Заңбұзушылықтың жолы кесілді
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Оның барысында 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада рейд жүргізілді. Акция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп келеді.
Акцияға қатысушылар ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қауіп туындауы ықтимал аумақтарды тексерді. Рейдтер барысында 150-ден астам заңбұзушылық анықталды. Оларға қатысты ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.
Акцияға қатысушылар ашық тұрған кәріз құдықтарына, арнайы жабдықталмаған шомылу орындарына, тұрғын үйлердің шатырларына шығу мүмкіндігіне және адамдарға қауіп төндіруі мүмкін басқа да нысандарға ерекше назар аударды. Жергілікті жерлердегі жұмыс осындай учаскелерді тексерумен ғана шектелген жоқ. Белсенділер тұрғындармен сөйлесіп, жадынамалар таратты. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, қауіп туындауы мүмкін нысандар анықталған жағдайда қайда жүгіну керек екенін айтты.
– Біз үшін мәселелерді жай ғана тіркеп қою емес, оларға дер кезінде назар аударылуын қамтамасыз ету маңызды. Жастар мұндай жағдайларды өздері байқап, олар туралы хабардар етіп, жауапты қызметтермен бірлесіп, мәселенің шешімін табуға ықпал ете алады, – деді «Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ержан Хамитов.
Рейдке тұрақты түрде қатысып жүрген партия жастар қанатының қоғамдық белсендісі Нияз Құрманғазы мұндай жұмыс іс жүзінде қалай жүргізілетіні туралы айтып берді.
– Рейд барысында біз тұрғындармен сөйлесіп, оларды не алаңдататынын сұрап, бірден қауіпті аумақтарға назар аударамыз. Бұл қадам ақпаратты тиісті шара қабылдай алатын жауапты тұлғаларға жедел жеткізуге мүмкіндік береді, – деді ол.
Айта кетейік, «Қауіпсіз қала» акциясы тұрақты түрде өткізіледі. Оның барысында тұрғын үй секторындағы және өрт шығу қаупі жоғары нысандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басым бағыттардың біріне айналады. Белсенділер анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты құзыретті органдарға жолдайды.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:145
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 04:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















