Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?

Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Энергетикалық тәуелсіздік пен экологиялық қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінде. Осы орайда Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Дархан Әлиакпаровпен радиациялық фобияның табиғаты, ядролық нысанның сенімділігі мен күнделікті өмірдегі сәулелену деңгейі туралы әңгімелестік. 

– Дархан Жұматайұлы әңгімені халық арасындағы үрейден бастасақ. Радиофобия деген не әрі оның әлеуметтік салдары қандай? Бұл құбылыстың тамыры неліктен соншалықты терең?

– Радиофобия – радиация мен ядролық технологияларға қатысты туындайтын, нақты қауіппен мүлде сәйкес келмейтін шамадан тыс қорқыныш. Біздің елде бұл жәй ғана ғылыми мәселе емес, тарихи астары бар күрделі құбылысқа айналды. Көпжылдық ядролық сынақтар халық санасында өшпес із қалдырып, кез келген ұқсас жобаға сезікпен қарауды қалыптастырды. Бұған қоса, Чернобыль мен Фукусимадағы оқиғалар туралы ақпараттар үрейді үдете түсті.

Алайда қазіргі зерттеулер радиациядан сескену көбіне негізсіз екенін көрсетіп отыр. Мәселен, Алматы іргесіндегі Алатау кентіндегі зерттеу реакторы елу жылдан астам уақыт бойы ешбір кедергісіз жұмыс істеп тұр. Ондағы радиациялық деңгей тіпті мегаполистің орташа көрсеткішінен төмен. Сондықтан кез келген мәселеде эмоцияға емес, ғылыми дерек пен ашық мәліметке сүйену маңызды.

Еліміздегі екінші АЭС Алматы облысында салынады

– АЭС-ке қатысты ел арасында жаңсақ пікір қалыптасқан. Осы бағыттағы негізгі фактілерді тізіп, нақты жауап бересіз бе?

– Расында бейбіт атом төңірегінде алыпқашпа әңгіме аз емес. Ең әуелі станса маңында тұру денсаулыққа қатер деген түсінік ғылыми дерекке сүйенбейді. Қалыпты жұмыс істеп тұрған АЭС айналасындағы қосымша сәулелену мөлшері жылына 0,01 миллизиверттен аспайды. Бұл – адамның табиғи ортадан бір жылда алатын 2-3 миллизиверт табиғи радиациялық фонының жанында өте төмен көрсеткіш. Яғни табиғи радиация қоршаған ортада онсыз да бар, ал станса оның деңгейін мүлде арттырмайды.

Қазіргі реакторлар «көпдеңгейлі қорғаныс» қағидатына негізделіп жасалады. Отын таблеткасынан бастап, цирконий қабық, реактор корпусы, қорғаныш контайнменті – бәрі бірін-бірі сақтандыратын бірнеше тосқауылдан тұрады. Апатты жағдай туындаса, реакция автоматты түрде тоқтайды. Мұндай ауыр апаттың болу ықтималдығы өте төмен. Қазіргі есептеулерге сүйенсек, бір реакторда мұндай жағдайдың орын алу мүмкіндігі шамамен 10 миллион жылда бір рет кездеседі.

Зиянды шығарындылар жөнінде айтсақ, көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС бір жылда ондаған млн тонна көмір жағады. Мәселен, елімізде жыл сайын шамамен 100 млн тоннаға жуық көмір тұтынылады. Нәтижесінде 200 млн тоннадан астам көмірқышқыл газы атмосфераға тарайды, бұған қоса жүздеген мың тонна күл мен шлак жиналады. Күл үйінділерінің көлемі жыл сайын 15-20 млн тоннаға дейін жетеді. Оның құрамында ауыр металдар бар, желмен таралып, тыныс жолдарына зиян келтіреді.

Ал қуаты 1000 мегаватт болатын бір АЭС жылына небәрі 20-25 тонна отынын пайдаланады. Одан шыққан пайдаланылған ядролық отын көлемі де сол 20-25 тонна болады. Бұл – бір жылда жағылған көмір көлемінен мыңдаған есе аз. Пайдаланылған отын ашық ауаға тасталмайды, арнайы бассейнде салқындатылып, құрғақ контейнерде сақталады немесе қайта өңдеуге жіберіледі.

Атом стансасы көмірқышқыл газын шығармайды. Бір 1000 мегаваттық блок бір жылда 6-8 млн тонна көмірқышқыл газының атмосфераға таралуын тлқтатады. Бұл – жүздеген мың автокөлік шығарындыларына тең көлем.

Қызметкер қауіпсіздігі халықаралық талаптарға сай бақыланады. Әр маманның жеке дозиметрі болады, жылдық рұқсат етілген шек қатаң қадағаланады. Станса сейсмикалық белсенді аймақта да 8-9 балдық жер сілкінісіне есептеліп салынады. Су пайдалану жүйесі жабық циклмен жұмыс істейді, радиоактивті заттар сыртқа шығарылмайды.

– Елде радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі? Бұл бағытта қандай заңдық талап пен өлшемдер бар?

– Республика заңнамасында сәулеленуді шектеу бойынша қатаң шеңбер белгіленген. Салада жұмыс істейтін маман мен қарапайым халыққа жеке-жеке норма бар. Маманға 5 жыл ішіндегі орташа мөлшер жылына 20 миллизиверттен, ал жалпы жұртқа бір миллизиверттен аспауы тиіс. Бұл өлшемдер АЭХА секілді беделді ұйымдардың зерттеуіне негізделген. Радиация деңгейін өлшеуге тек сертификатталған арнайы құралдар қолданылады. Барлық деректер тиісті мекемелер тарапынан тәулік бойы жіті бақыланады.

Президент: АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек

– Радиация тек өндірістік нысандарда ғана емес, күнделікті тіршілікте де кездеседі деген рас па?  

– Радиация – біз үйренген ортаның ажырамас бөлігі. Бірінші, ғарыштан келетін сәулелер бар. Таулы аймақтарда немесе ұшақпен сапарлағанда оның деңгейі сәл жоғарылайды. Екінші, жер қыртысындағы топырақ, гранит, кірпіш секілді материалдарда табиғи элементтер кездеседі. Үшінші, жертөлелерде жиналатын радон газы бар. Тіпті адам ағзасының өзінде табиғи изотоптар болады.

Бұл жердегі басты ұғым – мөлшер мен уақыт. Радиациялық қауіпсіздіктің қарапайым ережелері бар: уақытты үнемдеу, қашықтықты сақтау мен қорғаныс кедергілерін қолдану. Осы шарттар орындалғанда радиация адам өміріне ешбір нұқсан келтірмейді.

– Ақпараттық дағдарыста қоғам не істеуі керек? Жалған ақпарат пен қауесетке қалай тосқауыл қоямыз?

– Мұндай жағдайда сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздері мен нақты ғылыми дәйекке сүйену қажет. Эмоцияға емес, фактіге негізделген шешім қабылдау маңызды. Мамандардың пікірінше, радиофобия – ақпараттың жеткіліксіздігінен туатын үрей. Сондықтан ғылыми сауаттылықты арттыру, ашық диалог жүргізу мен халыққа шынайы деректерді уақтылы жеткізу ғана бұл мәселені шешеді. Адам бойында үстемдік алған үрейді ғылыми дәлел мен дәйек қана сейілте алады.

Атом энергиясы тек қуат көзі ғана емес, ол – медицинадағы ауруларды емдеу, ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру мен ғылымдағы тың жаңалықтардың негізі. Бейбіт атомды игілікке жарату – заман талабы. Ал оның қауіпсіздігіне заманауи технологиялар мен қатаң мемлекеттік бақылау толық кепілдік береді.

Сұхбаттасқан Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі

Аймақтар • Бүгін, 11:52

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Ата заң • Бүгін, 11:49

Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді

Үкімет • Бүгін, 11:47

Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?

Сұхбат • Бүгін, 11:40

Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады

Аймақтар • Бүгін, 11:34

Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады

Қоғам • Бүгін, 11:12

Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты

Аймақтар • Бүгін, 11:05

Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты

Оқиға • Бүгін, 11:00

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді

Теннис • Бүгін, 10:50

Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?

Шаруашылық • Бүгін, 10:49

АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?

Әлем • Бүгін, 10:33

152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Жемқорлық • Бүгін, 10:28

Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды

Әлем • Бүгін, 10:10

Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады

Оқиға • Бүгін, 10:03

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see137

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see132

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see115

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see113

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see110

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары