өзге операторларға 180 минут және қалалық телефон нөмірлеріне 10 минут береді. Ал әлеуметтік желілерді шексіз қолдану үшін 1 990 теңге төлейді. Бағасы одан жоғары тарифте бұл қызмет құны 990 теңге деп белгіленген. Егер айына 10 990 теңге төлесеңіз, шексіз интернетті, өзге операторларға 480 минутты және қалалық телефон нөмірлеріне 40 минутты пайдалануға болады.

Kcell-дің ресми порталынан отбасылық тариф туралы ақпаратты таппайсыз. Бірақ бұған дейін Kcell мен Activ ортақ отбасылық тариф шығару туралы хабарлаған еді. Шолу жасау кезінде екі брендтің ұсынысы бір-біріне сәйкес келеді деп есептелді.

Tele2 операторының бағасына келер болсақ, «Тиімді» топтамасындағы «Pro» тарифі – 5 790 теңге. Онда 25 ГБ, желі арасындағы шексіз баланыс және өзге операторларға 150 минут бар. Бұл тариф 5G желісіне берілмейді. Ең қымбат тариф — «Unlim». Бағасы – 11 490 теңге. Мұнда интернет шексіз, өзге операторлардың телефон нөміріне қоңырау шалуға 350 минут ұсынады. Сонымен бірге шетелге қоңырау шалу үшін 30 минут қоса есептеледі. Қосымша ұсыныстар да қарастырылған. Мәселен лимит бітсе өзге ұялы нөмірлерге телефон шалу минутына 21, қалалық телефон нөміріне хабарласу 25 теңге. Мектеп оқушылары үшін білім платформалары тегін. Ал «Жеңілдік» тарифі – 1090 теңге. Мұнда 7 ГБ беріледі және өзара байланыс тегін.

Tele2 бірнеше жеңілдік қарастырып отыр. Егер 2 адам бір мезетте осы операторды таңдаса 5%, 6-7 адамға 20% жеңілдік бар. Сонымен бірге алғашқы үш айда кез келген тарифке қосылу құны 20% арзанға түседі. Айтып өтейік, өзара 1 ГБ = 10 минут = 50 SMS беруге болады. Отбасылық тариф құны 12 990 теңгеден басталып, 17 490 теңгеге дейін жетеді. Мұнда шексіз интернет бар және өзге операторларға қоңырау шалу үшін 500-1000 минут береді. Оған 300-700 SMS және 200 ТВ арна қосылады.

Beeline – еліміздегі ең қымбат байланыс операторы. Мұнда ең арзаны – 5 999 теңге. Оған 10 ГБ, өзге байланыс операторларының телефон нөміріне 100 минут және 50 SMS беріледі. Ал құны 7 990 теңге болатын тарифте 25 ГБ, өзге операторлармен байланысқа 200 минут қарастырылған. Отбасылық тариф құны - 13 999 – 19 999 теңге аралығында. Онда 2-6 нөмір, шексіз интернет пен өзге байланыс операторларының ұялы байланыс нөміріне 300-700 минут беріледі. Барлық тарифте серіктестерінің қызметі қосылған. Онда BeeTV онлайн кинотеатры, Simply цифрлық картасы, Hitter музыкалық сервисі мен BeeCloud сақтау орны бар.

Сонымен бірге қолжетімді тариф те бар. «Мега әлеуметтік» тариф - 16 ГБ, өзара байланыс шексіз және өзге оператор нөмірлеріне 160 минут. «Оқу» тарифі студенттер мен оқушыларға арналған. Күніне 300 МБ үшін 200 теңге төлеуге болады. Қазақстан бойынша барлық нөмірге қоңырау шалу құны минутына 25 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін үйдегі интернет мен жаңа смартфон бағасы туралы жазылды.

Сонымен бірге жылыту маусымы алдында қаладағы тарифті, қысқа арналған аяқ киім бағасы мен лимон мен апельсин құнын білдік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары