Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстанда ветеринар қызметінің құны қанша

Қазақстанда ветеринар қызметінің құны қанша

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Егер үйде қандай да бір жануар асырап отырсаңыз, ерте ме, кеш пе ветеринар қызметіне жүгінуге тура келеді. Ит пен мысық баққан кезде тек тамағын беріп, далада серуендету жеткіліксіз. Үй жануарын ветеринарға қаратып, тексеру, қажет кезде вакцинасын қабылдау керек.

Медициналық қызметке түрлі аурудан емдеу, кестіру, стерилизациялау кіреді. Мал дәрігерлерінің айтуынша, кестіру мен стерилизациялау жануардың көбеюін болдырмайды, сонымен бірге олардың жағдайын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Ота жасалғаннан кейін гормондық бұзылыстар азаяды, қатерлі ісіктің алдын алуға болады. Сонымен бірге ит пен мысық адамға шаппайды, қауіп азаяды.

Елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы бар. Мұнда ит пен мысық асырайтындардың жауапкершілігі де қарастырылған. Бұл негізсіз көбеюдің алдын алуға көмектеседі. Мамандардың айтуынша, үй жануарларын кестіру көп мәселенің шешімі болып тұр.

Фото: Kazinform

Біз ветеринардың қабылдауына бару, кестіру және стерилизациялау қызметтерінің құнын салыстырдық. Баға үй жануарының түріне, жасына, салмағына, сонымен бірге қажетті дәрі-дәрмек сапасы мен жеке ветеринария емханасының деңгейіне қарай өзгеріп отырады.

Ота жасамас бұрын мамандар жануарды қарап, тексеріп алады. Бірден бірнеше қан сынамасын алып, жүрегіне УДЗ жасайды.

Сонымен Қазақстан қалаларында ветеринар қызметіне алғаш рет жүгінгенде 1 500 – 5 500 теңге қажет. Қарапайым ғана ветеринария кабинеті немесе заманауи ветеринария емханасы? Таңдауға қарай бағасы да өзгеріп отырады. Ең арзанын Алматы қаласынан табуға болады. Мал дәрігерінің қабылдауы 1 500 теңгеден басталады.

Талдықорған, Семей, Тараз, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент қалаларында мал дәрігерінің алғашқы қабылдауы 2 мың теңгеден басталады. Ал Түркістан, Павлодар, Астана, Қостанай мен Орал қалаларында баға 3 мың теңгеден басталып тұр.

Петропавл мен Ақтөбе қалаларында баға орташадан сәл жоғары болып тұр. Ит пен мысықты қарату бағасы 3 500 теңге. Өскеменде – 4 000 теңге. Ал Қарағанды мен Жезқазғанда төрт аяқты досыңызды қарап, диагноз қою үшін мал дәрігері 5 500 теңге сұрайды.

Ит пен мысықты кестіру бағасы Тараз қаласында арзан. Қызмет құны 4 000 теңгеден басталады. Ал Қызылорда мен Петропавлда баға 5 000 теңгеден басталып тұр. Үй жануарын кестіргеннен кейін бірнеше дәрі-дәрмек, сонымен бірге мойынға арнайы қорғаныш құралын сатып алу керек. Қызмет құны төмен кейбір емханаларда мұның бәріне қосымша ақы төлеуге тура келеді.

Шымкентте мысықты кестіру құны 6 000 теңге, Семей, Өскемен, Ақтөбе мен Астанада 7 000 теңге, ал Павлодарда 7 500 теңге. Орал мен Көкшетауда қызмет құны 8 мың теңгеден басталады. Ал үлкен емханалардағы баға 12 000 – 13 500 теңге болып тұр. Қарағанды мен Жезқазғанда мысыққа арналған бұл отаның құны 11 500 теңге болса, Алматы мен Қостанайда 12 000 теңге. Ең қымбат қызмет құны Түркістан қаласында. Кестіру қызметінің құны – 15 000 теңге.

Мысықты стерилизациялау қызметінің құны өзгелерге қарағанда қымбат. Себебі ота жасау қиынға түседі. Тараз бен Шымкент қалаларында баға 6 000 – 7 000 теңгеден басталса, кейбір емханада 15 000 теңгеге жеткен. Петропавлда баға 9 000 теңге болса, Семей мен Қызылордада 10 000 теңге. Астана мен Өскемен қалаларында орташа баға 11 500 теңге болса, Көкшетауда қызмет құны 12 000 теңгеден басталады. Павлодар, Түркістан, Орал тұрғындары мал дәрігеріне 15 000 теңге береді. Алматы мен Ақтөбе қалаларында мысықты стерилизациялау қызметінің құны 17 500 теңге болса, Қарағанды мен Жезқазғанда 19 000 теңге, Қостанайда 20 000 теңге.

Елімізде мысық пен марғауды кестіру және стерилизациялау қызметі белгілі болса, итке арналған қызмет түрі оның салмағына байланысты өзгеріп отырады. Салмағы ауыр болса, ұйықтататын дәрі де соғұрлым көп қажет болады. Еліміз бойынша Семей қаласында итті кестіру бағасы 7 000 теңге, Тараз бен Қостанайда 8 000 теңге және одан жоғары. Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларында қызмет құны 10 000 теңге, Орал, Қызылорда, Алматы қалаларында 12 000 теңге. Түркістан, Өскемен және Астана қалаларында – 15 000 теңге. Қызметтің ең қымбаты Көкшетау қаласында. Мұнда 20 000 теңгеден басталады.

Ал итті стерилизациялау бағасы төмен. Кейбір аймақта 10-12 мың теңгеге (Шымкент пен Семей) есептеп береді. Бірақ көбінде баға 20 мың теңге және одан жоғары.

Түркістан, Петропавл мен Павлодарда баға 15 000 теңге және одан жоғары. Ал Астанада 17 000 теңгеден басталады. Қостанай, Өскемен, Қызылорда мен Оралда итті стерилизациялау қызметінің құны 20 – 25 мың теңге және одан жоғары.

Мал дәрігерлері вакцина салдырып, әлсін әлі тексертіп, кеңес алуды ұсынады. Қазақстанда жалпы қан талдамасы орта есеппен 3 000 – 8 000 теңге, ал биохимия 3 000 – 20 500 теңге.

УЗД қызметінің құны 4 000 – 10 000 теңге болса, рентген 3 000 – 12 000 теңге. Кейбір емханалар жыл сайын чек-аптан өткізуге кеңес береді. Оған клиникалық және биохимиялық қан талдамасы, рентген және УЗД түсіру кіреді. Қызмет құны – 24 000 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін көзді тексертіп, көзілдірікке тапсырыс беру қызметі туралы жазылды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Наурыз 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары