Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Заңсыз қазбадан заңға дейін: Археология саласы қалай реттеледі

Заңсыз қазбадан заңға дейін: Археология саласы қалай реттеледі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бақылау тапшылығы мен лицензия тәртібі

Археолог Сырым Есеннің айтуынша, салада әлі күнге дейін жүйе мен бірізді тәртіп қалыптаспаған. Ол әсіресе құрылыс жүретін аумақтардағы жағдайға тоқталды.

– Бұрын лицензияның бір-ақ түрі болатын. Сол мерзімі шектеусіз лицензияның негізінде Қазақстанның кез келген аумағында, кез келген ескерткіш түрімен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Мысалы, кен өндіру алдында археологиялық сараптама жасалып, қазуға бола ма, жоқ па сол зерттелетін. Қолында лицензиясы бар археология институтының мамандары барып, бұл жұмысты атқара алатын. Алайда лицензияны сатып алған жеке мекемелер жүйені теріс пайдаланып, «мұнда ескерткіш жоқ» деген жалған желеумен қорытынды жасап, пайда табуға тырысты. Оның астарында бұзылып кеткен қаншама ескерткіш бар, – дейді Сырым Есен.

Фото: Сырым Есеннің жеке мұрағатынан

Маманның айтуынша, олқылықтарды жою үшін археологтер арнайы ұсыныспен шыққан.

– Заң жобасына лицензияны бірнеше категорияға бөлуді ұсындық. Сараптама жүргізу, авариялық қазба, ғылыми зерттеу жұмыстары үшін жеке-жеке лицензия беру туралы ұсыныс енгіздік. Бірақ ол нұсқа қабылданған жоқ, – дейді археолог.

Бақылаудың жоқтығы саланы одан әрі күрделендіріп отыр. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қағаз жүзінде жылына 70 қазба жүргізіледі деп көрсетілгенмен, шын мәнінде ол 300-ге жетуі мүмкін. Демек, атқарылған жұмыстың төрт есе көп бөлігі тіркеусіз қалып, еш жерде көрсетілмейді. Ал заңнамадағы түзетулер осы мәселені шешуді мақсат етеді.

– Енді археологиялық жұмыстар екі бағытқа бөлінеді. Біріншісі – жоспарлы қазбалар, яғни ғылыми мақсаттағы зерттеу. Екіншісі – превентивті қазбалар, бұл – құрылыс алдында немесе шұғыл жағдайда жүргізілетін археологиялық жұмыстар. Аталған тәсіл инфрақұрылым жобаларын тоқтатпайды, археологтардың жұмысын заңдастырады және мәдени мұрамызды уақытында сақтап қалуға мүмкіндік береді, – деді депутат.

Фото: Асхат Аймағамбетовтің жеке мұрағатынан

Қазіргі таңда археологияда бір рет лицензия алған ұйым өмір бойы жұмыс істей береді және оның кадрлық әлеуеті немесе тәжірибесі тексерілмейді. Бұдан былай жүйе түбегейлі өзгермек. Депутаттың айтуынша, жаңа, әділ лицензиялау жүйесі енгізіледі.

– Енді археологияға бөлек, реставрацияға бөлек лицензия беріледі. Мерзімі бес жылды құрайды. «Бір рет алдым, болды» деген әңгіме жоқ, – деді депутат.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының Мониторинг және қорғау археологиясы тобының жетекшісі Ерлан Әміровтің айтуынша, бұрын лицензия шексіз уақытқа берілетіндіктен, мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі де ескерілмеген.

– Заңның жаңа редакциясы қуантты. Мұнда нақты біліктілік талаптары енгізілетіні айтылған. Егер біреу заңды бұзса, лицензиясы алты айға дейін тоқтатылады немесе мүлде қайтарып алынады. Бұл заңсыздықты азайтады, – дейді Ерлан Әміров.

Цифрландыру деректер хаосын реттей ме?

Археолог Сырым Есеннің айтуынша, қазба жұмыстарын есепке алу және артефактілерді тіркеу жүйесі де толық емес. Нәтижесінде бір ескерткіш бірнеше рет зерттелсе, басқалары назардан тыс қирап жатыр.

– Осы мәселелерді ескеріп, цифрландыруды енгізу қажеттігін 2019 жылы ұсындық. Бұл есептілік мәселесін шешуге бағытталған.  Қазір елімізде 110-120 лицензиясы бар мекеме бар, олардың шамамен 60 пайызы ғана жұмыс істеуі мүмкін. Солардың қандай нәтижеге жеткені, қандай материалдарды тауып, оны қайда қойғаны белгісіз. Алдағы уақытта бұл ақпарат бір арнаға тоғысады деп үміттенеміз, – дейді археолог.

Асхат Аймағамбетов бейберекет әрекеттің жақында тоқтайтынын жеткізді.

– Археологиялық жұмыстардың бірыңғай цифрлық жүйесін құрамыз. Онда есептер, ескерткіштердің паспорттары мен археологтердің тізімі түгел көрсетіледі, – деді депутат.

Коллаж: Kazinform

Ол сондай-ақ археология саласында ғылыми бақылау мен үйлестірудің жоқтығын жасырмады.

– Енді жағдай өзгереді. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының базасында Ұлттық археологиялық қызмет құрылады. Жаңа қызмет қазба жұмыстарын бақылайды, материалдарға ғылыми сараптама жасайды, бірыңғай ақпараттық жүйені жүргізеді, археологтарға әдістемелік қолдау көрсетеді, қандай кезеңдерде және қандай ескерткіштер зерттелуі керек екенін анықтап, нақты ғылыми басымдықтарды белгілейді. Жүйе археология саласын тәртіпке келтіруі тиіс, – дейді депутат.

«Қара археологтер» мен заңсыз қазба мәселесі

Сала маманының сөзінше, «қара археологтармен» проблема да ушығып тұр.

– Алматы маңында алтын іздеушілер көбейді. Бұл мәселе әлеуметтік желіде де көрініс тауып жатыр. Жерді қазып, қопарып тастайды, алтын іздейміз деп обаларды бұзады. Оларды тыңғылықты бақылау керек, – дейді Сырым Есен.

Археолог заңсыз қазба жасайтындармен бетпе-бет келгенін де айтты.

– Қазып жүрген жерінен бейтаныс адамдарды ұстап, полицияға апарған кезде де ештеңе істей алмайсың. Көз алдымызда оларға тек 60 мың теңге айыппұл салынған еді. Ашынасың, – дейді ол.

Бұған дейін Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова Үкімет археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгендерге жазаны күшейтуге неге қарсы шыққанын түсіндірген еді. Вице-министр заңнамаға өзгеріс енгізу кезінде статистикалық деректер негізге алынғанын айтты.

– Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту бойынша депутаттардың ұсынысы Үкімет қорытындысымен қолдау таппады. Себебі Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша 2022 жылы ғана 2 құқық бұзушылық тіркелген. Сондықтан қолданыстағы қылмыстық санкцияларды күшейту қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды. Сонымен бірге, ең алдымен құқық бұзушылықтарды ашу және алдын алу шараларын қабылдау қажет деп санаймыз, – деді ол.

Асхат Аймағамбетов те қара нарыққа қатысты пікір білдірді. Депутаттың ойынша, қазіргі уақытта тек ежелгі қалашықтар мен ескерткіштер ғана емес, сол жерлерден табылған құнды артефактілерді де қолдан жоғалтып жатырмыз.

– Тарихи заттар шетелге кетіп, қара нарықта сатылып кетеді. Көп жағдайда оларды металл іздегіш құрылғылар арқылы тауып алады. Кей адамдар мұны жай хобби деп ойлайды, бірақ шын мәнінде бұл – елдің тарихын ұрлау. Сол үшін жаңа заң жобасында металл іздегіштерді және басқа да арнаулы құрылғыларды лицензиясыз қолдануға тікелей тыйым салу ұсынылды, – дейді депутат.

Сонымен қатар қоғамның да бұл шараларға қатысуы маңызды. Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы, философия докторы Архад Молдахметтің пікірінше, археологиялық мұраны сақтау тек мемлекетке жүктелген міндет емес, бұл – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Фото: Архад Молдахметтің жеке мұрағатынан

– Жергілікті қауымдастықтарды тарту, ескерткіштердің маңызын түсіндіру, жастарды мәдени мұраны қорғауға ынталандыру – ұзақ мерзімді нәтижеге жеткізетін маңызды қадамдар. Егер бұл мәселелер кешенді түрде шешілсе, біз тарихи ескерткіштерімізді сақтап қана қоймай, оларды ғылыми зерттеу мен мәдени туризмнің дамуына қызмет ететін құндылыққа айналдыра аламыз, – дейді ол.

Қалай десек те, жаңа заң жобасы археологиялық қазбадан кейін объектіні сақтау, айналасын қалпына келтіру және материалдарды орталықтандырылған түрде сақтау арқылы саланы жүйелеуге бағытталған. Мемлекеттік қор мен Ұлттық депозитарийді құру тарихи мұраны қорғауды күшейтіп, ғылыми зерттеу мен бақылаудың тиімділігін арттырады. Бұл өз кезегінде заңсыз қазба мен «қара археологтерден» келетін қауіпті азайтады деген сенім мол.

Айта кетсек, әлемдік археология саласындағы беделді басылым «Archaeology» 2025 жылдың ең маңызды 10 жаңалығын атады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:228
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 04:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары